Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4681 0 пікір 6 Маусым, 2013 сағат 10:29

Әселхан Қалыбекова. Жер астының шетке беріп байлығын, жұмысшының қысқартамыз айлығын

Ел тағдыры − менің тағдырым!

 

Теңдігіңе не бар дейсің тең келер,

Заңсыздықтар арсыздыққа дем берер.

Ел тағдырын өз тағдырым демейді,

Қолдан келмес іске ұмтылған пенделер.

 

Не көрмеді бәрін көрген бұл дала,

Тұсау салма төске өрлеген тұлғаңа.

Құдай берген келбетің болмаса,

Сатып алған мансабыңды бұлдама.

 

Кете берсек дәл осылай біз егер,

Рухыңа ырым қалмай күзелер.

Зәрін шашқан зиянкеске жол берме,

Ел тағдыры тәртіппенен түзелер.

 

Ей, бауырлар, енжарлықты тастаңдар,

Жанашырлық жаңа тірлік бастаңдар.

Тағдырыңды таспен атып құрыды,

Қазынаңды ұшаққа артып қашқандар.

 

Жер астының шетке беріп байлығын,

Жұмысшының қысқартамыз айлығын.

Қопарылған кендерімнің орыны,

Опырайып, аңырайды айдыным.

 

Сендерге айтпай, кімге айтамын сырымды,

Арабтарың аңыздайды қырымды.

Бір шынжырды жетпіс жылда үзген ел,

Мың шынжырға енді қалай ұрынды.

 

Деген сөз бар «Көп талқысы − аққан сел»,

Осындайда бұзылмай ма қатқан сең.

Адалдығың − Отаныңды сүюде,

Арамдығың − оны сатып жатқа ерсең.

 

Өзімшілдік көздеріңде қанталап,

Бауыр болмай, жауыр болды шартарап.

Ел тағдыры − менің тағдырым!

 

Теңдігіңе не бар дейсің тең келер,

Заңсыздықтар арсыздыққа дем берер.

Ел тағдырын өз тағдырым демейді,

Қолдан келмес іске ұмтылған пенделер.

 

Не көрмеді бәрін көрген бұл дала,

Тұсау салма төске өрлеген тұлғаңа.

Құдай берген келбетің болмаса,

Сатып алған мансабыңды бұлдама.

 

Кете берсек дәл осылай біз егер,

Рухыңа ырым қалмай күзелер.

Зәрін шашқан зиянкеске жол берме,

Ел тағдыры тәртіппенен түзелер.

 

Ей, бауырлар, енжарлықты тастаңдар,

Жанашырлық жаңа тірлік бастаңдар.

Тағдырыңды таспен атып құрыды,

Қазынаңды ұшаққа артып қашқандар.

 

Жер астының шетке беріп байлығын,

Жұмысшының қысқартамыз айлығын.

Қопарылған кендерімнің орыны,

Опырайып, аңырайды айдыным.

 

Сендерге айтпай, кімге айтамын сырымды,

Арабтарың аңыздайды қырымды.

Бір шынжырды жетпіс жылда үзген ел,

Мың шынжырға енді қалай ұрынды.

 

Деген сөз бар «Көп талқысы − аққан сел»,

Осындайда бұзылмай ма қатқан сең.

Адалдығың − Отаныңды сүюде,

Арамдығың − оны сатып жатқа ерсең.

 

Өзімшілдік көздеріңде қанталап,

Бауыр болмай, жауыр болды шартарап.

Мейірімі оянса екен деп мен жүрмін.,

Мойыныма бесігімді арқалап.

 

 

Найзағайдай тез өтеді жас күнің,

Қисығыңды тезге салар дәстүрің.

Өзгереді, жадырайды бұл қоғам,

Шегінсеңдер таласынан нәпсінің.

 

Бірің балам, бірің бауыр, інімсің,

Көк байрағың көк туына ілінсін.

Тектілерге зиярат қып қол жайсаң,

Түркістанның түмен бабы тірілсін.

 

Елін сүйген Елбасымыз ту алған,

Ширағымыз Шәмші салған ұраннан.

Бар асылың махабаттан жарқырап,

Қарашығың нұрланады Құраннан.

 

Ақын ана айтты дерсің, аңдарсың,

Ақ ниетке иіледі заңғар шың.

Ибамызға, ынтамызға қызығып,

Өркениет өркештері таңқалсын.

 

Қаның қазақ, сүтің қазақ, қазақсың,

Баяғыдай құл емесің, азатсың.

Азғыны жоқ, салиқалы кемелді,

Міне, қазақ, менмін, дейтін таң атсын!

 

БАБАЛАР ЖОЛЫ - ӘДІЛ ЖОЛ

I

Бисмиллаһи-Рахим,

Армысың бауыр жұратым.

Алла салса аузыма,

Сөз сөйлейін бір атым.

Түркістанның төрінде,

Түрік ағайын жиылып.

Алқалы кеңес құратын,

Сопылық ілім сорланды.

Тиянақ таппай шығатын,

Арыстанбаб бабам сол жолда,

Азап көрген сұрапыл.

Пайғамбар берген аманат,

Ғасырдан ғасыр жағалап,

Қожа-Ахметке жеті жасында,

Құрмасы жетті саламат.

Сүйегін жұтып жіберіп,

Етіпті бала қанағат.

Арыстанбаб ұстазын,

Арулап жерге қойыпты,

Ғайыптан түскен жамағат.

Аңыздың түбі ақихат,

Айтамыз біздер жобалап.

 II

Қалың қазақ Пір тұтқан,

Әзірет Сұлтан бабамыз.

Сырына жұрты ынтыққан,

Дұғасы қабыл данамыз.

Уызына жарытқан,

Түркістан туған анамыз.

Күллі түрік жиылса,

Хикмет нұры құйылса,

Көкірегіміз тарсылдап,

Сиғыза алмай барамыз.

Ұрпаққа талдап үйретіп,

Ақыл есін билетіп,

Жиғыза алмай барамыз.

Айналайын  әулием,

Сират көпір сен едің.

Сыңсып жүрген мен едім.

Қуанбасқа қуанып,

Ұялмасқа ұялып,

Мыс болды алтын дегенім.

Өзіңе келдім өкініп,

Өмірдің таппай дәйегін.

Хақ Мұстафа ізімен,

Бәндәнің білдің керегін.

Бауырыңды тасқа ұрып,

Бір аллаға тапсырып,

Дәуріш болып жөнедің.

Дегенін қылмай дененің,

Мың бәлені бөгедің.

Басын шапқан өзіңсің,

Нәпсі деген неменің.

Алпыс үшке келгенде,

Шын ғашығыңды көргенде,

Хаққа жаным құрбан деп,

Тірілей өлген ер едің.

Артық кебін киініп,

Әзиз басың иіліп,

Көзден жасың құйылып,

Жазылды жауһар өлеңің.

Жапырақ ғұмыр жырлайды,

Топырақ болу себебін.

Расымен ұққан үммет ең,

Расулланың дегенін.

Тоқсан дария қосылса,

Тобығынан келмейтін,

Назары ауған Егенің.

Адамзаттың асылы,

Зейнетін бізге бағыштап,

Бейнетін жеңген еренім.

Жібек жолдан жарқ етіп,

Құс жолын басқан шері едің.

Мына біздің Тұранда,

Ізгіліктің дәні бар.

Ізгі ұлттың қаны бар.

Ажалды жүз жыл балқытқан,

Дарияда қалқытқан,

Қорқыттың күйі әлі бар.

Әлемнің аңсар биігі,

Аспан  тіреген иығы,

Әл-Фараби бабамның,

Сағынып иісін даламның,

Шер тарқатқан әні бар.

Мың жыл жатса айнымас,

Асылдар бізден табылар.

Оғыз-қыпшақ тарихын,

Білгің келсе әрі бар.

Жүсіп Баласағұнның,

«Құтты білік» заңы бар.

 

ІІI

Желмаясын боздатқан,

Асан қайғының зары бар.

Шәкәрім мен Абайдың,

Мәуелі бұтақ бағы бар.

Өзбекәлі, Шәмшінің,

Өзекте қалған нәрі бар.

Ұлы рухтар көшкен жоқ.

Хал ілімі өшкен жоқ.

Тамырым қалай тарылар.

Дәстүрге, дінге сын тауып,

Дүмпіген түрлі сыздауық,

Бүлкілдеп бір күн жарылар.

Ақылға келіп адамзат,

Асылық дерттен арылар.

Рахым етпес кедейге,

Риядан да жалығар.

Қожа-Ахмет жазған хикмет,

Ана сүтіндей дәмі бал.

Парызы бүтін момынға,

Мәңгілік шырақ жағылар.

Басымыздан кетпеген,

Бодандықтың зәрі бар.

Өкінішке тұншықпай,

Шыр айналған ұршықтай,

Ширығудың мәні бар.

Еңбек қылсаң тәубе деп,

Тәңірдің атар таңы бар.

Ақ адал құлын сүйді Алла,

Одан артық сый бар ма.

Бес күн жалған опасыз,

Азғырғанға иланба.

Түрік тектес түгел бол.

Түлей берсін игі арна.

Алғырдың мүлкі Құранда,

Тағдардың кілті иманда.

Қабыл ал қара шаңырақ,

Ағыттым жырды аңырап.

Бабалар жолы-әділ жол,

Өзіңе халқым әзір бол.

Ла иллаһа Иллалла.

 

Әселхан Қалыбекова, Қазақстанның халық ақыны

Abai.kz

0 пікір