Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2850 0 пікір 12 Шілде, 2013 сағат 07:57

Нариман Мәжитұлы. «Қашағанда» қазақтың рухы жатыр

Маған солай көрінеді. Күллі әлем көз тігіп, Қазақ елі үмітін үкілеп отырған ірі мұнай-газ қоры әлемнің мүддесі тоғысқан ерекше мекен.

         Бүгінде АҚШ, Франция, Италия, Голландия сияқты әлем алпауыттарының компаниялары бірлесе дайындап жатқан жобаға 46 млрд. доллар қаржы салыныпты. Аталған мұнай қорынан жылына 75 млн. тонна мұнай өндіріп, толық қуатына шыққанда Қазақ елі әлемнің мұнай өндіруші үздік 5 мемлекетінің қатарына енбекші. Пайдасын Қазақстанның әрбір азаматы көрсе бұл дегеніңіз – жарқын болашақ.

         2000 жылы ашылған «Қашаған» кен орнының атауы тарихи тұлға – жырау Қашаған Күржіманұлының құрметіне қойылған. Бүгінде «Қашаған» ұғымы үлкен байлықты, дәулетті білдірсе меніңше ол қазақтың рухын да білдіретін сияқты. Яғни «малым жаным садағасы, жаным арым садағасы» дейтін өте жоғары принципті ұстанған қазақтың бабасы осы мол байлыққа бөгіп жатқан жерді найзаның ұшы, білектің күші, ақылдың мысымен ұрпағына жайдан жай қорғап, қан төгіп алып қалмаған шығар. Жан беру оңай ма, әр қазақтың бабасы айқастағы соңғы демі таусылып бара жатқанда артта қалып бара жатқан ұлым құл, қызым күң болсын демеген шығар.  Меніңше бүгінде «Қашаған» тек экономикалық, геосаяси ғана емес ол сакральдік қасиетке ие ұғым.  

Бүгінгі күні мемлекеттің алаңсыз болашағы сол «Қашаған» мұнайын жақын арада ұқсатып, кәдеге жарата алуына тіреліп тұр деп айтуға болады.

Жалпы қашаған ұғымы асаулықты, еркіндікті, өрлікті білдірмей ме. Осы кезде көз алдыма Молдахмет Кенбаевтың әйгілі «Қашағанға құрық салу» суреті келеді. Сол сияқты мінезі адуын кәрі Каспийдің ерке қызына айналған «Қашаған» мұнай қорынан мұнай өндірудің техникалық қиындықтары өндіріс мерзімін жылдан жылға жылжытып келеді. Шамасы мұндай текетірестен шаршаған болуы керек американдық ConocoPhillips өзінің 8,4% үлесін сатуда. Сондықтан аталған үлесті бүгінде жиынтық алтын-валюта резевтері 70 млрд. долларға жеткен Қазақ елі өзі сатып ала ма әлде қатты ынтығып отырған Қытайға жол бере ме деген дилемма туындауда. Өзі алса үлесі 25,2% дейін артып, үлкен акционер ретінде басымдыққа ие болады, Қытайға берсе оның Қазақстан экономикасындағы салмағы едәуір артып, ұлттық қауіпсіздік мәселесі туындайды. Бүгінгі таңда Қазақ елінің жарқын болашағы таразы басына салынды.  Яғни «Қашаған» мұнай қоры асқан жауапкершілікпен ұқсата білсек бағымыз, білмесек сорымыз болайын деп тұр.

Қарағанды қаласы

Abai.kz

0 пікір