Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2281 0 пікір 13 Маусым, 2013 сағат 04:59

Еуропаның төрінде EXPO-2017 туралы айтылды

Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 153-сессиясы барысында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, ҚР СІМ басшысының бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев көрмені өткізуге әзірлік бойынша ұйымдастыру мәселелері турасында хабарлады.

Ол өз сөзінде ХКБ басшылығын, сон­дай-ақ аталмыш ұйымның делегаттарын Қа­зақстан артылған үмітті ақтайтынына және өтінім беру науқаны барысында өзіне жүктеген барлық міндеттерді орындауға ниетті екеніне сендірді.

Көрме комиссары 2012 жылдың жел­тоқсан айында Үкіметтің қызметін үйлес­тіру ма­қсатында Мемлекеттік комиссия құ­ры­лып, оның құрамына салалық ми­нистр­­лік­тердің өкілдері және Астана қа­ла­сының әкі­мі енгенін, оны ҚР Үкіметінің бас­шысы басқарғанын атап өтті. Биылғы қаң­тар айын­да ҚР Үкіметінің 100 па­йыздық мен­шігіндегі «Астана EXPO-2017» ұлттық ком­па­ниясы құрылды. Елбасының Жар­лы­ғы­мен EXPO-2017 көрмесінің ко­мис­сары та­ғайындалды.

Комиссардың міндетіне EXPO мәсе­ле­лері бойынша ҚР Үкіметін халықаралық аренада таныстыру, EXPO-ға байланысты ҚР міндеттемелерінің орындалуына ке­піл­дік беру, ХКБ-мен өзара әрекеттесу, сон­дай-ақ барынша көп елдер мен ке­лу­шілердің қатысуын қамтамасыз ету кіреді.

Р.Жошыбаев атап өткендей, EXPO – ұлт­тық маңызы бар жоба және оған ҚР Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев тікелей қолдау көрсетуде. ҚР Президентінің Әкім­шілігі EXPO-ға дайындықтың стра­те­гия­лық басқаруын үйлестіруді қамтамасыз етуде. EXPO-ға байланысты үкіметтік жә­не мемлекеттік органдар қызметін рет­теу міндеті артылған Мемлекеттік ко­мис­сияның отырыстары тұрақты түрде өткізіліп тұ­рады.

Abai.kz

0 пікір