Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2837 0 пікір 5 Маусым, 2013 сағат 12:23

Өскеменде тегін Wi-Fi интернет жүйесі жұмыс істейді

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ бастамасымен Өскеменде Wi-Fi арқылы интернетке тегін шығуға болатын орындар ашылды.

Ендігі жерде мұндай еркін ғаламтор қызметін қаланың Жастар және Жамбыл атындағы саябақта, Республика алаңында, сондай-ақ, Металлургтердің мәдениет сарайы мен Борис Александров атындағы Спорт сарайының маңында «ұстап», еркін пайдалануға болады.

Астана күніне орайластырылып, кезекті Арбат-фестивальдің «Инновациялар күні» шеңберінде ресми түрде ашылған Wi-Fi аймағы қызметін облыстық жастар саясаты жөніндегі басқармасы мен облыстық жастар орталығы ұйымдастырып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір