Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Билік 2709 18 пікір 4 Қыркүйек, 2023 сағат 12:53

Ақорданың ауыс-түйісі: Смайылов қызметін сақтап қала ма?

1 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады. Бұл жолғы жолдаудың аты «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталды. Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында жасаған жолдауда Қазақстаның ішкі һәм сыртқы саясатына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Жолдауда нақты не айтылғанын Abai.kz ақпараттық порталында жаздық.

(Сурет: Ақорданыкі)

Осыдан кейін Президент бірқатар кадрлық өзгерістер жасауды бастап кетті. Өткен жұмадан бері жаңа 5 министрлік құрылып, Үкімет құрамы өзгертіліп жатыр. Кей министрлер Үкімет құрамында қалса, кейбіреулері қызметтерімен қош айтысуда.

Сонымен, Ақорда жақтағы ауыс-түйістердің ауаны қандай? Қараңыз:

Президент әкімшілігі:

Әуелі Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды. Жаңартылған құрылымға келесі лауазым иелері кірді:

Президент Әкімшілігінің Басшысы;

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;

Президент Кеңсесінің Бастығы;

Президенттің көмекшілері;

Президенттің кеңесшілері;

Президент Әкімшілігінің бөлімдері.

Жарлыққа сәйкес:

– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;

– экономикалық мәселелер бойынша;

– халықаралық мәселелер бойынша;

– құқықтық мәселелер бойынша;

– ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

Ержан Хозеұлы Қазыхан – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі;

Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.

Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Қауіпсіздік Кеңесі:

(Сурет: Ақорданыкі)

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Үкіметтегі жаңа министрліктер:

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен:

▪️Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды.

Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.

Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Марат Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды.

Аида Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.

Арман Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.

Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Айдарбек Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.

Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.

Ұлттық банк:

Ғалымжан Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылды. Оның орнына Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды.

Түйін: Әзірге сарапшылар «отставкаға кетеді» деп болжаған Әлихан Смайылов қызметін сақтап қалып отыр. Үкіметтегі ауыс-түйіс әлі жалғасуда. Сол себепті материалды толықтырылып отырамыз.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2167
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2570
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2446
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1671