Дүйсенбі, 17 Маусым 2024
Анық 3867 2 пікір 6 Мамыр, 2023 сағат 15:38

Қырғыз Конституциясы және оның екі артықшылығы

5 мамыр - Қырғыз Республикасының Конституция күні.

Мен қырғыз туғандарымды осы Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Туысқан, көрші Қырғыз еліне тыныштық, амандық және береке тілеймін.

Әрине, әр елдің өз заңы, өз ұстанымы болады.

Заң атауы адам баласына Алланың берген, сосын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда №217 А (III) қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы бекіткен құқықтар негізінде жасалады.

Қазақстан Республикасының Конституциясымен салыстырғанда, Қырғыз демократиясың Баш Мизамының екі артықшылығы бар деп білемін. Бұл екі артықшылық тіпті Орта Азия мемлекеттерінің Конституцияларында да жоқ.

Қырғыз оппозициясына сол екі норманың да енуіне қырғыз халқының Ұлттық лидері, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмүрбек Текебаевтың ықпалының зор болғаны белгілі. Сол үшін де Ол «Баш Мизамының атасы» деген атаққа ие.

Ашық айтатын, Қазақстан Республикасы Конституциясында дәл осындай екі норманың болмағанына байланысты, Көші-қон саясаты ақсап тұр. Әділеттілікті, теңдікті, заңдар мен нормативтік құжаттардың өз деңгейінде атқарылуын талап етіп алаңға шыққан азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылып, демократиялық принциптер бұзылуда...

Құрметті қырғыз туғандар!

Мереке құтты болсын!

Алла түркі баласына жар болсын!

***

Кыргыз Республикасынын Конституциясы

39-берене

Тынч чогулуштардын уюштуруучулары жана катышуучулары тынч чогулуш өткөрүү жөнүндө кабарламанын жоктугу, кабарламанын түрү, мазмуну жана берүү мөөнөтү сакталбагандыгы үчүн жоопкерчилик тартпайт.

51-берене

Кыргыз Республикасынын чегинен тышкары жашаган кыргыздар башка мамлекеттин жараны болгондугуна карабастан, Кыргыз Республикасынын жарандыгын жөнөкөйлөтүлгөн тартипте алууга укуктуу.

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

2 пікір