Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2022
Жаңалықтар 2668 0 пікір 25 Маусым, 2013 сағат 10:29

Мемлекеттік тілге Жезкентте жеке кабинет ашылды

Тіл тазалығы ұлт тұтастығының кепілі екені белгілі. Елбасымыз қазақ тілі –ел  тұтастығының  басты белгісі болу керектігін де баса айтқаны белгілі. Сондықтан да мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асқақтатуға көптеп көңіл бөлініп келеді. Қалаларда, аудан, ауылдарда мемлекеттік тілді оқыту онрталықтары да ашылып, көптен бері жұмыс жасап келе жатқаны да баршаға аян. Міне, шалғайдағы Ресеймен шекаралас Жезкент кентінде де мемлекеттік тілге қолдау көрсетіліп, жергілікті әкімдіктің көмегімен жеке кабинет беріліп, өзге ұлт өкілдері қазақ тілін үйренуде. Жалпы жезкент кентінде өткен жылдан бастап Мәдениет үйі жөндеуден толық жөндеуден өтіп еді. Сол жана ғимараттан бізге жаңа бір кабинет бөлініп, қолда бар жаңа кітаптармен толықтырылды. Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа талаптарға сай жаңа құралдар мен кітаптардың да көптеп септігін тигізетіні белгілі.Тек оқытушы түк тындыра алмасы анық. Сондықтан да аудандық тілдерді дамыту орталығы да қолдау көрсетіп өздерінің қолда бар жаңа көмекші оқу құралдары мен оқулықтарын да беріп жатыр.Әрине жаңа кабинетте жаңаша қазақ тілін игерту қарқын алып, тыңдаушылардың да саны артып келеді. Дегенмен мемлекеттік тілдің ертеңі ел ертеңімен тікелей байланысты екенін, тіл тағдыры ел тағдыры екенін түсінбей жатқандар да бар. Осы мақсатта мемлекеттік тілдің болашағы, қажеттілігін түсіндіру үшін «Тіл тағдыры» атты танымдық сабақ өтті.

Тіл тазалығы ұлт тұтастығының кепілі екені белгілі. Елбасымыз қазақ тілі –ел  тұтастығының  басты белгісі болу керектігін де баса айтқаны белгілі. Сондықтан да мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асқақтатуға көптеп көңіл бөлініп келеді. Қалаларда, аудан, ауылдарда мемлекеттік тілді оқыту онрталықтары да ашылып, көптен бері жұмыс жасап келе жатқаны да баршаға аян. Міне, шалғайдағы Ресеймен шекаралас Жезкент кентінде де мемлекеттік тілге қолдау көрсетіліп, жергілікті әкімдіктің көмегімен жеке кабинет беріліп, өзге ұлт өкілдері қазақ тілін үйренуде. Жалпы жезкент кентінде өткен жылдан бастап Мәдениет үйі жөндеуден толық жөндеуден өтіп еді. Сол жана ғимараттан бізге жаңа бір кабинет бөлініп, қолда бар жаңа кітаптармен толықтырылды. Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа талаптарға сай жаңа құралдар мен кітаптардың да көптеп септігін тигізетіні белгілі.Тек оқытушы түк тындыра алмасы анық. Сондықтан да аудандық тілдерді дамыту орталығы да қолдау көрсетіп өздерінің қолда бар жаңа көмекші оқу құралдары мен оқулықтарын да беріп жатыр.Әрине жаңа кабинетте жаңаша қазақ тілін игерту қарқын алып, тыңдаушылардың да саны артып келеді. Дегенмен мемлекеттік тілдің ертеңі ел ертеңімен тікелей байланысты екенін, тіл тағдыры ел тағдыры екенін түсінбей жатқандар да бар. Осы мақсатта мемлекеттік тілдің болашағы, қажеттілігін түсіндіру үшін «Тіл тағдыры» атты танымдық сабақ өтті. Бұл сабақта слайд арқылы Елбасының мемлекеттік тіл туралы айтқандары түсіндіріліп, талданды. Қазақ тілін игеру мәселесі де талқыланып, өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді жаппай игеруге шақырылды. Осылайша кентімізде игілікті іс бастау алып жемісін беріп жатыр.

Abai.kz

0 пікір