Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2860 0 пікір 5 Шілде, 2013 сағат 12:01

ШҚО: Полицияға қамқорлық – тыныштық кепілі

Кеше облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Өскемендегі орталық алаңда өңірдің бірқатар құқық қорғау қызметкерлеріне су жаңа автокөліктер мен қызметтік пәтерлердің кілтін тапсырды.

Облыс әкімдігі оларға су жаңа автомобильдермен қатар, осы салада табанды еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге 5 қызметтік пәтердің кілтін табыстады.

Жыл басынан бері облысымыздағы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қажырлы еңбектерінің арқасында бес мыңнан астам қылмыстың беті ашылған. Оның 500-і ауыр қылмыс болса, 100-ден астамы аса ауыр қылмыстар қатарына жатқызылған.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ  полиция қызметкерлерінің еңбектеріне алғыс айта келе, олар атқарып жатқан іс қауіп пен қатерге толы, алайда абыройлы жұмыс  екендігін ерекше атап өтті.

- Сіздер күн мен түнге қарамай елдің тыныштығын күзетіп жүресіздер. Қылмысы аз қоғам, тұрғындардың тыныш ұйқысы - полиция қызметкерлерінің ерен еңбегімен тікелей байланысты.   Облыс басшылығы ішкі істер департаментіне бөлінетін қаржыны жылдан-жылға ұлғайтып келеді. Тек қана былтырдың өзінде осы салаға 11 млрд теңге шамасында қаржы бөлінді. Сонымен қатар 240 жаңа автокөлік тапсырылды. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып, ішкі істер саласы жыл сайын жаңа техникамен жабдықталып жатыр. Сіздер жақсы жұмыс істеу үшін қызметкерлерге лайықты жағдай жасалуы керек. Біз бұл ретте қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз. Бүгін тапсырған 5 қызметтік пәтер, әрине, аз, бірақ алдағы уақытта бұл көрсеткіш көбейе түсетініне сенімім мол, - деді аймақ басшысы. Облыс Әкімі шелектеп құйған нөсерге қарамай, орталық алаңда сап түзеген полиция қызметкерлеріне автокөліктер мен пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыстады.

Бұл жолы құқық қорғау қызметкерлеріне 60 көліктің кілті табыс етілді. Нива, ВАЗ-2114, УАХ Хантер, Уаз таблетка, Шкода, ГАЗ  автомобильдері алдағы уақытта аудандар мен қалаларға қызмет ететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, облысымыздағы полиция жасақтары бүгінгі таңда соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталу үстінде. Тек қана автомобильдер емес, жыл басынан бері облыс орталығының көшелеріне 92  жаңа бейнебақылау камералары орнатылған. Өскемен көшелеріндегі  бақылау камераларының көмегімен   90-нан астам қылмыстың ізі суымастан ашылған.

Abai.kz

0 пікір