Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3358 0 пікір 3 Мамыр, 2013 сағат 07:02

Байқауға қатыс, бақ сына!

Фотоөнер жәй ғана аппараттың шүріппесін басу дегенді білдірмейді. Табиғи, көркем, бояуы қанық әрі тілсіз сөйлейтін фотосуретті халыққа ұсыну - фотоөнердің хас шеберінің ғана қолынан келеді. Кей адамдардың бойында фотоға түсіру қабілеті жасырынып жатуы да мүмкін. Оны білу үшін ең бірінші бақ сынап көру керек.

Жастардың шығармашылық қабілеттерін ашып, фотоөнерге бейімдеу, фотоөнерді ізгі мақсаттарға қолдануға шақыру мақсатында www.kalaisyn.kz жастар порталы«Фотолавка»  мамандандырылған сандық  фототехника дүкенімен бірігіп 1 маусым - балаларды қорғау күні қарсаңында «Бақытты балалық» атты қазақстандық кәсіби және әуесқой фотографтар арасында фотобайқау ұйымдастырмақшы.

Фотобайқауды Балаларды қорғау күніне арнаудың да өзіндік сыры бар. Сәбидің риясыз күлкісі - ол бейбітшіліктің нышаны, ол - бақыттың нышаны. Сол бақытты сәтті шеберлікпен көрсете білу - бақыт пен қуанышты көпшілікпен бөлісу.  Порталға суреттер 2013 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады. Келіп түскен суреттер іріктеліп, мамырдың 20-сы мен 30-ы аралығында дауысқа түседі.  Маусым балаларды қорғау күні - жеңімпаз анықталады. Байқау шарттарымен www.kalaisyn.kz таныса аласыздар.

І орын - Epson L800 принтері

ІІ орын - Compact Flash Transcend 32 Гб

ІІІ орын - фотоаппаратқа арналған Vanguard сөмкесі.

Бақытты сәттермен бөлісіп, бақ сынап көріңіздер.

0 пікір

Үздік материалдар