Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4184 0 пікір 26 Маусым, 2013 сағат 08:44

Қайталанбас қас талант озды өмірден

Қазақ кино өнерінің жарық жұлдызы, Қытай Халық Республикасының Халық артисі, шығыстүркістандық  қандасымыз Мүтәліп Әбдірахманов маусым айының 25-жұлдызында ұзаққа созылған науқастан 81 жасқа қараған шағында Құлжа қаласында қайтыс болды.

Ол сан қырлы талант иесі еді. «Тияньшанның қызыл гүлі», «Кебір шөлдегі кетік Ай», «Жайлаудағы мылтық дауысы» бастаған жиырмаға тарта фильмде басты рөлдерді сомдаған. «Тияньшанның қызыл гүлі» фильміндегі Асқар бейнесімен Мүтәліп Әбдірахманов өзінің актерлік шеберлігін шындап танытқан болатын. Оның тап бермеде тауып айта білетін әзілдерінің де орны бір төбе.

Мүтәліп Әбдірахман қайталанбас хас талантымен, күндей мейірлі ашық-жарқын мінезімен, даласындай дархан қонақжай көңілімен туған халқының жүрегінде жасай         бермек.

Аяулы ағамыздың жатқан жері Жанатта болсын!

Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы

http://www.youtube.com

;hl=ru_RU" />

;hl=ru_RU" />

0 пікір