Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2668 0 пікір 4 Шілде, 2013 сағат 08:58

Қоғамдық тәртіпті қадағалау тізе қосып жұмыс істеуді қажет етеді

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен сыбайлас жемқорлықпен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық кеңесі (облыстық) өтті.

Мемлекеттік және құқық қорғау орындарының шағын және орта бизнес нысандарының жұмысына орынсыз араласпау талаптарының сақталуы хақында облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Бижанов ақпарат берді.

2013 жылдың осы кезеңіне дейін облыстық прокуратура тарапынан кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында 45 тексеру жүргізіліп, 700 заңбұзушылық анықталған. 58 жауапты тұлға жазаға тартылып, бір қылмыстық іс қозғалған.

Тексерулер барысында бірінші жартыжылдықтың жоспарына 608 нысанды тексеру негізсіз енгізілгені белгілі болып, жауапты алты адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Мұндай заңсыздықтар Өскемен, Семей Курчатов қалалары мен Аягөз, Зайсан, Бородулиха аудандарында тіркелген.

Прокурордың рұқсатынсыз, өз бетімен тексеруге шығушылар әлі де болса тыйылмай келе жатқан сыңайлы. Қаржы полициясының жедел және іздестіру қызметкерлері тарапынан 96 нысаннан прокурор санкциясынсыз ақпарат талап еткен 29 оқиға анықталған.

21 жасқа толмағандарға алкогольдік өнім сатушыларды анықтау барысында тексеру тағайындау туралы тиісті акт жасамастан әрекет ету оқиғалары да бар. Бүгінгі дейін 177 заңсыздық тіркеліп, тиісінше шара қолданылуда.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен сыбайлас жемқорлықпен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық кеңесі (облыстық) өтті.

Мемлекеттік және құқық қорғау орындарының шағын және орта бизнес нысандарының жұмысына орынсыз араласпау талаптарының сақталуы хақында облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Бижанов ақпарат берді.

2013 жылдың осы кезеңіне дейін облыстық прокуратура тарапынан кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында 45 тексеру жүргізіліп, 700 заңбұзушылық анықталған. 58 жауапты тұлға жазаға тартылып, бір қылмыстық іс қозғалған.

Тексерулер барысында бірінші жартыжылдықтың жоспарына 608 нысанды тексеру негізсіз енгізілгені белгілі болып, жауапты алты адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Мұндай заңсыздықтар Өскемен, Семей Курчатов қалалары мен Аягөз, Зайсан, Бородулиха аудандарында тіркелген.

Прокурордың рұқсатынсыз, өз бетімен тексеруге шығушылар әлі де болса тыйылмай келе жатқан сыңайлы. Қаржы полициясының жедел және іздестіру қызметкерлері тарапынан 96 нысаннан прокурор санкциясынсыз ақпарат талап еткен 29 оқиға анықталған.

21 жасқа толмағандарға алкогольдік өнім сатушыларды анықтау барысында тексеру тағайындау туралы тиісті акт жасамастан әрекет ету оқиғалары да бар. Бүгінгі дейін 177 заңсыздық тіркеліп, тиісінше шара қолданылуда.

Қаржы полициясы қызметкерлерінің заңды кәсіп иелерінің жұмысына кедергі келтіріп, пара талап ету оқиғалары биыл да байқалып отыр. Осы мазмұнда тоғыз бірдей қылмыстық іс қозғалып, сегіз лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылыпты. Олардың арасында қаржы полициясы қызметкерлерінен бөлек ауылдық округ әкімі, ветеринарлық инспектор, аудандық жер бөлімінің бастығы сынды түрлі сала өкілдері бар.

Осындай заңсыздықтарға тыйым болуы үшін облыстың бизнес-қауымдастықтарымен бірге әрекет ету мақсатында қоғамдық кеңестер мен жедел топтар құрылған. Прокуратураның сенім телефонына заңсыз тексеріс жөнінде хабарлаушылардың бар болуы тексеруші органдардың кейбір қызметкерлері әлі де аяқтарын жия қоймағанын көрсетсе керек.

- Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ шағын және орта бизнестің дамуына айрықша көңіл бөліп отыр. Осы саланың алға басуы үшін біздің аймақта аз шаруа атқарып жатқан жоқ. Осыған қарамастан бұл тарапта түйткілді мәселелер де бар,- деді облыс Әкімі.

Облыстық шағын және орта бизнес жұмысшыларының аймақтық кәсіподақ төрайымы Галина Казанцева болса жоспарсыз тексерулердің титтей де азаймағанын алға тартты. Тіпті, ол мұндай заңсыз тексерулер жергілікті атқарушы билік пен жекелеген адамдардың нұсқауымен жүргізілетін кездері жиі екенін мәлімдеді. Сондай-ақ өте шағын бизнес нысандарының мүшкіл халіне аяныш білдірді.

-          Аяқтан тұрып, жағдайын түзеп алған кәсіпкерлер өз-өзін

қорғауға біршама қабілетті болса, шағын нысандар үшін мұның өзі үлкен мәселе. Мұны қадағалаушы органдардың қызметкерлері де жақсы біледі. Сол себепті шағын бизнес нысандары көп зардап шегуде, - дейді Галина Казанцева. Ол әділет департаментінің интеллектуалдық меншікті қорғау ісінде сылбыр қимылдап отырғанын баяндай келе, «Юбилейный» кинотеатрының төңірегінде туған дауды мысалға алды. Оның айтуынша, жергілікті әділет департаменті Өскемендегі ең көне кинотеатрдың мүдделерін тиісінше қорғай алмаған.

Облыс басшысы қадағалау органдарына мұндай даулы мәселелерде облыстың мүддесін ескере әрекет ету керек деген ой айтты. Алайда кез келген әрекет заң аясында болуы шарт екенін де ескертті. Ал аудан және қала әкімдеріне кәсіпкерлерге жер телімін беру және мемлекеттік сатып алу шараларында аса сақ болуды тапсырды. Жер телімін үлестіру мәселесінде, әсіресе, Өскемен, Семей қалалары мен Бородулиха, Глубокое аудандарында тәртіпсіздіктер орын алған. Ал мемлекеттік сатып алу мәселесінде жыл сайын бір кемшіліктің қайталануы басшылардың салғырттығынан екенін ескерткен облыс Әкімі бір рет жіберген қателіктен қорытынды шығару қажеттігін қадап айтты. Сондай-ақ, көрнекі ақпараттардың, соның ішінде, сауда-саттық жарнамаларының мазмұнына мән беріп, тәртіпке келтіру де әкімнің бір міндеті екенін жеткізді

Қоғамдық тәртіпті сақтау және заң бұзушылықтардың алдын алу ісіне халықты қатыстыру жолдарын жетілдіру жөнінде облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Рашид Жақыпов баяндады.

Бүгінде облыс бойынша 565 ерікті құрылымдар қоғамдық тәртіптің тұрақтылығына атсалысып отырған көрінеді. Бұл іске жалпы жиыны үш мыңнан астам адам тартылған. Заң бұзушылықтардың себебін анықтап, оны ашуға көмектескен белсенділерін қаржылай марапаттау үшін биылға алты млн. теңге бөлінген. Бұл қаржының 2134 мың теңгесі игерілген.

            Қоғамдық тәртіпті қадағалау ісіне ерікті топтарды тартып, олардың жұмысын қаржыландыруға ірі кәсіпорындарды тарту өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл тұрғыда «Қазцинк» өзгелерге үлгі боларлықтай әрекеттерге баруда. Глубокое ауданының Белоусовка кентінде ерікті топ құру жөнінде жасалған ұсыныс «Қазақмыс» ЖШС тарапынан қолдау таппай отырса керек. Еріктілерді жұмысқа тарту ісі Семей қаласында ақсап тұрғаны да айтылды. Ерікті жасақтарды қаржыландыру ісін жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары арқылы ұйымдастыру ісі де тежелуде. Бұдан кейін мал ұрлығының жайына ауысқан Рашид Жақыпов осы ерікті жасақтардың арқасында мал ұрлығының жыл сайын азая түскенін жеткізді. 2011 жылы мал ұрлығы 33 пайызға төмендесе, биылдың бес айында-ақ 22 пайызға қысқарған. Бұл істе Ұлан, Көкпекті, Жарма сынды бірқатар аудандар сылбырлық танытуда. Қазір бұл ретте көш соңында қалып отырған Көкпекті ауданы осы бастаманы облысқа ұсынған кезде аудан бойынша бір жылда жеті ұрлық қана тіркелгенін, қазір жағдай кереғар кейіпке түскенін айтады ішкі істер департаментінің басшысы.

            Халықтың ауылдарда мал кезегін ұйымдастыруға құлықсыздық танытуы да баукеспелердің батылдануына түрткі болып отырған көрінеді. Қараусыз қалып, қолды болған мал табылғанымен оны іздеуге кететін шығын өтелмейтінін ешкім ескере бермейді. Мәселен, осыған дейін өрістен жоғалған 680 бас малды іздеуге 10 млн. теңгеге жуық қаражат шығындалған.

            Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тұрғындардың өздерін тарту мақсатында Өскемен қаласында жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының жанынан құрылған кеңестер бір жылдың ішінде тиімді екенін көрсетіп отыр. Бұл кеңеске тұрғындардан бөлек учаскелік инспекторлар, жергілікті депутаттар, кәсіпкерлер да тартылған. Осы кеңестердің белсенді әрекет етуінің арқасында 18 адам арнайы түзету мекемесіне жөнелтіліп, бес адам жұмысқа орналастырылған. Осы тәжірибені жетілдіре түсіп, басқа аудан, қалаларға тарату қажет. Әр елді мекен өз ішіндегі тәртіпті реттеуге баулу үшін, ауылдарда берекелі тірлік қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз ауыл» атты облыстық байқау өткізу жоспарлануда.

            Аймақ басшысы қоғамдық тәртіптің сақталуына жеке азаматтар да, билік өкілдері де, құқық қорғау орындары да, қоғамдық ұйымдар да мүдделілік танытып, бірлесе әрекет еткенде ғана заңбұзушылық азаятынын ескерте келе, Тарбағатай, Көкпекті, Абай аудандарының жұмысын сынға алды. Ал мал ұрлығы былтырғы кезеңмен салыстырғанда Семей қаласында - 30, Аягөзде - 38, Тарбағатайда 44 пайызға өскен.

            -Әрқайсымыз жұмысқа қорықпай барып-келіп, тыныш ұйықтау үшін қоғамдық тәртіп қажет. Сондықтан қоғамдық тәртіпті қадағалау ісін жалғыз құқық қорғау орындарына артып қою дұрыс емес. Өткен жылдары осы іске жұртшылықты тарту тұрғысында жаңа бастамалар көтеріліп, жақсы жұмыстар жасалған. Биыл сол қозғалыс саябырсып қалды. Ерікті топтар мен жасақтарды құрып, оны қағазға тіркеумен шектелуге болмайды. Бұл кеңестер, жасақтар іс жүзінде жұмыс істеу қажет, - деген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ ауылды жерлердегі ақсақалдар кеңесін осы іске тарту керектігін баса айтты. Өзін-өзі басқару ұйымдары мен әкімдіктер жанынан қоғамдық кеңес құру, «Қауіпсіз ауыл» байқауын ұйымдастыру ұсыныстарына қолдау білдірген аймақ басшысы жастар ұйымдарын, «Жас ұлан» жасақтары мен «Жас Отан» жастар қанатының аталмыш бағыттағы жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Abai.kz

0 пікір