Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
1913 5 пікір 28 Сәуір, 2023 сағат 13:59

Қазақстан TikTok-пен келісім жасап жатыр

LONDON, ENGLAND - FEBRUARY 28: In this photo illustration, a TikTok logo is displayed on an iPhone on February 28, 2023 in London, England. This week, the US government and European Union's parliament have announced bans on installing the popular social media app on staff devices. (Photo by Dan Kitwood/Getty Images)

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қазақ тілінде контент жасаушылардың VI форумында онлайн платформалардағы қазақша контенттің үлесі 87 пайызға жеткенін айтты.

«Үшінші бағытымыз – қазақ тілді контентті дамыту. Бұл бағытта жаңа айтып кеткен доктрина бойынша нақты шаралар жоспарын бекіткенбіз. Қазіргі кезеңде қазақ тілінде мемлекеттік БАҚ-тағы орташа статистика – 85 процент. Біз мұны тағы да арттыруды көздеп отырмыз. Әсіресе онлайн платформаларда 87 процентке дейін (қазақ тілінде контент -ред.) өсті. Саны да, сапасы да артып келеді. Сондықтан жалпы мына креативті индустрияға, сериалдарға, басқа да өнімдерімізге ішкі нарықта ғана емес, сыртта да сұраныс көп», - деді министр.

Оның сөзінше, бұл саладағы әлемнің алпауыт компаниялары Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр.

«Соның ішінде өкілдіктерін ашу мәселесі, Қазақстанда тіркелу, интерфейстерін қазақшалау мәселесі шешімін тауып жатыр. Мысалы TikTok біздің ұсынысымыз бойынша интерфейсін қазақшалады. Жалпы TikTok-пен балалар құқықтары, басқа да мәселелер бойынша келіссөздерді бастап кеттік.

Мамыр айының соңында жаңа медиа форумын өткіземіз. Соған баршаңызды шақырамыз. Ол жерде біз жасанды зейін жөнінде кеңірек әңгімелейміз деп ойлаймын», - деді министр.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2471
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672