Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2634 0 пікір 2 Қыркүйек, 2009 сағат 07:40

ЕО Еуропаға ұшатын ұшақтар үшін атмосфераны ластайтын заттарға квота енгізбекші

Алматы. 1 қыркүйек. ҚазТАГ – Еуропа Одағы әлемнің Еуропаға ұшатын барлық авиакомпаниялары үшін реактивті қозғалтқыштарының атмосфераға тастайтынлас заттарының квотасын енгізбекші, делінген  Air Astana авиакомпаниясының сейсенбі күні таратқан хабарында.

Құжатқа сай, Еуропа билігі Еуропаға ұшатын барлық авиакомпаниялар үшін реактивті қозғалтқыштарының атмосферағатастайтын зиянды заттарының көлеміне квота енгізбекші.

«Сөйтіп, барлық авиакомпаниялар Еуропаға ұшуын Еуроодақ анықтаған тарифтер бойынша төлейді. Төлем мөлшері ұшу жиілігі мен ұшақтарға орнатылған авиациялық қозғалтқыштар типіне байланысты. Авиакомпания Еуропаға неғұрлым жиі ұшатын болса, соғұрлым Еуропа ауасын ластағаны үшін көп төлейтін болады», - делінген баспасөз парақшасында. 

«Эйр Астана» АҚ - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Англияның «BAE System» компаниясының, тиісінше 51% және 49% акциялар үлесімен құрған бірлескен кәсіпорны.

Бүгінге «Эйр Астана» авиакомпаниясының әуе кемелерінің паркі B767-300, В757-200, А321, А320, А319, F50 ұшақтарынан тұрады.

0 пікір