Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2726 0 пікір 7 Қыркүйек, 2009 сағат 07:19

Шығыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен Сенное ауылына апаратын жол жөнделе бастады

Өскемен. 7 тамыз. ҚазТАГ – ШҚО-ның Қатон-Қарағай ауданында көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен тайга маңындағы Сенное ауылына апаратын жолды жөндеу жұмыстары басталды.

Биылғы жылы сәуір айында Шығыс Қазақстанда Бұқтырма өзенінде мұздың кептеліп қалуы салдарынан Қатон-Қарағай ауданының шалғайда орналасқан Сенное ауылы су астында қалған болатын. 17 аула зардап шегіп, екі үй қирауға ұшырады, көрші орналасқан төрт елді мекен апатты түрде электрмен қамту жүйесінен ажыратылды. Залал 7 млн теңгеден асып түсті.

ТЖМ басшысы Владимир Божко мен ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев оқиға орнында болған соң министрліктің желісі бойынша ауыл тұрғындарына өтемақы төлеуге және Сенное ауылының инфрақұрылымын қалпына келтіруге қаржы бөлінді. Осы ақшаға ауылда осыдан он жыл бұрын жабылған жаңа фельдшерлік-акушерлік қосын салынды. Сонымен қатар, ауылдық округтың орталығынан ауылға апаратын 18 шақырымды жолды жөндеу басталды.

«Жол жиырма жыл бойы жөнделмеген. Су тасқыны кезінде құтқарушылар ол жолмен Сенное ауылына дейін әрең жетті», - дейді аудандық әкімдіктегілер.

Жөндеу құны – 53 млн теңге. Құрылысшылар өту қиынға соғатын бөліктеріне тас пен ұсақ қиыршық тас себеді. Жұмысты жауын-шашын маусымы басталатын қазан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1457
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1307
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1061
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1110