Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3106 0 пікір 5 Маусым, 2013 сағат 12:03

Өскеменге «Инновациялық форсаж» келді

Астанадан аттанған «Инновациялық форсаж» автобусы Өскеменге келді. Облыс орталығына ат басын тіреген автобустың біздің өңірге сапар шегуінің негізгі мақсат – көпшілікті инновациялық бизнес-жоспарлар республикалық байқауының өтетіндігі туралы құлақтандыру, лайықты үміткерлерді байқауға қатысуға және оның телевизиялық нұсқасын көріп, ұнатқан жобалар мен авторларға жанкүйер болуға шақыру.

Байқауды ұйымдастырушы - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ. Байқауға инновациялық жобасы бар кез келген қазақстандық қатыса алады.

Құрамында аталмыш агенттіктің өкілдері мен тележобаның қызметкерлері бар «Инновациялық форсаж» командасы облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевпен бірге Өскемендегі «Алтай» технопаркінде өткізілген шараға қатысты.

Шара барысында Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ-ның басқарушы директоры Серік Маратов байқауға қатысудың талап-шарттарын, іріктеу тәртібін түсіндірді. Шығысқазақстандық өнертапқыштардың туындыларын тамашалады. Оның айтуынша, биыл байқау талаптары біраз жеңілдетілген. Кез келген үміткер «nif50k.kz» сайтына өтінім жолдап, сол сайт арқылы өзіне қажетті сұрақтарға жауаптар мен кеңестер алуға мүмкіндігі бар.

– Бүгін біз көптеген жақсы жобаларды көрдік. Оларды өзімізбен бірге Астана алып кетеміз. Ол жақта арнайы сарапшы мамандар бар, сол кісілер жоба туралы өздерінің қорытындыларын жасайтын болады. Сонымен бірге айта кетейін, егер қазір жобасын ұсынып үлгере алмағандар 20 маусымға дейін электронды адреске жолдауға мүмкіндіктері бар. Байқауға он сегіз жасқа толған, инновациялық жобаның авторы болып табылатын еліміздің кез-келген азамат қатыса алады., - деді агенттіктің басқарушы директоры Серік Маратов.

Биылғы 27 мамырда Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушиннің қатысуымен салтанатты түрде жолға шығып, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау сияқты ірі қалаларда болып, енді міне Өскеменге тізгін тартқан «Инновациялық форсаж» автобусы 21 маусымға дейін барлық облыс орталықтарын аралап шықпақ.

«Алтай» технопаркінде көпшілік назарына ұсынылған жобалардың ішінде астаналық қонақтардың көңілін ерекше аударған екі жобаны атап өтуге болады. Олардың бірі осы байқаудың ең жас қатысушысы – Өскемендегі №25 орта мектептің 5 сынып оқушысы Глеб Данилов. Ол байқауға өзінің «Баланың электронды ақшасы» деген инновациялық жобасын ұсынды.

– Бұл электронды ақшаның қызметі банктік карточкаларға негізделген. Карточкаға ата-аналары салып берген ақшамен бала дүкеннен өзіне керегін сатып ала алады. Сонымен қатар ата-аналар өзінің баласының ол ақшаға қандай заттар сатып алғанын, яғни рұқсат етілген дүниелер алды ма, жоқ әлде басқаға жұмсады ма соны да анықтай алады. Ең маңыздысы бұл карточканы өзгелер пайдалана алмайды. Өйткені онда әрбір баланың саусақ іздері таңбаланған, сол арқылы жұмыс істейді. Жобада депозиттік қызмет түрі де қарастырылған. Мәселен, бала өзінің ата-анасы карточкаға салып берген ақшасын ұстамай жинай беретін болса, ол автоматты түрде депозиттегі есепшотқа ауысып, үстінен өсім көреді. Мектепті бітіргенше бала шамамен 300-400 мың теңгедей ақша жинай алады, - дейді Глеб Данилов.  

Агенттік өкілдерінің қызығушылығын туғызған тағы бір жобаның авторы 86 жастағы өнертапқыш Михаил Булдаков ойлап тапқан экологиялық жағынан таза, әрі экономикалық жағынан тиімді электр стансасы. Мұндай құрылғысы бар станса республиканы былай қойғанда әлемде жоқ.

– Бұл ешқашан таусылмайтын энергия көзі. Физиканың заңдылықтарына сүйеніп жасалған. Қарапайым құбырдың ішіне желдеткіш, генератор секілді құрылғыларды орнатып, сол арқылы энергия өндіріледі. Тіпті оған желдің де керегі жоқ. Кәдімгі жердің тартылыс күшінің көмегімен жұмыс істейді. Бұл стансаны ауылға да, қалаға да орналастыруға болады. Бүгінде сынақ үлгісін жасап жатырмыз, күзге қарай құрылғы толық аяқталады. Сол кезде мамандар оның қызметін өз көздерімен көрсе екен деп ойлаймын. Өйткені бұған дейін осы жобаның қағаздағы нұсқасын Астанадағы тиісті орындарға жібергенмін. Бірақ ешқандай нәтижесі болмады. Меніңше жобамен қағаз күйінде емес нақты іс жүзінде танысатын болса оның артықшылықтарына, тиімділігіне көз жеткізе алар еді, - дейді жаңа жобасын патенттеп үлгерген өнертапқыш Михаил Булдаков.

Инновациялық жобалармен танысқаннан кейін астаналық қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев, Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік АҚ-ның басқарушы директоры Серік Маратов және басқалары сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.

ШҚО ақпараттық орталығы

0 пікір