Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2628 0 пікір 17 Мамыр, 2013 сағат 12:44

Айдос Сарым. Ант-су немесе Ескендір Зұлқарнайынның өлімі

Гректерде Стикс деген өзен бар. Негізі Стикс гректердің мифологиясында өлілер мен тірілер әлемінің арасындағы өзен болып саналады. Көне гректердің сенімі бойынша, өлгендер өзен арқылы қайықпен өтіп, о дүниелік болса, тірілер өзеннің жағасына келіп, бір-біріне серттесіп, ант-су ішеді.

Ескендір Зұлқарнайынның өлімін мұқият зерттеген Стэнфорд университетінің өкілдері оның дәл осы өзеннің суын ішіп, уланып өлгенін дәлелдеп бағуда. Әліге дейін өзеннің ішінде өте улы бактерия бар көрінеді. Бұл бактерия адам ағзасына түскен кезде калихеамицин атты токсикалық затты өндіретін екен.

Стэнфордтық ғалым Антуанетта Хейстің пікірінше, гректердің ұғымында Зевс құдай ант бергендерге сын ретінде Стикс суынан ұрттатқызады екен. Шынын айтқандарға бұл су еш зиянын тигізбейді. Ал өтірік айтқандардың жағы қарысып, бір жыл бойы қимылсыздыққа душар болатын көрінеді. Дәл сол гректер Ескендірді Зевс құдайдың баласы санаған. Сондықтан оған жаңағы Стикс өзенінің суын ішкізуі барлық тұрғыдан қисынды-мыс. Замандастарының жазбаларына сенсек, Ескендір 14 күн бойы жағы қарысып, паралич болыпты. Калихеамицин тудыратын удың әсері дәл осындай.

Ал екі әлемді жаулап, ұзақ жылдар бойы Грекиядан ұзап кеткен, үш өркениеттің тірі құдайы, алып империяның патшасы саналған Ескендірдің өз еркімен Стикс суын ішуі екіталай. Яғни, менің пайымдауымша, алдап ішкізген. Оның себебі мынау: Грекияның барлық полис-мемлекеттерін біріктіріп, ант-су ішкізіп, Парсы империясына қарсы шыққанда Ескендір мен оның серіктестері бір дәрежеде болатын. Достық, жолдастықтары керемет дамыған, бір-біріне үлкен құрметпен қараған.

Азияны жаулап алған соң Ескендір өзінің астанасы ретінде Бабылды таңдап, парсы елінің саяси және дипломатиялық протоколын, дәстүрлерін қабылдаған. Соның бірі баршаның патша алдына келгенде тізерлеп тұруы, тізерлеп ізет көрсетуі. Бұны гректер проскинеза деп атайды. Азат гректер үшін бұл керемет бір қорлық саналған. Ескендірдің серіктестері ішінен "Патшамыз алжыды, өзге дінге, мәдениетке өтіп кетті, бізді, біздің өркениетімізді, тарихымыз бен дәстүрімізді сатты" деген күңкілмен жүрген.  Оның үстіне барлығы да шетінен байып, бір-бір үлкен аймақтың сатрабы, яғни әкімі болды. Патша болса өз серіктестерін кемсітіп, олардың орнына империяның басқа халықтарының өкілдерін таққа жақындата бастады, қызметке тағайындады. Бұл оған деген жеккөрініштің тағы бір себебіне айналды.
Ал патшаның өзі оның "командасына" қауіп төндіре бастады. Одан қалай құтылуға болады? Пышақтауға, тұншықтыруға келмейді. Себебі құдайдың "сүйікті тұңғышы". оны "арам" жолмен өлтірсең өзің бәлеге қаласың. Құдайы жолы біреу - Стикс суын ішкізу. Құдай алса алады, алмаса - Ескендірдікі дұрыс, оны "жоғары жақ" қолдайды. Осындай қисынмен Стикстің суын анау Грекиядан алдырады. Оның үстіне жолда суға басқа да тыңайтқыштар қосылуы ықтимал. Себебі құдайларға "көмектесу" де міндет.
Қысқасы, біздің дәуірімізге дейінгі 323 жылдың 10 маусым күні жарты ай бойы жан мен тән азабын көрген әлемді тұңғыш жаулаған император Ескендір Зұлқарнайын дүниеден өтеді. Өзі құрған империяның бір аптада тоз-тозы шығады. Оның орынтағына таласқан серіктері оны біразға дейін жерлемей, тағы бір орасан зор ақтық әбігерге салады. Арасы бір жылдың ішінде оның үрім-бұтағы да Стикс өзенінің ар жағына өтіп кетеді.
Оны улағандар Макединияның қызметінен босаған әкімі Антипатр мен оның ұлдары, досы Кассандр мен шарап құюшысы Иол деген дәлелді болжам бар.

Ескендір Зұлқарнайын шығыс халықтарының, оның ішінде қазақтың тарихына, мәдениетіне керемет әсерін тигізген тұлға. Біздің жазба да, ауызша да әдебиетімізде, аңыз-ертегілерімізде орын алған кейіпкер. Олай болса, оның ғұмыры мен өлімі бүгінгінің саясаткерлері үшін сабақ болуы тиіс. Көрші елдерде Ескендірдің кебін киген Сапармұрад Түрікменбашы емес пе?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1982
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2370
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1944
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571