Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 2373 2 пікір 3 Тамыз, 2023 сағат 16:01

Қостанайдағы қазақ тілінің мүшкіл халі…

Биыл Қостанай облысында бірінші сыныпқа барған балалардың 29,5 проценті ғана қазақ мектептерін таңдаған. Ал, ұлттық бөлініске қарасақ, облыс халқының 45 проценті жергілікті халық, 33 проценті орыс халқының үлесіне жатады, тағы 10 проценті украиндар.

Ал, қазақтардың орташа жасы жергілікті орыстарға қарағанда екі есе жас болғанына қарамастан, орыс мектептерінде оқитын балалардың 50 проценті тағы қазақ балалары. Ал, кейбір аудандарда бір ғана қазақ тілді мектеп бар. Бұл қайшылықты жоюдың бір ғана жолы бар - ол оңтүстік пен батыстан халықтың бір бөлігін Тобыл жеріне көшіру және ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әйтпесе, жағдай мүлдем өзгермеуі мүмкін.
Айтқандай, облыстың оңтүстік аудандарында (Амангелді, Жанкелдин аудандары мен Арқалық қаласы) қазақ мектептеріне бала бермеу деген проблема жоқ. Шынын айту керек, аталған аудандарда бір таза орыс мектебі (Жанкелдин ауданы) мен аралас мектеп (Амангелді ауданы) бар, ал, Арқалықта мектептердің басым бөлігі қазақ тілді мектептер, әрине, онда аралас мектептер де жұмыс істеп тұр!
Жалпы, менің ойымша облыстағы қазақ тіліндегі мектеп және бала бақша проблемасы өткір деп санаймын. Бұл мәселеге республика назар аударуы қажет!

Амандық Әмірхамзин
Abai.kz 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1089
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 984
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 724
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 841