Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2782 0 пікір 5 Мамыр, 2013 сағат 21:01

Кемелі мен Қанатын ұмытқан Талдықорған Борьсенко үшін қара жамылды

Суретте: журналист, қаламгер Кемел Құсайынов

Алматы облысының Талдықорған өңірінде қазақтың ғана емес, бір кездегі одақ журналистикасында есімдері елге белгілі болған қабырғалы әрі қарымды қаламгерлер баршылық. Өкінішке қарай, олардың біразы елдің ертеңі, жердің болашағы деп жүріп, жүректеріне түскен салмақты көтере алмай  өмірден өтіп кетті. Қанат Асқар, Кемел Құсайынов, Айтан Нүсіпхан сынды арда азаматтарды еш ойланбастан сондай ұлты үшін отқа түскен оғландар десек қателеспейміз. Дегенмен, осы азаматтар өмірден өткенде қала, облыс басшылары селт ете қойған жоқ. Ағайын-туыстары мен дос-жарандары жиналып, арулап жер қойнына берген болатын. Көпшілік қауым тіпті арда азаматтарының қайтыс болғаны жайлы білмей де қалды десек артық бола қоймас.

Енді, міне, қазақ жұртының, оның ішінде жетісулық жағымпаздардың  орыс ұлтына деген «сүйіспеншілігі» мен өздеріне келгенде сорлы болып қалатындығының көрінісіне куә болатын оқиғаны көргенде қайран ағалардың аруақтарынан ұят болды-ау деп жерге қарадық.

«Өлген адам туралы жаман айтуға болмайды» дейді. Десек те, көңілімізге сыймағанды жеткізе кеткенді жөн көрдік. Алматы облысы мен Талдықорған қаласының басшылары  бірнеше күн бойы қайғырып, теледидардағы хабарды тоқтатып қойып, қара жамылған және облыстық телеарна алдында табытын қойып, қаралы митинг ұйымдастырған  Наталья Борсенко  шынында талантты журналист. Бірақ, тірлігінде оның қазаққа жасаған жақсылығы туралы естімеппіз де, көрмеппіз де. Қайта өз ұлтының қамын әрдайым бірінші орынға шығарып, қазақтарды екінші сұрыптағылар қатарынан қоюға құлшынатынын жиі байқайтынбыз және сонысы үшін кейде келіспей қалатынбыз. Қаралы жиынға келгендердің  көбі облыс басшылығының нұсқауымен жиналғандарын айтып жатты. Өйткені, облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов бастап, орынбасарлары Серік Мұқанов пен Серікжан Бескемпіров қостап, облыс және қала басшылығы тайлы-тұяғына дейін қолпаштап, осы жерге таң ата салысымен жиналды. Барлығы жүректерінің қайысқандықтарын білдіріп, жарты сағаттап сөз сөйледі. Баталов тіпті жылап жібере жаздады. Астанадан арнайы көңіл айту жолдаған Үмбетовтің аманатын орындады. Олардан облыстық газет пен телеарна басшылары да қалыспады. Ақыры екі сағатқа созылған қаралы жиыннан соң марқұмды жол полициясының бастауымен Сарқанға алып кетті.

Біз мұнда біреуге жасалған құрметті қызғанып отырғанымыз жоқ. Марқұм басқа, басқа басшыларға жаққан шығар. Тек өзімізге келгенде кежегеміз кері тартып, басқаға келгенде жайылып жастық, иіліп төсек болатындығымызға қарнымыздың ашқандығын айтпақпыз. Мәселен, жоғарыда айтылған қос азамат: Талдықорған облыстық газетінде, облыстық телеарнада, әлеуметтік қорғау басқармасында басшы, ҚР Парламентінде депутат болған Қанат Асқар мен қысқа ғана ғұымырында туған жерінің жоғын түгендеп, барын мақтан етіп өткен Кемел Құсайыновтар қайтыс болғанда  қалалық, облыстық деңгейде ешқандай қаралы митинг ұйымдастырылмағаны, облыс, қала басшылары төбе көрсетпегені есімізде. Ақындығымен Алашты мойындатқан Әбен ағамыздың - Әбен Дәуренбековтің де елеусіз қалғанына, басының  әлі қараймағанына жүрегің ауырады. Осындай арыстардың аруағын аттап өткендер Борьсенко  өлді деп қара жамылғанына   қарап, қайран қалады екенсің.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 403
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 220
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 241
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 232