Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3366 0 пікір 17 Мамыр, 2013 сағат 06:11

Кетпеңізші, айбаттым, қайраттым!

;version=3" />;version=3" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="360" width="480">

;version=3" />;version=3" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="360" width="480">

Алаш арадагерлерінің туған топырағы - киелі Торғай даласындағы Арқалық қаласына 2012 жылы мамыр айында Берік Әбдіғалиұлы әкім болып тағайындалған еді. Торғай облысы бұрында Қостанайға қосылып, қайта бөлініп әрі-сәрі күй кешіп келген еді. 1995 жылғы оптимизация тұсында Торғай тағы да Қостанайдың қолтығына кіріп тынды. Содан бері Арқалық қаласы мен  аудан орталықтары, қиян шеттегі ауылдар көрмегенді көріп,  тауқымет тартумен келеді. Тек Арқалықтың ғана соңғы бірер жылда ажары қайта кіре бастаған сияқты. Қалаға Берік Әбдіғалиұлы барысымен тіпті жанданып, құлпырып, түтіні түзу ұшып, өзінің әлеуетті шаһар екендігін әйгілей бастаған. Іскер, мемлекетшіл тұлға Берік мырза Арқалық халқын баурап алды. Көңілдерін бірлендіріп толағай еңбек етті. Алайда біздегі халықшыл азаматтардың пәрменді қызметте көп отыра алмайтын «салтымен» Берік Әбдіғалиұлы да мінәйі себептермен  Арқалық қаласы әкімінің кеңсесінен шығып қалды. Қазір алтын басты азаматымыз қызметсіз бос жүр. Ол сірә, кәсіп-қаракетсіз қала қоймас. Бала-шағасының да қарынын аш қалдырмас. Бірақ Арқалықтың күретамырына қан жүгіртіп жігерлене жұмыс жасаған жақсы әкім енді қайтып орала ма, жоқ па? Жұрт соған алаңдаулы. Арқалық жұрты соны ойлап мұңаяды. Мына бір той-салтанатта орындалатын ән (видеоны қараңыз) «Ақ Берік» деп аталыпты. Белгілі әнге сөз жазып орындаған Ы. Алтынсарин атындагы Аркалык мемлекеттик педагогикалык институты,филология факультетінің 2 курс студенттері екен. Студенттер деген - қаланың ең сезімтал әм сергек  тұрғындары. Олар өз қаласының нағыз патриоттары. Ендеше  Берік ағаларын қия алмай қиналған студенттерін әнін тыңдап көрейік.

Abai.kz

Берік Әбдіғалиұлы

  • 1997 жылдың қарашасынан - ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы (Ақмола).
  • 1998 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (Астана).
  • 1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы мөңгерушісінің орынбасары (Астана).
  • 2000 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары (Астана).
  • 2001 жылдан - Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2002 жылдан - Ұлттық зерттеулер институтының директоры (Алматы).
  • 2003 жылдан - «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары (Алматы).
  • 2004 жылдан - «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті (Алматы).
  • 2005 жылдан - «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі (Астана).
  • 2006 жылдан - «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры (Астана).
  • 2007 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы (Астана).
  • 2008 жылдың наурызынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (Астана).
  • 2008 жылдың қазанынан - Президенттің Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры (Астана).
  • 2010 жылдың қаңтарынан - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі
0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1998
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2423
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577