Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
1613 1 пікір 31 Шілде, 2023 сағат 14:35

Степногорск қаласында төтенше жағдай жарияланды

Степногорск қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады.

«Ақмола облысы Степногорск қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», - делінген ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановтың шешім жобасында.

Сонымен қатар құжатта Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Қ.Орынбасаров техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалатындығы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізетіндігі айтылған.

Таяуда ғана толассыз жауған жаңбыр салдарынан су шайып кеткен Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты 5 ауылда төтенше жағдай жарияланған еді.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2169
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2450
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672