Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2717 0 пікір 2 Қыркүйек, 2009 сағат 06:19

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: БІЗ ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ ДАМУ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДАЛУҒА ТИІСПІЗ

Кеше төртінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясы өз жұмысын бастады. Сессияның ашылу салтанатына орай Президент Назарбаев сөз сойледі:

Құрметті Парламент депутаттары!

Сіздерді Парламенттің кезекті сес­сиясының ашылуымен құттық­таймын.

Біз 30 тамызда мемлекеттік ме­ре­кеміз - Конституция күнін ай­рықша атап өттік. Еліміздің Пар­ла­менті тәуелсіздігіміздің бұлжы­мас бағдарына, Қазақстан қоғамы­ның басты құндылығына айналған Ата Заңымыздың аясында көп­теген заңдар қабылдап келеді.

Сол арқылы жоғары заң шы­ғару­шы орган ретінде мемле­кет­тігімізді нығайту ісінде іргелі қадамдар жасауда.

Еліміздің Парламенті дүние жү­зінің барлық мемлекеттеріне әсер еткен әлемдік қаржы дағ­дары­сының салдарын еңсеруге еселі үлес қосты.

Экономиканы тұрақтандыру­дың ма­ңыз­ды­лығын ескере оты­рып, Парламент дағ­дарыстың ал­дын алу шараларына қа­тыс­ты заң жобаларын жедел қарап, қабыл­дады.

Тұтастай алғанда, төртінші ша­қы­ры­лымдағы Парламенттің екінші сессиясында 140-тан астам заң жо­басы қаралып, талқыланып, соның ішінде 90-нан астам Заң қабыл­данды.

Бұл заңдардың басым көпшілігі ел аза­маттарының әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік деңгейді көтеруге бағытталған.

Кеше төртінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясы өз жұмысын бастады. Сессияның ашылу салтанатына орай Президент Назарбаев сөз сойледі:

Құрметті Парламент депутаттары!

Сіздерді Парламенттің кезекті сес­сиясының ашылуымен құттық­таймын.

Біз 30 тамызда мемлекеттік ме­ре­кеміз - Конституция күнін ай­рықша атап өттік. Еліміздің Пар­ла­менті тәуелсіздігіміздің бұлжы­мас бағдарына, Қазақстан қоғамы­ның басты құндылығына айналған Ата Заңымыздың аясында көп­теген заңдар қабылдап келеді.

Сол арқылы жоғары заң шы­ғару­шы орган ретінде мемле­кет­тігімізді нығайту ісінде іргелі қадамдар жасауда.

Еліміздің Парламенті дүние жү­зінің барлық мемлекеттеріне әсер еткен әлемдік қаржы дағ­дары­сының салдарын еңсеруге еселі үлес қосты.

Экономиканы тұрақтандыру­дың ма­ңыз­ды­лығын ескере оты­рып, Парламент дағ­дарыстың ал­дын алу шараларына қа­тыс­ты заң жобаларын жедел қарап, қабыл­дады.

Тұтастай алғанда, төртінші ша­қы­ры­лымдағы Парламенттің екінші сессиясында 140-тан астам заң жо­басы қаралып, талқыланып, соның ішінде 90-нан астам Заң қабыл­данды.

Бұл заңдардың басым көпшілігі ел аза­маттарының әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік деңгейді көтеруге бағытталған.

Олардың арасында Салық және Бюд­жет кодекстері мен "Халық ден­саулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс сияқты ма­ңыз­ды заңдарды ерекше атап өткім келеді.

Сессия барысында республика­лық бюд­жеттің үшжылдық жоспары тұң­ғыш рет арнайы заң арқылы бекітілді.

Парламент Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның Климаттың өзгеруі туралы негіздеме­лік конвен­ция­сы­на Киото хаттамасын ратифика­ция­лап, Экологиялық кодекс пен "Су кодексіне өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы" Заңды қабылдады.

Бұл құжаттар бізге қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық не­гіз­дерін қалыптас­тыруға және эко­ло­гия мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар демократиялық үрдіс­тер­ді жеделдету, саяси жүйені одан әрі дамыту және саяси пар­тиялардың қоғам өміріндегі рөлін арттыру бағытында да бірқатар заң­дар қаралып, "Саяси пар­тиялар туралы" және "Қазақстан Респуб­ли­касындағы сайлау туралы" заң­дарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өткен сессияда "Қазақстан хал­қы Ассам­блеясы туралы" және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" заңдар қабылданды.

"Нұр-Отан" партиясының Пар­ла­менттегі фракциясы пәрмен­ді жұмыс жасап, ел өміріне елеулі өз­герістер әкелген заңдарды қа­был­­дауға үлкен үлес қосты. Партия Үкіметпен бірлесе отырып, дағда­рыс­қа қарсы шаралардың жүзеге асырылуын қадағалады.

Тұтастай алғанда, Пар­ла­мент­тің екінші сессиясының жұмысы жемісті болды деп есептеймін.

Сіздерге өз ризашылығымды білдіре­мін.

Құрметті депутаттар!

Парламенттің екінші сессия кезіндегі сапалы жұмысы әлеумет­тік-экономикалық проблемаларды жедел шешу, жаһандық қаржы дағ­дарысының келеңсіз салдар­ла­рын еңсеру үшін заңнамалық негіз жасап берді.

Өткен кезеңде тұрақтандыру шара­ла­рына мемлекет 19 миллиард дол­лар жұм­сады, бұл ел ІЖӨ-сінің он төрт пайызына сәйкес келеді. Бү­гіннің өзінде біз қабыл­данған ша­ралардың оң нәтижелерін сезу­деміз.

Біріншіден, әлеуметтік саланы нығайту мүмкін болды. Біз мем­лекеттің халқы­мыз­дың алдындағы барлық әлеуметтік мін­дет­темелерін сақтап қалдық.

Мұнда Халықтың өңірлік жұ­мыспен қамтылу стратегиясын іске асыру үлкен рөл атқарды, оған 191 миллиард теңге бөлінді.

Үкіметтің, биліктің жергілікті ор­ган­дары мен ірі жұмыс беруші­лердің арасын­да­ғы үш жақты меморандум сақталып отыр.

Осының бәрі жұмыссыздық деңгейін ұлғайтпауға, керісінше, қысқартуға, ең ал­дымен жастар арасындағы жұмыссыз­дықты қысқартуға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде өңірлерде 5 мыңнан астам инвестициялық жобалар іске асы­рылуда, 393 мың жұмыс орны ашылды.

Нәтижесінде осы жылдың бірінші жар­тыжылдығында халықтың нақты ақшалай табысы өсті. Зейнетақылық жинақталым­дар көлемі бір триллион алты жүз сексен миллиард теңгеге жетті.

Бүкіл еліміз бойынша "100 мектеп, 100 аурухана", "20 интеллектуалдық мектеп" жобалары іске асырылуда.

Екіншіден, экономикалық құлдыраудың келеңсіз үрдісінде бетбұрыс жасау, эконо­ми­каның жекелеген секторларындағы ахуал­ды жақсарту мүмкін болды.

Атап айтқанда, бірінші тоқсанға қара­ғанда өнеркәсіп өнімі 3,1 пайыз көп өн­ді­рілді.

Мемлекет қолдауының арқасында 40 мыңнан астам үлескердің проблемалары шешілуде. Біз бұл мәселеде бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдадық - аза­маттардың жағдайына түсіністік таныттық.

Біздің азаматтар мұндай бұрын-соңды болмаған көмек үшін мемлекетке риза­шылық білдіруде.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығына бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетілді. Оның жалпы өнімінің көлемі осы жыл­дың қаңтар-шілдесінде 2008 жылдың қаң­тар-шілдесімен салыстырғанда 2,8 пайызға ұлғайды.

Отандық фермерлер қазірдің өзінде 63 миллиард теңгеден астам қаражат алып отыр. Бұл тұқым себуді толық көлемде атқаруға, егістік алаңын 1 миллион 600 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Үшіншіден, қаржы жүйесін жалпы тұрақтандыруға тұтастай қол жеткізілді.

Үстіміздегі жылдың 7 айында эко­но­ми­­каға тартылған инвестиция көлемі өт­кен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 7 пайызға өсті.

Экономиканы несиелеу тұрақты жүріп жатыр, инфляция төмендетілді.

Банктердің жиынтық активтері 2009 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша өткен жылмен салыстырғанда 2 пайыз дерлік ұлғайып, 12 триллион теңгеден асып түсті. Банктердің қарыз беру портфельдері жарты жылдықта 10,6 пайызға өсті.

Елдің халықаралық резервтері қырық екі жарым миллиард доллар деңгейінде тұрақтанды және олардың өсуі байқалды.

Ипотекалық займдарды қайта қаржы­лан­дыру жөніндегі жұмыс жалғас­ты­рылды.

Төртіншіден, біздің кәсіпкерлер айтар­лықтай қолдауға ие болды. Шағын және орта бизнес 134 миллиард теңгені игерді. Барлығы бағдарламаны 2,5 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері пайдаланды. Олар 4 мың 700 жұмыс орнын ашты.

Бірінші тоқсанмен салыстырғанда екінші тоқсанда шағын және орта бизнес өнімдерін өндірудің 19%-ға өскені байқалды.

Халықаралық сарапшылардың баға­лауы бойынша, ТМД елдері арасында Қа­зақ­стан дағдарысқа қарсы саясат тиім­ділігінің индексі бойынша алда келеді.

 

*  *  *

Қазақстанның өркенді дамуы ағымдағы жылғы ақпан-наурызда жүргізілген халық санағының қорытындыларында тіркелді.

Түпкілікті қорытындылар әлі нақтыла­ну­да, дегенмен алдын ала жасалған қоры­тын­дылар қоғамымызда болған үлкен өзгерістерді танытады.

Санақ нәтижелері елдегі өткен 10 жыл ішіндегі елеулі әлеуметтік-экономикалық, демографиялық өзгерістерді көрсетті.

Бәрінен бұрын, әңгіме халықтың өмір сүру деңгейіндегі оң ілгерілеушіліктер туралы болып отыр. Қазақстандықтардың ақшалай кірісі 10 жылда орта есеппен бес есе дерлік өсті.

Бізге халық санының төмендеу үрдісінің бетін қайтарып, айтарлықтай демография­лық өсімді қамтамасыз ету мүмкін болды.

Тұтастай алғанда 10 жыл ішінде халық саны 14 миллион 900 мың адамнан 16 миллион 300 мың адамға дейін көбейді.

Бұған негізінен бала туудың өсуі мен өлім-жітімнің азаюы есебінен қол жет­кі­зілді.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдау тұтас­тай алғанда ауыл тұрғындары үлесінің өсуі­не ықпал етті. 10 жыл ішінде ол 44-тен 46%-ға дейін ұлғайды. Сонымен бір уақытта ірі қалаларда, әсіресе Астана (80 пайызға) мен Алматыда (20 пайызға) тұратын адамдар саны өсті.

Сыртқы көші-қон үдерістерінде бет­бұ­рыс байқалды. Елге келушілердің саны одан тысқары кетушілерге қарағанда кө­бейді. Бұл - Қазақстанда өмір сүрудің тартымдылығының айғағы.

Он жыл ішінде тарихи Отанына, негі­зі­нен ТМД елдерінен, Қытайдан, Моң­ғо­лиядан, Түркия мен Ираннан ресми ста­тис­тиканың деректері бойынша ғана 650 мыңнан астам адам оралды.

Бірақ та 1999 жылға дейін де келіп жатқан, сондықтан осы бап бойынша миллионнан астам адам келді.

Он жыл ішінде қазақтардың саны 53-тен 65 пайызға дейін ұлғайды.

Солай болса-дағы Қазақстан халқының бірегей этно-конфессиялық құрамы сақ­тал­ды. Елде 140 ұлт өкілдері тұрып жатыр.

Қазақстандықтардың 70 пайызға жуығы - ислам, 25 пайызы - христиан, сондай-ақ басқа да діндерді ұстанады.

Санақ халықтың ақпараттық білімділік деңгейінің едәуір өскенін дәлелдейді. Халықтың 15 және одан жоғары жастағы 34 пайызының компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар, 20 пайызы интернетті пайда­ланады, 12 пайызы ағылшын тілін игерген.

Санақ көрсеткен ең басты нәрсе - Қазақстан халқының өмір сүруі жақсара түсті.

Соңғы 10 жыл ішінде халықтың нақты ақшалай табысының жыл сайынғы қарқыны орташа есеппен 10 пайызды құрады.

Зейнетақылар мен әлеуметтік жәр­дем­ақылар 3 еседен астамға, шәкіртақылар - 6 есеге өсті.

Жеңіл автомобильдер иелерінің саны 2,5 есе көбейді.

Тұрғын үй қоры 24 миллион шаршы метрге ұлғайды, олардың жартысы - ауылдық жерлерде.

Бұл осыдан жиырма жыл дерлік бұрын реформаларды бастаған кезде біздің басты мақсатымыз болатын.

Демек, біз бәрін дұрыс жасадық.

10 жыл ішінде елде 616 жаңа мектеп, 125 аурухана ашылды.

Ондаған жаңа театрлар, мәдениет үй­лері, кітапханалар мен мұражайлар, ста­дион­дар мен спорт алаңдары есігін айқара ашты. 29 мың километр дерлік автомобиль жолдары салынды және сапалы қайта жөнделді.

Мұның бәрі қазақстандықтар үшін, олардың өмір сүру сапасының өсуі үшін жасалды! Және бұл оң ілгерілеушіліктер санақ деректерінде көрініс тапты.

Санақ бізге халықтың жай-күйі туралы бағалы мәліметтер берді. Бұл ақпарат ел өмі­рін алдағы жылдарға нақты жоспар­лауға мүмкіндік береді.

Үкіметке санақ барысында алынған мә­ліметтер бойынша барлық бақылау есеп­теулерін жүргізуді, жыл аяғында түпкі­лікті нәтижелерін жариялауды және оларды әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыру үдерісінде ескеруді тапсырамын.

 

*   *   *

Енді Парламенттің алдағы сессиясының міндеттері туралы.

Біз қиын кезеңді еңсеріп қана қоймай, дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне жан-жақты дайындалуға тиіспіз.

Бұл біздің заңнамамызды байсалды да кешенді жаңарту мен жаңғыртуды талап етеді.

Бірінші. Үкіметтің алдына жыл аяғына дейін елдің 2020 жылға дейінгі даму бағдар­ламасын, яғни алдағы 10 жылға екі бес­жыл­дық бойынша бөле отырып, әзірлеуді аяқтау міндеті қойылған.

Бұл "Қазақстан-2030" Даму стра­тегия­сын орындау жөніндегі келесі қадам болып та­былады. Сондықтан бізге жаһандық өзгерістер мен үрдістерді ескеру керек.

Таяудағы онжылдықта мемлекет пен қоғамның күш-жігерін негізгі бес бағытқа:

- экономиканы дағдарыстан кейінгі қалпына келтіруге;

- оның орнықтылығын қамтамасыз етуге;

- бәсекеге қабілетті адами капитал жасауға;

- халықты арқаулық әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;

- ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, ха­лықаралық қатынастардың тұрақтылығын қолдауға шоғырландырған жөн.

Дағдарыстан кейінгі кезеңде елді ин­дустрияландыруға балама жоқ.

Үкіметке ағымдағы жылдың соңына дейін:

- елді индустрияландыруды ынталан­дыру­дың бесжылдық жоспарын;

- 2010-2015 жылдарға арналған Ин­дус­трияландыру картасын және Өндірістік қуат­тарды ұтымды орналастырудың 2020 жылға дейінгі схемасын әзірлеуді аяқтауды тапсырамын.

Қазірдің өзінде-ақ мәшине жасау, ме­таллургия, мұнай өңдеу, фармацевтика және химия саласында жалпы сомасы 30 миллиард доллар болатын 25 индустриялық жоба іріктелді.

Олар 35 миллиард доллар көлемінде тиімділік береді, 270 мың жұмыс орны ашы­лады.

Қазақстан экономикасын индус­трия­ландыру мен дамыту жөніндегі біздің бар­лық шараларымыз заңнамамен жақсылап қамтамасыз етілуге тиіс.

Индустриялық саясат туралы заңды ба­сымдық тәртіппен қараған жөн. Үкіметке оны дайындауды жеделдетіп, Парламент­ке енгізуді тапсырамын.

Тиімді индустриялық саясат иннова­ция­ларға, ең заманауи білім-білікке және технологияларға негізделуге тиіс.

Сондықтан Ғылым туралы жаңа заң әзір­леп, қабылдау, онда отандық ғылым са­ла­сын дамытудың қағидаттарын айқын­дау керек.

Экономикалық басымдықтардың бірі агроөнеркәсіп кешенін дамытумен бай­ла­нысты.

Сіздердің қарауыңызға шаруа (фермер­лік) қожалықтары қызметін жетілдіру мә­селелері бойынша заң жобасы ұсынылған. Оның уақытын созбай, қабылдау керек.

Біздің экономика үшін 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қа­зақ­стан, Беларусь және Ресей арасындағы Кеден одағын құру туралы келісімдер кең өріс ашады. Бұл еліміздің іс жүзіне асы­рылатын интеграциялық бастамаларының ма­ңызды құрамдас бөлігі болып та­былады.

Депутаттардың алдында үш елдің Кеден кодексі бойынша ратификациялық рә­сімдерді жүргізуді қоса алғанда, ортақ ке­дендік кеңістікті заңнамамен қамта­ма­сыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру міндеті тұр.

Екінші. Елдің қаржы секторының ор­нық­тылығы мен бәсекеге қабілеттілігін нығайту.

Дағдарыс қаржы жүйелерінің қазіргі үлгілерінің жалпыәлемдік ауқымдағы да, еліміздегі де кемшіліктерін көрсетіп берді.

Менің тапсырмам бойынша қазір ұлттық қаржы сәулетінің тұжырымдамасы әзірленуде.

Онда банк қызметі, валюталық реттеу және бақылау саласындағы заңнаманы кешенді жетілдіру мәселелері көрініс табады.

Біздің алдымызда қаржылық қадағалау рөлін айтарлықтай күшейту, сақтандыру мә­селелері жөніндегі заңнаманы өзгерту, бюджет заңнамасының тиімділігін арттыру міндеті тұр. Бюджеттің экономикалық да­му­дың маңызды көзіне айналуының мәні бар.

Тұтас алғанда елдің қаржы жүйесі эко­номиканы әртараптандыруға, инновация­лық-өнеркәсіптік өсуге жұмыс істеуі тиіс.

Бұл оны бағалаудың басты өлшемі болмақ.

Кеше Германия Канцлері мен Фран­ция Президентінің кездесуі болып, олар жанданып, жұмыс істей бастаған банктер өздерінің бұрынғы қателіктерін тағы қай­талап жатқаны туралы айтты. Бұл банктер өздеріне орасан бонустар қойып, сол баяғы таптаурын жолмен жүре бастаған.

Біз мұндайға жол бермеуге тиіспіз.

Қазақстандық банк жүйесінің бүкіл ком­мерциялық, қаржылық және валюта­лық тәуекелдерді шектен шығармай ұстап тұруы маңызды болмақ.

Экономика өсудің ішкі ресурстарын жан­дандыруы үшін қор жинаудың неғұр­лым жоғары деңгейін қамтамасыз ету керек.

Үкімет, ұлттық холдингтер мемлекеттік бюджет шығындарын қысқартуы және ұлт­тық қор нарығында қарыз алуды облига­ция­лар шығару арқылы барынша пайда­лануы қажет.

Шикізат секторынан түсетін кірістің ба­сым бөлігін Ұлттық қорда сақтауымыз бізге маңызды. Енді 10 жылдан кейін оның активтерінің көлемі ІЖӨ-нің ке­мінде 30 пайызын құрауға тиіс.

Елдің жалпы сыртқы қарызын да жауаптылықпен басқарған жөн.

Циклға қарсы фискалдық саясатқа өтуді көздеу керек. Бұл экономиканың өсуі кезінде мемлекеттің шығындарын қысқар­тып, ал баяулау кезінде оларды ұлғайтуды білдіреді.

Біз халыққа қиын жылдарда қаражат­ты жұмсау үшін оларды жақсы жылдары жинақтау керек дегенді жиі айтуға тиіспіз.

Үшінші. Елдегі іскерлік ахуал мен кә­сіпкерлік белсенділікті түбегейлі жақсарту.

Адал бәсекелестік, жеке меншікке қол сұқпаушылық және іскерлік бастаманы ынталандыру сияқты экономиканың негізгі қағидаттарының мызғымайтынын баса айтқым келеді.

Сонымен қатар нарықтық көзқарастар мен мемлекеттік реттеу арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табу да маңызды болмақ. Мемлекеттік тетіктер нарық қағидаттарын жүйелі түрде күшейтіп, толықтыра түсуге тиіс.

Қазір іскерлік ахуалды жақсарту мен отандық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жаңа жүйелі шаралар аса қажет.

Кәсіпкерлікті тексеру жүйесін оңтай­ландыру қажет. Біз бұл тақырыпты көптен бері және ұзақ уақыт айтып келеміз. Барлығын да бір Заңға жинақтау қажет, қалған басқасын жоюға қойып, тексеруші органдар шағын және орта бизнеске қыспақ жасамауы үшін тәртіп орнатайық.

Мемлекеттік және корпоративтік са­тып алуда қазақстандық қамтуды ұлғайту және импортты одан әрі алмастыру жөнін­дегі жұмысты жалғастыру қажет.

Үкіметке ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін тиісті заң жобасын Парламентке енгізуді тапсырамын. Біз бұл жұмыспен заңды түрде айналысу үшін оны жыл соңына дейін қабылдау қажет.

Төртінші. Әлеуметтік сала тармақтарын белсенді дамыту.

Депутаттар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша заңнамалық актілерге, білім туралы заңға түзетулер енгізуі керек.

"Нұрлы көш" бағдарламасын іске асы­рудың жалғасатынын ескерген жөн. Бү­гінде ол үш облыста - Ақмола, Шығыс Қа­зақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қанатқақты режімде орын­да­луда. Аталған бағдарлама отан деп орал­ған­дарға жеңілдікпен несие беру тетігі ар­қылы тұрғын үй алуына мүмкіндік ту­ғызады.

Депутаттық корпус ауылда еңбек ететін жас мамандарға көмектің жоспарланған шараларына қолдау көрсетуі керек.

Мен осындай үндеумен - ауылда жұ­мыс істеуге барлық жоо-лардың түлек­те­ріне қайырылған болатынмын. Жастар бұған белсене қолдау көрсетті.

Бұл, ең алдымен, тұрғын үй алу үшін 2010 жылдан бастап оларға нөлдік ставкамен бюджеттік несиелер төлеу. Ауылдық жерлерге көшіп барған жас мамандарға осы жылдан бастап көтерме жәрдемақылар төленуде.

Осы мақсатқа таяудағы үш жылда республикалық бюджеттен 14,3 миллиард теңге бөлінетін болады.

Парламент бюджет жобасымен жұмыс істеу кезінде "Жол картасын" іске асыру шараларын одан әрі қаржыландыруды көздегені жөн.

Жақында мен өңірлерге жасаған бір­қа­тар сапарымда "Жол картасын" іске асыру жұмыстарының барысымен таныстым. Депутаттардың да жергілікті орындарда болғанын білемін.

Мен осы бағдарламаға бастама жаса­ғанымда әрбір ауылға, әрбір отбасына жету міндетін қойғанмын. Мен оның орын­далып жатқанына көз жеткіздім.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лықты жаңартуда, жолдарды, мектептерді, балабақшаларды, ауруханаларды жөндеуде ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Экономикалық өсу жылдарында да мұндай болған емес! Ел іші бізге осы бастама үшін шынайы алғысын айтуда.

Сондықтан осы бағдарламаны іске асыруды жалғастыратын боламыз.

Бесінші. Парламент жұмысының шешуші басымдықтарының бірі әкімшілік және құқықтық реформаны қамтамасыз ету, қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру болуға тиіс.

Халықтың, ең алдымен, сот жүйесіне оның ашықтығы мен тиімділігі, соттар жұмысында заңдылықтың қатаң сақталуы арқылы сенімін арттыру керек.

Бұл туралы бірінші рет айтып тұрған жоқпыз, көптеген шаралар қабылдап, заңнамаға өзгерістер енгізудеміз. Біз соттардың жалақысын 60 пайызға өсірдік. Адамдар сотқа әділдікке жетеміз деп баруы үшін халық судьялар корпусынан сондай жұмыс күтуге құқылы.

Қазақстан азаматтарының қай нәсілге, ұлтқа және дінге тиесілігіне қарамастан, іс жү­зіндегі тең құқығын, адамның құқық­тары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін нормаларды заңнамада бекіту жө­нін­дегі жұмысты жалғастыру маңызды деп санаймын.

Қоғам үшін гендерлік теңдік туралы заң­наманы - тең құқықтар мен тең мүм­кіндіктер, тұрмыстағы зорлық-зомбылық­тың алдын алу мен оны тыю туралы заңдарды әзірлеп, қабылдаудың мәні зор болмақ.

Менің тапсырмам бойынша жаңа Құқықтық саясат тұжырымдамасы әзір­лен­ді. Оның қағидаларының негізінде қа­зақстандық заңнаманы жаңалау, заң шы­ғару үдерісін нығайту, оның сапасын арттыру керек.

Үкіметке заңдар мен заңнамалық акті­лерге ғылыми, оның ішінде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы сараптама жасау, мүд­делік қолдау (лоббистік) қызметі, элек­тронды үкімет мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалану туралы заң жобаларын ең бірінші кезекте әзірлеп, Парламентке енгізуді тапсырамын.

Парламенттің алдында жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің және Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобаларын қарау міндеті тұр.

Олар әкімшілік құқық бұзушылық­тарды қараудың барлық ресімінің ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс.

Осы сессия барысында құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруге, қыл­мысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күресті күшейтуге бағытталған заң жо­баларын қабылдау керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл науқан емес, бұл - маңызды басым­дығымыз. Бұл мәселеде ешқандай жағдайда есе қайырып, есеп айырысуға жол беруге болмайды. Соңғы уақытта бұл жұмыс күрт жандана бастады. Тергеуде жоғары дәре­жедегі шенеуніктер - орталық министр­ліктер мен ведомстволардың, бірқатар облыстық департаменттердің бұрынғы бас­шылары отыр.

Елімізде қолын мемлекет қалтасына сұққандарды жазалаудан сақтап қалатын орынтақтар мен кабинеттер болмауға тиіс.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті құқық қорғау органдары заңға қатаң сәйкес, барлық іс жүргізу нормаларын сақтай отырып жүргізуге тиіс. Мұны мен Бас прокуратураға тапсырамын.

Құқық қорғау органдарының өздері өз қатарларының тазалығын сақтауға тиіс.

 

Құрметті депутаттар!

Келесі жыл - еліміз үшін ерекше жыл. Ол аса маңызды тарихи оқиға - Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуімен ерекше болмақ.

Бұл құрметті миссия бізге үлкен жауап­­кершілік жүктейді және сонымен қа­тар бізге кең мүмкіндіктерге жол ашады.

Депутаттық корпусты шетелдік әріп­тестерімен белсенді жұмыс, ЕҚЫҰ-ның түрлі комиссиялары мен топтарының, оның Парламенттік Ассамблеясының қызметіне қатысу күтіп тұр.

Бұл мүмкіндікті Ұйымға қатысушы мемлекеттер парламенттерінің жұмысын зерделеп, оны Қазақстанда қолдану үшін пайдалану қажет.

Еліміздегі заң шығару үдерісінің сапа­сын едәуір көтеріп, оны еуропалық стан­дарттарға одан әрі жақындата түсу қажет.

Парламент барлық мемлекеттік орган­дармен бірге елдің ЕҚЫҰ төрағасы функ­цияларын орындауына белсенді қатысуға тиіс.

Қазақстанның осы міндетті ойдағыдай атқаруы және сол арқылы халықаралық саясаттағы беделі мен абыройын нығай­туы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау - біздің ортақ парызымыз.

 

Құрметті депутаттар!

Тұтастай алғанда Парламенттің кезекті сессиясы қауырт болмақ.

Біздің ортақ міндетіміз ел дамуының жаңа кезеңіне дайындықты заңнамалық қамтамасыз ету болады.

Осы жұмыстың басында "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының фракциясы жүруге тиіс.

Әрбір нұротандық депутат ортақ істің табысты болуына жеке жауаптылығын сезінуге міндетті.

Сіздерге үйлесімді жұмыс істеп, біздің Тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді, әрбір қазақстандықтың лайықты болашаққа, оның балаларының болашағына сенімділігін нығайтатын жаңа маңызды заңдар қабылдауларыңызға тілектеспін!

Ел мүддесі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын. Баршаңызға жұмыста толайым табыс тілеймін.

 

 

«АБАЙ-ИНФОРМ».

 

 

0 пікір