Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2759 0 пікір 3 Қыркүйек, 2009 сағат 11:10

Еуропа Комиссиясы өкілдігінің басшысы Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагинмен кездесті

Қостанай. 3 қырқүйек. ҚазТАГ – Бүгін Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин Еуропа Комиссиясы өкілдігінің басшысы, елші Норбер Жустенмен кездесті. Елшіге сапар барысында оның жұбайы Ренее Янссен-Жустен, ресми тұлғалар және БАҚ еріп жүр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі елшіге өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы, келешекке жоспарлары және аймақтық-климаттық ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Өз кезегінде елші ЕО мен Қазақстан арасындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға және сауда қатынастарын дамытуға бағытталған өкілдіктің қызметі туралы айтты. «Керемет…», - мейман, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін осылай атады. Елшінің айтуынша, Қостанай облысы елдің қарқынды дамып отырған аймағы және инвестиция салу үшін тартымды орын болып табылады.

Бүгін Н. Жустен Жітіқара қаласына барып, мектеп оқушысы, Еуропа Комиссиясы ұйымдастырған гендерлік теңдік тақырыбында өткен байқаудың жеңімпазы Темірлан Қарғұловқа сыйлық табыс етеді.

0 пікір