Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3201 0 пікір 8 Шілде, 2013 сағат 21:24

Айдос Сарым. Тағы да Протон хақында

Кеше бір мамандармен кездесіп, осының төңірегінде әңгіме қозғап едік.
Мамандардың айтуы бойынша, Ресей ерте ме, кеш пе Байқоңырдан кететінін жақсы біледі, түсінеді. Оны 2050-ге дейін жалға алуында мынадай гәп бар екен. Басты мақсат - осы межеге дейін сақтаулы тұрған "Протондарды" ұшырып, тауысып біту, сол арқылы қаражат өндіру.
Себебі - "Протон" дегеніміз СС-20 "Шайтан" деп аталатын зымырандар. Олардың "ядролық" қосындысы жоқ дегеніміз болмаса, сол баяғы "ядролық" гептилді зымырандар. Кезінде орыс ғалымы Сергей Королев "бейбіт ғарышты" игеру мақсатында "гептилді" пайдалануға үзілді-кесілді қарсы болған. Сондықтан әскерилер оны "соғыста пайдалану" керек деп түсінген.
Сол СС-20-ның жіздегені әлі де сақтаулы. Сақтау мерзімі, негізінен, 25-30 жылдан аспауы тиіс. Бірақ, көбісінің бұл мерзімі де өтіп кеткен. Анда-санда құлап, сынып жатуы да осы себепті. Бірақ, кезінде әскери мақсатта көптеп жасалған бұл зымырандарды ұшыру Ресейге әлдеқайда тиімді. Қауіпті болса да, дайын дүниелер. Оның үстіне бастарына түсіп жатқан жоқ. "Ангара" сияқты біршама қауіпсіз технологияларға қарағанда бірнеше есе тиімді. Бұларды, бірақ, негізінен жерсеріктерді ұшыру үшін пайдаланып, адам ұшырар кезде басқасын пайдаланатыны содан. Қанша дегенмен 20-30 жылдан астам сақталған техникалық қондырғылардың қауіпті екенін орыс екеш орыста түсінеді емес пе?
Осылай.

Байқоңырды халықаралық ғарыш айлағына айналдыру тұрғысында ойлана отырып, әрекет етуіміз керек. Ал орыстардың "гептил" технологияларының барлығына сөзсіз тыйым салуымыз қажет. Мықты болса, Плесецк ғарыш айлағынан ұшырып көрсін.
Өкініштісі, бұны біздің де шекпенділердің біразы түсінетін сияқты. Тек ымбай-жымбаймен бұған көз жұмып отыр.

Abai.kz

«Байқоңыр» ғарыш айлағында болған «Протон М» зымыраны апатынан кейін іле-шала Қызылорда облысына қарасты Төретам, Жосалы ауылдарына Алматыдан Мұхтар Тайжан аттанған еді. Мұхтар Болатханұлы сапар барысында жұртшылықпен, түрлі сала мамандарымен жолығып, әңгімелескен. Төменде сол сапардың бейнематериалын жариялап отырмыз.

0 пікір