Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2696 0 пікір 11 Шілде, 2013 сағат 15:37

Үстіне ағаш құлап мерт болды

Глубокое ауданында «ИЖ» мотоциклімен кетіп бара жатқан 57 жастағы ер адамның үстіне кесілген ағаш құлап, мерт болды. Жолдың бойындағы ағашты аралау кезінде 36 жастағы Ш. есімді азамат елді мекен ішіндегі ағаштарды кесудің қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Соның салдарынан кесілген ағаш сол сәтте жолмен өтіп бара жатқан мотоцикл жүргізушісінің үстіне құлаған. Ол ауыр дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Абай-ақпарат

0 пікір