Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3255 0 пікір 4 Шілде, 2013 сағат 12:56

«Көшпенділер» жазы көңілді

Шемонайха ауданындағы «Көшпенділер» деген атау алған балаларды сауықтыру лагерінде негізінен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балалары, жетімдер мен қамқорлыққа алынған балалар демалады.

17 маусымнан 10 тамызға дейін жұмыс істейтін киіз үй лагерінде аудандағы барлық 11 округтің балалары алты  күннен демалып отырмақ. Жалпы лагерьде барлық шаралар жазғы академия шеңберінде өткізілетіндіктен, онда ауданның спортшы балалары да тынығатын болады. Және облыстық «Сәулетай» ойындарына қатысушы оқушылардың да одан оралған соң демалатын жері – осы лагерь.

- Бұл киіз лагері еліміз бойынша алғашқы болып біздің ауданда дүниеге келгенін өздеріңіз білесіздер. Биыл лагерь сегіз мәрте оқушыларды қабылдайтын болады. Әр маусымда 70 баладан демалып, жаз бойы ауданның әр мектептерінде білім алып жатқан 560 оқушы жаз жайнатып, күн күлдіріп, тынығып қайтатын болады, - дейді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Галина Райымбекова. – Мына киіз үйлердің сырт тұсында спорт алаңы жұмыс істемек. Ондағы барлық жабдықтарды «Камышинка» шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Акулов алып беріп отыр.

Өзінің аты айтып тұрғандай, бұл лагерь жыл сайын орнын ауыстырып отырады. Мәселен, биыл ол Волчанка ауылдық округінің табиғаты тамылжыған аумағынан орын теуіпті.

- Биыл демалушы балаларды мен екі көмекшіммен бірлесіп, тамақтандыратын боламын. Осы округке қарасты Киров орта мектебінің асханасын жалға алғанмын. Тағамды сол жерде әзірлеп, күніне төрт рет әкеліп тұрамын. Ас мәзірінің әр алуан болуын қадағалаймын. Өйткені, таза ауада демалған баланы ерекше нәрлі тамақтандыру керек қой, - дейді аспаз Галина Сапақова.

Биыл лагерьге келушілерді тамақтандыруға бағытталған қаражат та өскен екен. Сонымен бірге аудан басшылығы үстіміздегі жылы өткен жылдағыдай он емес, 11 кезең жасауға ниеттеніп отырған көрінеді. Жалпы лагерьде демалғаны үшін балалардың ата-аналары ешқандай ақша төлемейді, олар тарапынан бәрі де тегін, барлығын аудандық бюджет пен шаруа қожалықтары көтеріп алып отыр.

Біз Галина Райымбековадан осынау сауықтыру-демалыс лагерінде әр балаға қанша мөлшерде бал берілетінін нақтылай сұрағанбыз.

- Бізде балмен қамтамасыз етуде проблема жоқ. Бұл жерді былай қойғанда, аудан көлеміндегі барлық мектептер толығымен балмен қамтылған. Биылғы жылдан бастап, бал балаларға ыңғайлы болу үшін арнайы құйылған құтыларда, ал сүт (пакетте) күніне 150 грамнан ұсынылады. Ол сүтпен нақты келісімшарт жасасқан «Восток-Молоко» және «Эмиль» фирмалары қамтамасыз етеді, - деді ол. – Тағы бір айтпай кетуге болмайтын нәрсе, биыл осындағы киіз үйдің біреуі мүмкіндігі шектеулі балаларға (жалпы аудан бойынша 110 мүмкіндігі шектеулі бала бар, олардың 54-і мектепке барып оқиды) арналып отыр. Олар бұл жерде қонбайды, тек күндіз ғана болып, басқа балалармен ойнап, түрлі шараларға қатысып, кешке қарай үйлеріне қайтады.

Біз іссапарда болған кезде алыстан менмұндалаған ақ шаңқан үйлердің маңы көкорай шалғынға оранып тұрған-ды. Ал қазір ол жерді үшінші кезеңде демалуға келген 80-ге тарта баланың жайдары күлкілері жаңғыртып жатқаны сөзсіз.

Abai.kz

0 пікір