Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
2600 3 пікір 30 Маусым, 2023 сағат 13:51

Астанаға LRT керек пе – Елорда әкімі пікір білдірді

Сурет: Әлеуметтік желіден

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасын соңына жеткізу жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жобаны іске асыру бойынша әртүрлі пікірлер мен көзқарастар бар. Ғылыми тұрғыдан алғанда, халқы 2 миллион немесе 1,5 миллионнан асатын қалада желілік қоғамдық көлік болуы керек. Ол жерасты немесе жерүсті көлігі болсын. Сондықтан менің жеке пікірім, болашақта мегаполисте мұндай көлік болуға тиіс. Ал біз 2030 жылға қарай елорда халқы 2 миллионға жетеді деп болжап отырмыз», - деді Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Әкім жобаның құрылысын жалғастыруға биыл 50 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.

Жалпы, LRT-ге бүгінге дейін шамамен 600 млн доллар жұмсалды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2176
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2577
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2480
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1675