Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3204 0 пікір 9 Шілде, 2013 сағат 10:06

Садық СМАҒҰЛОВ. ҚАЙРАН, СЫПАТАЙШЫЛАР-АЙ!

Пай- пай, Темірхан Тебегенов-ай, профессор, академик, лауреат деген атақтарыңыз бар екен. Кафедра меңгерушісі деген кісі қолы жете бермейтін лауазымыңыз бар соншама ұсақталып, не болды сізге? Қара итті қанша сабындап жуса да ағармайтынын білмедіңіз бе?  Тепсе темір үзетін алпыс жасыңызда, ақыл ойыңыз толысқан шағыңызда батырлықты сатқындықтан ажырата алмағаныңызға не жосық? «Президент және халық» деген газеттің осы жылдың 13-ші маусым күнгі санынан «Сыпатай батыр» деген мақалаңызды іздетіп, тауып оқып, қандай батырлығын айтып мақтанды екен деп көз жүгіртіп шықтым. Тебіңгіңізден тер шыққанша көсіліп Сыпатайды мақтап, бір үтірге аялдап оның батырлығын, билігін, ақсақалдығын көрсетуге тіліңіз жетпепті, қайтейін! Адамның батыр атағы жаугершілік соғыста сарбаздарын алға бастап ұйымдастырушылығымен, жекпе жектегі жеңісімен шықпаушы ма еді? Сіз жазған мақаладан ондай батырлықты оқи алмадым. Сыпатайшылар сіздің атақ даңқыңызды, лауазымыңызды пайдаланып күріш арқасында күрмекке су ішкізіп Сыпатайды «заказной батыр» жасатып жазғызып отыр. Өйткені олар Сыпатайды  бірде бір шайқасқа, бірде бір қаланы, бірде бір елді мекенді босатуға қатысты деп айта алмайды.

Пай- пай, Темірхан Тебегенов-ай, профессор, академик, лауреат деген атақтарыңыз бар екен. Кафедра меңгерушісі деген кісі қолы жете бермейтін лауазымыңыз бар соншама ұсақталып, не болды сізге? Қара итті қанша сабындап жуса да ағармайтынын білмедіңіз бе?  Тепсе темір үзетін алпыс жасыңызда, ақыл ойыңыз толысқан шағыңызда батырлықты сатқындықтан ажырата алмағаныңызға не жосық? «Президент және халық» деген газеттің осы жылдың 13-ші маусым күнгі санынан «Сыпатай батыр» деген мақалаңызды іздетіп, тауып оқып, қандай батырлығын айтып мақтанды екен деп көз жүгіртіп шықтым. Тебіңгіңізден тер шыққанша көсіліп Сыпатайды мақтап, бір үтірге аялдап оның батырлығын, билігін, ақсақалдығын көрсетуге тіліңіз жетпепті, қайтейін! Адамның батыр атағы жаугершілік соғыста сарбаздарын алға бастап ұйымдастырушылығымен, жекпе жектегі жеңісімен шықпаушы ма еді? Сіз жазған мақаладан ондай батырлықты оқи алмадым. Сыпатайшылар сіздің атақ даңқыңызды, лауазымыңызды пайдаланып күріш арқасында күрмекке су ішкізіп Сыпатайды «заказной батыр» жасатып жазғызып отыр. Өйткені олар Сыпатайды  бірде бір шайқасқа, бірде бір қаланы, бірде бір елді мекенді босатуға қатысты деп айта алмайды. Батырлығының сиқы А.Нысаналин жазғандай «орыс әскерінің қару жарағын артып Сыпатай, Құдайберген Бәйетұлы бастаған екеуі мың түйемен қаздай тізіліп атқа қонып түйемен кіре тартқаны». «Сыпатайдың азат басы бұғалықтан  босамай, кіріптарлық күн кешті. Ағайындар арасына сыймай арыстандай аласұрып, жолбарыстай жан жарақатын жалады». Сөйтіп жүрген адам төрт Дулатты қойып қалайша Қаңлы, шанышқыларға билік айтады, профессор мырза? Сәмен батырдың баласы Қапсланмен бірге жүрді дейсіз. Сыпатай 1781 жылы туып 6 жаста болса, Қапсалан 1788 жылы 57 жасында өледі. Сонда олар Сыпатайдың өзімен, ағасы Андаспен қалай бірге жүреді? Қисынсыз өтірікке қалай бардыңыз? Өз пікіріңізді қосып ақиқатын неге жазбадыңыз. Ертеректе, Қуаныш Сүйінішқызы «Қазақ әдебиеті» газетінде (№24. 17.06.2011 ж.) «Сыпатай батырдың саяси келбеті» және Аян Нысаналин «Айқын» газетінде (№55. 31.03.2011 ж.) «Жүрекжұтқан» деген мақалаларында да сіздің кейіпкеріңіздің батырлығын, билігін, ақсақалдығын көрсетіп бере алмаған. «Қазақ тәуелсіздігі үшін, өзара бірлігін нығайту үшін» Сыпатай не істеді? «…Сыпатай  қасында Шымыр-Байзақ датқа, Құдайберген, Бөрмен датқа, Шұбыртпалы Ағыбайлар жолда келе жатып Таластағы қырғыздарға «біраз тиісіп» Бішкекке келгенде Есқожа, Қанайдың күмбезіне қойылған өліктерді ашып, жүкті қатын болса іштерін жарып, баласын бауыздап, сырыққа іліп кеткен» дегенді жазасыз. Оны кім жасады? Жоғарыдағы аты аталғандар ма? Оның арасында Ағыбай батыр қалай жүр? Сонда Кенесары, Наурызбайлардың талқандағаны өтірік болып шықты ма? Сыпатайдың бар батырлығы Бақтыяр Әбілданың жазған өтірігін қайталап «өзіне атылған жолбарысты селебе пышағымен жайратып салды» деп сыпайылайсың. «Теріс қарап тұрған жолбарыстың ішіне пышағымен қолын  тығып жіберіп бүйрегін  суырып алды» деп жазып еді Бақтыяр марқұм. Осы екі мақалаға қарсы менің «Сыпатай батырдың саяси келбеті – САТҚЫНДЫҚ» «Сыпатайда не құн бар», «Әруақтармен емес, ақымақтармен арпалыстым» деген мақаларым газетке де интернетке де жарияланды. Оқығыңыз келсе, интернеттен оңай табылады.

Сыпатайға арналып жасалған Меркедегі ғылыми конференция-тойға  мүйізі қарағайдай академик, профессор Нағашыбек Қапалбеков, Ғарифолла Есім, т.б. қатысып, сол конференцияда Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі Саттар Мажитов өзінің жасаған Бас баяндамасында «тонаудан қорыққан ұлы жүз сұлтаны Рүстем мен Сыпатай Кенесары қозғалысына қосылса да, ұрыс болатын күні түнде Кенесары жасағын тастап кетіп қалды» деп жазды дейді Е. Бекмахановтың тырнағының астынан кір іздеген профессор Саттар Мажитов. Сыпатайдың сатқындығы бұдан артық қалай жазылады. Күні бойы соғыс кеңесіне қатысып, Кенесарының ой пікірін біліп, соғыс тактикасын естіп оны қырғыз жағына жеткізді. 12 мың ұлы жүз жігіттерін алып Байзақ датқаны да тастап, мүмкін Кенесарының бөлесі болғандықтан бөліне жарылмай қасында қалған шығар. Сыпатайшылар «күн шыққанша арғы бетке өтетін өткел іздеп, Мықан суы маңында тұрып қалады. Сол кезде «қырғыз әскерлері байқап қалып, шабуыл жасайды. Артта жау, алда адам өте алмайтын ұйықты су (қазақтар деп айта алмаймын) сыпатайшы сатқындар жеңіліс тауып тұтқынға түседі. Найзаға түйрелген Сыпатай қашып құтылғанда, Бөлтірік шешен тауып алып шөппен емдеп жазып жанын алып қалады. Сол Бөлтірік шешенге де «жылқымды ұрлаттың» деп ауылына келіп ат ойнатады. Бұл сатқындықтың көкесі емес пе? Үшіншіден - дейді профессор Саттар Мажитов мырза Сыпатай мен Рүстемнің сатқындығын анықтап көрсеткен Е.Бекмахановтың тікелей дәлелі жоқ деп сөзін түйіндейді. Түн жамылып 12 мың  Байзақ датқаның артынан ерген жігіттерін үгіттеп алып кету сатқындық емес пе? Осынша күш, күн шыққанша Кенесарының қолында тұрса қырғыз қанша мықты болса да тісі батпас еді. Қазіргі оймен есептесек тым болмаса бейбіт келісімге келер еді. Кім білсін?!

Қазақтың алып ақыны Мағжан Жұмабаев орыстың отты қаруымен 10 жыл алысқан Абылайдай айлалы, Абылайдай ақылды соңғы ханымыз Кенесары Қасымовқа арнап ең тәуір өлеңдерін жазған.  Мағжаннан кейін Кенесары туралы тұшымды өлеңді А. ӘЛІМЖАНОВ ұсынып отыр.

                                   Кенекем алты алашты жиып тұр ғой,

                                   Алты алаш Кенекеме ұйып тұр ғой.

                                   Ақиқат, азаттықтай асыл арман,

                                   Атына Кенекемнің сыйып тұр ғой.

                                   Жатса да бас денесі екі жақта,

                                   Даласын тұтастай ол сүйіп тұр ғой.

                                   Шен таққан «геройлар» мен Сыпатайдан,

                                   Мәңгілік найза бойы биік тұр ғой.

Ал Абай атындағы университететтің кафедра меңгерушісі Айткүл Махаеваның жазуынша, Сыпатай «батырлығымен, шешендігімен, тапқырлығымен» ел есінде қалып, ерте танылған. Дұрыс-ақ, тым болмаса бір-екі мысал келтірмейсің бе? Кенесарының батырлығы мен көсемдігін Ілияс Есенберлин «Қаһар» романында ашып жазады. Ел мойындап Астанаға алып ескерткіш қойды. Елбасымыз жылда барып, гүл шоғын қойып басын иеді. Айткүл ханым Сыпатайды 1865 жылы Алатау округінің бастығы Г.А. Колпаковскиге қарсы шығартып, капитан К.К.Гутковскидің 15 адамын тұтқынға алды деп жазады. Ал  жазушы Аян Нысаналин: «Сыпатай, Құдайберген екеуі жігіттерімен мың түйемен қаздай тізіліп Г.А. Колпаковскидің қару жарағын тасыды» дейді. Қайсыңызға сенеміз.

Тағы да Аян Нысаналин жазады. «Ағайындар арасында арыстандай аласұрып, жолбарыстай жан жарақатын жалап, Сыпатайдың басы бұғалықтан босамай, кіріптарлық күн кешті. Бауыры Андас екеуі ел жұртына сыймай қырғыздарға барып солта руының манабы Қанайды паналайды». Осы жолдар Сыпатайдың кісілік келбетін толық ашып беріп тұрған жоқ па? Той тойлағыш болсаңыздар Абылай ханның Сәмен батыры тақияларыңызға тар келе ме? Жекпе жекте қалмақтың жеті батырын жер жастандырады. Бұдан артық қандай батыр керек?

Сыпатай жөніндегі бар шындықты Сұраншы батырды көзі тірісінде көрген Жамбыл жырау, сіз дәріптеп отырған Сыпатай өлгенде 19 жаста болған, 7-8 жасынан айтыс тартысқа қатысып жүрді. Бір басына жететін пысықтығы бар, қазақтың ұлы жырауы Жамбыл  Сыпатайдың «батырлығының» қыры сырын біліп  жетесіне жеткізіп айтып кеткен. Ол туралы қайталап жатпайын. Бұрын бәрін жазғанмын. Бұл мақаланы «ПРЕЗИДЕНТ және ХАЛЫҚ» газетіндегі «Сыпатай батыр»  деген мақалаға қарсы жазып жариялатқым келіп еді, бас редакторы Марат Тоқашбаев өлген Әруаққа қарсы мақала баспаймыз деді. Кенесары хан өлген Әруақ емес пе? Оған қарсы неше түрлі былапыт сөздерді жазады.  Абай атамыз әкесі Құнанбайдың қолындағы бір имамнан сұрапты. «Иман тыста бола ма, жоқ, үйдің ішінде бола ма?» деп, жауап бере алмай, абыржыған имамды көріп Құнанбай Абайды қуып шығыпты. Сол сияқты «ПРЕЗИДЕНТ және ХАЛЫҚ» газетінде Әруақ бар да, басқа ақпараттарда Әруақ  жоқ па?

Abai.kz

0 пікір