Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2711 0 пікір 1 Қыркүйек, 2009 сағат 05:05

Қазақстан әскери парад өткізу арқылы Конституция күнін жаңаша тойлап жатыр – Назарбаев

Астана. 30 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан тұңғыш рет Конституция күнін әскери парад өткізу арқылы жаңаша тойлап жатыр, деп атап көрсетті ҚР президенті – еліміздің жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұтан Назарбаев. 

«Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, еліміз бен бүкіл қоғамымызға беріктік берді. Сондықтан Негізгі заңды аялау, Отанымыз бен тарихымызды сыйлап қарағандай сыйлау - баршамыздың ортақ парызымыз. Әрбір қазақстандық Конституцияның мәнін тек мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге өзінің отбасы мен балалары үшін ардақтап, өзінің конституциялық құқықтарын біліп, және өзінің конституциялық міндеттерін құрметтеуімен қатар орындауы маңызды.

Сондықтан біз бүгін Конституция күнін жаңаша тойлап отырмыз. Конституция біздің негізгі құндылықтарымыз – тәуелсіздігіміз, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтты», - деді мемлекет басшысы әскери парад алдында.

Президент «барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың міндеті – осы құндылықтарды қорғауында» екеніне сенімді.

«Қорғаушылардың алғашқы қатарында біздің тамаша қарулы күштеріміз тұр. Сондықтан тұңғыш рет Конституция күні бас алаңда әскери парад өтіп жатыр. Мықты әскері бар кезде, оның шекарасы қорғалып тұрғанда, ел мен оның азаматтарының толық қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп тұрған кезде, мемлекеттің тәуелсіздігі мызғымайды», - деп ерекше атап көрсетті Н. Назарбаев.

«Мен, біздің қаруы күштеріміз, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары өзінің мемлекеттік міндеті – Қазақстан тәуелсіздігін нығайтуды аброймен атқарып жатқанын мақтанышпен айта аламын», - деп қосты ол. 

Н.Назарбаев, «бүгін біздің еліміздің өткені мен қазіргісі және болашағының мызғымас ұштасқанының символы болып табылатын «Қазақ елі» монументінің жанында  алғаш рет біздің ұлы тарихымыздың мұрагерлерінің парадтық бөлімшелері, әскердің барлық түрінің өкілдері өтеді», - деп атап өтті. «Қарулы күштерде қызмет ету – азаматтардың құрметті парызы, Отанды қорғаушыларға қамқорлық, барша қоғам мен мемлекеттің басымдылығы. Солай болған да, болып отыр және әркез солай бола да бермек», - деп атап көрсетті президент. 

«Әрбір әскери қызметкерге айтарым – сендердің ерен еңбектерің бұл біздің халықтың еркіндігінің, еліміздің тәуелсіздігінің, тұрақтылығының, барша қазақстандықтардың ертеңіне деген сенімділігінің кепілі. Әскери тәртіп пен әскери машықты нығайтыңдар, Отан қорғаушылары деген ардақты атақты аброймен алып жүріңдер», - деді ол.

«Біздің жерде әркез бейбітшілік пен келісімдік бола берсін. Біздің балаларымыз қарудың күші мен қуатын тек әскери жаттығуларда көрсін. Біздің туған еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мызғымайтын болсын», - деді мемлекет басшысы парадқа қатысушылар мен қазақастандықтарға қаратып.

Президент баспасөз қызметі атап өткендей, «Қазақ елі» монументінің жанында өткен парад қонақтары - Астана тұрғындары, танымал саясат және қоғам қайраткерлері, Ұлы Отан соғысының, қарулы күштердің ардагерлері мен Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері болды.

Әскери парадты қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қабылдап, парадты қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Нұрлан Жоламанов басқарды.

«Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңмен қорғаныс министрлігінің құрылықтағы әскерлерінің, әуе шабуылынан қорғаныс және әскери-теңіз күштерінің парадтық бөлімшелері, сондай-ақ ішкі істер министрлігінің бөлімшелері, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, төтенше жағдайлар министрлігінің және республикалық гвардия – барлығы 2000-нан аса офицерлер, келісімшарт әскери қызметшілері, әскери оқу орындарының курсанттары, және мерзімді қызметтің жауынгерлері өтті.

Әскери парадқа 120-дан астам қару мен әскери техникалар – бронетехникалар, артилериялық қарулар, жаппай ататын реактивті жүйелер қатысты. Одан соң Астана әуесімен әскери авиация звенолары - «Ми-17», «Ми-26», тасымалдаушы «Ан-26» ұшағы, оқу-жаттығу «Л-39» ұшағы, шабуылшы «Су-25», жойғыш- бомбалаушы «Миг-27», «Миг-31», «Су-27» жойғыштары ұшып өтті.

Әскери шеру соңында алаңмен құрама оркестр өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1230
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1130
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 867
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1010