Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3565 0 пікір 23 Сәуір, 2013 сағат 10:40

МАТАЕВТЫҢ ҚОЛЫМЕН ОТ КӨСЕУ НЕМЕСЕ АЛМАТЫ ТҮБІ АЛМА-АТА БОЛА МА?

Осыдан екі-үш жыл бұрын қазіргі Мәжіліс депутаты, сол кезде Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінде отырған Серік Сейдуманов Алматының атауын өзгерту туралы бастама көтеріп, жұртты бір дүрліктіріп еді. Соңы қоғамдық талқылауға ұласқан дүрлігу көпке бармай саябырсыған болатын. Кейін Мәжіліс табалдырығын аттаған Сейдуманов түбінде «Алма-Атамен» қайта қауышатынымызға сенімді екенін айтып, миығынан күлген-ді. Енді міне, сол сөз тағы айтылды. Басқа емес, журналистердің Одағын басқарып жүрген Сейітқазы Матаевтың аузымен. «Алма-ата» деп атағанымыз дұрыс, түбі осыған келеміз» дейді Секең сенімді. Сөйткен Матаевтың өзінің басы дауға қалды. «Журналистер Одағын басқарып, күллі қалам ұстаған қауымның атынан сөйлейтіндей ол кім екен сонша? Одақты басқаратын басқа адам табылмай қалды ма?» деген айыптауға толы үшбу хат ғаламторды шарлап кетті. Хатты кім жазғаны әрі кімге бағытталып жазылғаны да белгісіз. Бір белгілісі, Журналистер одағының төрағасына бұрыннан  тіс қайрап жүргендер болуы керек. Ал мына бастамасы «Құланның қасуына мылтықтың басуы» дегеннің кері болғандай. Жә, айтпағымыз бұл емес еді. Бізді алаңдататыны, бәрімізге ыстық Алматы атауын «Алма-ата» деп өзгерткенде не ұтамыз? Одан халыққа келер пайда қайсы? Ел аман, жұрт тынышта жоқ жерден дау шығарған Сейітқазы Матаевтың көксегені не? Әлде, біреулер айтқызып, Матаевтың қолымен от көсеп отыр ма?

Қали СӘРСЕНБАЙ, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы:
Алматы атауын өзгертудің ешқандай қисыны жоқ
- Ғасырлар бойы жасап келе жатқан Алматының тарихы тереңде жатыр. Тіпті, баяғыда «Алмату» деген жазуы бар теңге де табылған. Сондықтан ол атауды ауыстырудың ешқандай қисыны жоқ. Бұлай етудің арғы жағында не тұрғанын білмеймін. Өткен жылы қала әкімі Ахметжан Есімов бұған қатысты «Алматы атауы ешқашан өзгермейді» деп нүкте қойған болатын. Бұл осы тақырыпқа нүкте қояды деп ойлаймын. Себебі, ол қала басшысының пікірі. Конституцияда солай жазылған. Алматы ежелден өз атауымен келе жатқан қала. Арасында Верный деген секілді атпен уақытша аталған. Осындай атау берген біздің ата-бабамыз ақымақ емес шығар. Тіпті, қаланың аты Алматы емес, кезінде Алмалы деп аталған. Қазір олай ешкімнің де атағысы келмейді. «Алмату» деген жазуы бар теңге табылғанда Мәскеуден арнайы нумизматикамен айналысатын адамдар келіп тексергенде бұрын қаланың үлкен өндіріс орны болғанын анықтаған еді.

Серік СЕЙДУМАНОВ, депутат:
Қазір қарсы болғандар кейін құптайтын болады
- Қазіргі уақытта қала атауын өзгертудің қажеті жоқ шығар. Бірақ болашақта ол міндетті түрде өзгереді деп ойлаймын. Қазақ тілінде Алматының аты Кеңес дәуірінде де, қазір де Алматы болып келеді. Ол ешқашан өзгермейді. Алайда «Алма-Ата» деген транскрипция болды. Біреулер орыс тілінде болды десе, бірі басқа тілде болды дегенді алға тартады. Орыс тілінің дәуірі жүріп тұрғанда Алма-Ата деп жазылды. Шетелде де тура осылай аталғанын ескеруіміз керек. Бұл тарихи мәлімет. Солай бола тұра неліктен біздің қоғамда оған қарсы адамдар бар? Қарсы болып отырғандардың бәрі өзіміздің қазақтар. Басқа ұлттар тарапынан қарсылық байқалмайды. Бөлінбеу керек. Бізге белгілісі, Алматы - қазақтың сөзі. Орысша аталған Алма-Атаның өзі қазаққа бөтен емес. «Алма» мен «ата» деген атау бізде бар емес пе? Біз осылай жазғанмен басқа елдерде транскрипция бәрібір өзгереді. Ол бізге қарамайды. Мысалы, біз Москва бола тұра оны Мәскеу дейміз ғой. Саратовты Сарытау дейміз. Тура сол секілді. Бізге қалай ыңғайлы болса, солай айта береміз. Бүгінгі қоғам өсу үстінде. Жиырма бір жыл болған тәуелсіздіктің жемісін көретін уақытқа келіп жеттік. Бірақ санамызда қорқақтық, жалтақтау бар. Сол бізді тежеп тұр. Уақыт өте келе қазір қарсы болғандар кейін қолдай бастайды.
Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, Халық әртісі:
Алматыны «Алма-Ата» деп өзгертсек,
өзімнің әніме жаным ашиды
- Бұл енді қиындау мәселе. Алматыны «Алма-Ата» деп өзгертсек өзімнің әніме жаным ашиды. Бір жағынан Алма-Ата деп бөлек жазылуы Нью-Йорк, Сан-Франциско деп жазылған атау секілді дүние ғой.  Алматы деген қазақи, құлаққа жағымды естіледі. Ал енді соны қайтадан бұрынғы қалпына келтіруге қандай қажеттілік туындап отырғанын түсінбедім. Меніңше, Алматы болып қалғаны дұрыс. «Алма-Ата» деу әлемдік деңгейдегі лауазым секілді болып естіледі. Бала кезімізде «Алма-Ата» деп айтып, солай жазатынбыз. Мұның ауысқанына отыз жылдай ғана уақыт болды. Ауыстырса ауыстыра жатар. Әлемдік деңгейге шығамыз деген ой шығар. Бұл туралы билік не дейді екен? Сейдумановтың айтып жүргені бір жағынан дұрыс та шығар. Себебі, ол Алматы қаласы үшін біраз тер төкті.
РS: Біздің Сейітқазы Матаевтың жеке өзіне еш қарсылығымыз жоқ. Азамат ретінде, әріптес ретінде сыйлаймыз. Бірақ тарихшы емес, басқа емес, Журналистер одағының төрағасының қоғамнан қолдау таппаған тақырыпты қайта қозғағанына таңымыз бар. Еріккеннің ермегіне айналдырмай, кім көрінгеннің илеуіне тастамай осы мәселеге нүкте қоятын уақыт жетті-ау, осы!
Ж.ҚАРЖАН

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1463
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1318
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1071
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1119