Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3193 0 пікір 19 Сәуір, 2013 сағат 09:20

Тимур Назханов: «Бүгінгі эконoмика шенеуніктердің баюына арналған»

Сәуірдің 4-інде Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев елде кәсіпкерлікті дамытуға жарқын жол ашылып, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселе шешіліп қойған деді. Ал шынында да елде кәсіпкер атанған қауымның тірлігі қандай деген оймен Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының вице-президенті Тимур НАЗХАНОВ мырзаға жолығып, көңілге түйген біраз сауалдарымызды қойып, «Дат, тақсырға» әңгімеге тартқан едік.

- Сәуір айының басында кәсіпкерлермен кездесу өткізген президент Назарбаевтың айтуынша, кәсіпкерлік құрылымдарды тексеруге заңнамалық тыйым салыныпты. Ал шын мәнісіндегі жағдай қандай: кәсіпкерлікке кедергі келтіріп отырған мекемелердің тексеру әрекеттері тыйылды ма?

Сәуірдің 4-інде Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев елде кәсіпкерлікті дамытуға жарқын жол ашылып, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселе шешіліп қойған деді. Ал шынында да елде кәсіпкер атанған қауымның тірлігі қандай деген оймен Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының вице-президенті Тимур НАЗХАНОВ мырзаға жолығып, көңілге түйген біраз сауалдарымызды қойып, «Дат, тақсырға» әңгімеге тартқан едік.

- Сәуір айының басында кәсіпкерлермен кездесу өткізген президент Назарбаевтың айтуынша, кәсіпкерлік құрылымдарды тексеруге заңнамалық тыйым салыныпты. Ал шын мәнісіндегі жағдай қандай: кәсіпкерлікке кедергі келтіріп отырған мекемелердің тексеру әрекеттері тыйылды ма?

- Жоқ, тыйылған жоқ! Кәсіпорындарды тексеруге болмайды деген сөз айтылғаннан бері де үш төрт жыл уақыт өтті. Жаңадан тіркелген кәсіпорындар алғашқы үш жылға дейін тексерілмейтіні туралы да айтылған болатын. Себебі мемлекеттік тексеру орындардың құзыреті күштілігі соншалық, әртүрлі сылтаулармен шағын және орта бизнесті (ШОБ): өрт қауіпсіздігі, санитарлық эпидемиологиялық, салық, экологиялық мекемелері кез келген уақытта барып тексереді. 2006 жылы «Жеке меншік кәсіпкерлік туралы» заң қабылданған болатын, төрт жыл бұрын осы заңға қайтадан өзгеріс енгізіліп, тексеру тәртібі қандай болуы керектігі жөнінде бір бап емес, толық бір тарауы арналды. Сол тарауда қандай жағдайда тексеру жүргізілуі керектігі жөнінде анық көрсетілген-ді. Одан кейін «Мемлекеттік бақылау жөніндегі заң» шықты, онда кәсіпкерді қалай тексеру керектігі, олардың құқы мен міндеті туралы атып көрсетілген. Бірақ тексерушілер тұрғындар өмірінің қауіпсіздігіне қатысты тұсын (әсіресе санитарлық-эпидемиологиялық орталықтар) өз мүдделеріне өте жақсы пайдалануда. Олар прокуратурадан рұқсат алмай-ақ, кез келген уақытта азық-түлікті, күнделікті тұтыну тауарларын тексере жөнеледі. Заң бойынша құқық қорғау мекемелерінің тексеруі азайғанымен, осындай бақылаушы мекемелер «қырағылық» танытып отыр. Күні бүгінге дейін ШОБ-ті ретсіз тексерудің үлесі 90 пайыздан асып кетті. Бұл жағдайды тоқтату қиын, ол үшін өз мүддесін көздеген мекемелерді тексеру құзыретінен айыратын заң шығуы тиіс. Мемлекеттiк органдар қайткен күнде де кәсiпкерлердi ырқына жiбермеуге тырысу себебі - кәсiпкерлер олардың күнкөрiс көзi. Түптеп келгенде, кез келген тексерiстiң мақсаты бiреу-ақ. Ол - кәсiпкерлерге қысым жасау, айыппұл салу арқылы пара алу.

- Біздің экономикада орта және шағын бизнестің Ішкі жалпы өнімдегі (ВВП) үлес салмағы небәрі 17 пайызды ғана құрайды екен. Ал өндіріс саласындағы үлесі - небәрі 3 пайыз ғана. Мұндай көрсеткіш елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма?

- Осыдан екі-үш жыл бұрын үкімет бағдарлама қабылдағанда, 2015 жылға дейін ШОБ-тың үлесін қырық пайызға көтереміз деген еді, былтырдан бастап ол мерзімді 2020 жылға дейін созды. Осы 17-20 пайыздың өзі 2004-2005 жылдардан бері бір орнынан жылжымаған көрсеткіш. Алдағы оншақты жылдың ішінде 40 пайызға жете қоямыз десек, өзімізді алдаған болар едік. Бізде тіркелген кәсіпорынның өзі 1млн 300 мың десек, жалпы ШОБ-тың мұндағы үлесі 95 пайыз. Сырт көзге халықаралық тәжірибе тұрғысына сәйкес келетін мөлшер. Ал оның біздегі алғы шарттарын қарасақ, елімізде осы бизнес құрылымында тұрғындардың 32 пайызы ғана жұмыс істейді екен. Дамыған елде ол көрсеткіш 50-70 пайызға дейін жетіп, тұрғындардың басым бөлігі осы кәсіппен айналысып, тұрмысын дөңгелетіп отыр. Ал біздегі жұмыс істейтін 8 миллион халықтың 2 миллионы ғана ШОБ-пен күнін көреді.

Тұрғындардың «самозанятый» деген бөлігін жұмыссыз жүргендердің қатарына қосуымыз керек. Олар үкімет тарапынан қабылданған әлеуметтік бағдарламаға кірмейді, зейнетақы ала алмайды, өйткені міндетті төлемақы аударылмаған, басына қиын жағдай түссе, жәрдемақы да ала алмайды. Қорасындағы бірер сиырын, қойын сатып күнін көруде. «Өз күнін өзі көріп жүргендерді» біздің шенеуніктер жұмыспен қамтылғандардың қатарына қосып, жұмыссыздар саны бес-ақ пайыз деп есеп береді. Сол есепке қарағанда, біз дамыған елдердің қатарына жетіп қалыппыз. Еуропа елдерінде жұмыссыздық 3-5 пайызды құраса, біз сол деңгейге «жеттік»! Күлесіз бе, жылайсыз ба? Өндіріс саласында ШОБ-тың үлесі 3 пайыз деп жатырмыз, шынын айтқанда, статистикада ШОБ деп жалпы жазылғанымен, шағын бизнесті орта бизнестен бөліп қарасақ, оның үлесі үш пайызға да жетпейді. Орта бизнеске өндіріспен айналысатын кәсіпорындарды жатқызамыз, шағын бизнес - сауда-саттық, қызмет көрсету түрі мен ауыл шаруашылығымен айналысатындар. Сол үш пайызыңыз дамыған елдердің өзінде де дамып кетті деуге болмас, бірақ шығарып жатқан өнімдерінің айналым үлесі біздің 3 пайызбен салыстыруға келмейді. Өнімдерін өз елін қойып, шетке шығарып саудалап жатыр. Ел тұрғындарының 45 бес пайызы ауыл халқы десек, ШОБ-тың сол 2-3 пайызы Американы тойдырып жатыр. Өркениетті елдің көрсеткішімен салыстырғанда, біздегі көрсеткіш елдің экономикалық қауіпсіздігі түгілі, өзінің мүддесін қорғауға да шамасы жетпей жатыр, деп айта аламыз.

- Ал президенттің пікіріне қарағанда, алдағы онжылдықта бұл көрсеткішті 40 пайызға жеткізу көзделіп отыр екен. Мұндай үлкен секіріс жасау үшін, үкімет тарапынан ШОБ-ке қандай жағдай жасалуы керек деп ойлайсыз?

- Өте маңызды сұрақ екен. Ішкі жалпы өнімдегі ШОБ-тың үлесін 40 пайызға жеткізу керектігін үкімет тарапынан неше жылдан бері айтып жатырмыз. Әрбір екі-үш жылда салалық министрлер ауысады, жаңадан келгені «ұсыныс айтыңыздар, көмек береміз» деген уәдесі сол күйінде қалады. Ал келесі келгені де солай, қашанғы ұсыныс айта береміз? Ешкімге есеп бермейді, солардан есебін сұрап жатқан құзырлы орынды естімедік. Тіпті ұсыныстарымызды апармайтын халге жеттік, бәрі қағаз жүзінде қалатыны белгілі емес пе?!

Сондықтан ең бірінші кезекте несие мәселесін реттеу қажет. Кәсібін бастаған тұлғаға қалтасында табысы болмаса несие бермейді, қазіргі жағдайда жердің, жылжымайтын мүліктің құны түсіп кетті, өркениетті елдерде ауыл шаруашылығын көтеруге алғашқы үш жылға үстеме пайызсыз несие береді. Бізде ең аз дегенде 12-14 пайыз үстеме қосады , оған құжат дайындау үшін қаншама уақыт кетеді.

Өзіме белгілі бір деректі білемін, таныс кәсіпкер азамат экономика министрлігі, жергілікті әкімшілік пен банктің ортасында бір жыл сандалды. Ең соңында несие алатын болып еді, уақыты тағы да созылып кетіпті. Үкімет тарапынан жеңілдікпен берілетін несиені алуға бәрінің мүмкіндігі де, құжат дайындауға уақыты да жоқ. Сондықтан ШОБ-ты қолдайтын мемлекеттік бағдарлама көп болуы шарт. Әр салаға: сауда, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы өндірісі саласына жеке-жеке бағдарлама қабылдау керек. «Бизнестің жол картасы» деген бар, оның көбі өндіріс саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге арналған. Ол саладағы ШОБ үлесін жоғарыда айтып өттім, 3-ақ пайыз. Кәсіпкерлердің жартысы несие алып, қарызға белшесінен батып отырғандар, оларға банк несие бере ме? Қарызын қайтаруы керек. Мемлекеттік бағдарламаға қатысқан кәсіпорындарды мемлекеттік бес мекеме тексеруден өткізеді: «Даму» қоры , экономика министрлігі, әкімшілік, прокуратура, қаржы полициясы. Тіпті өз кәсібін ашамын дегендер осы тексерушілерден қорқып, алған ойынан бас тартуға мәжбүр.

Кәсіпкерлікке рұқсат беретін құжаттарды біздің елде «золотое дно» деп бекер атамайды, ірілі-ұсақ шенеуніктердің табыс көзі дәл осы жерде. Бір анықтама алу үшін, мемлекеттігінен басқа жанама құрылымдар ақша табады. Сөйтіп, әртүрлі сылтаумен ақша табатын ұсақ мекемелердің кесірі көпке тиіп жатыр.

- Біздің елдің Кедендік одаққа кірген алғашқы жылдағы көрсеткішін өткен мерзіммен салыстырар болсақ, бұл одақ ШОБ-тың дамуына қандай әсерін тигізді деп ойлайсыз? Өсу бар ма, өшу бар ма?

- Ісі алға жылжыған кәсіпкерді қолыммен ұстап, тізіп бере алмасым анық. Өйткені ШОБ тегі бәсекелестікке қабылеттілік елімізде дамымаған, көп салаға монополистер үстемдік етіп, нық отырып алған, ешкімді жанына жуытпайды. Ал қызмет көрсету орындары: ресторан-кафелер, фотосуреттер шығару салоны, шаштараздар толып жатыр. Олардың сапасы да, деңгейі де әртүрлі. Басым бөлігі нарық заңына сай емес. Ал бізге кіріп жатқан ресейлік өндірістік компанияларға жағдай жасалғанын да атап өтуіміз керек.

Керісінше, Ресей біздің ШОБ-ты тарифсіз реттеу, стандарттау, техникалық, сертификаттаудан өту керек деген әртүрлі сылтаумен кіргізбей жатыр. Әу баста Кедендік одақтағы нарықта 165 миллион халық (одаққа мүше елдердің) жұмыспен қамтылады деген еді, оның бәрі сөз күйінде қалғанына куә болып отырмыз. Одаққа кіргелі бері біздің экспортымыз азайып, импорт жағы басымдық танытты. Былтыр беларусьтардың тауары көбейсе, биыл құны арзан бағадағы ресейлік тауарлар көбейді. Біздің өндіріс өнімінің бағасы аз болса да, қымбат күйінде қалыр отыр. Себебі электр, су, жылу жүйесіндегі монополистердің үстемдігі күшті,тарифтерді бірнеше есеге қымбаттатып отыр. Сөйтіп, кедендік кедергінің кеселін тұрғындар тартып отыр.

- Біздің ұлттық бизнес Кедендік одаққа кірген алғашқы жылы-ақ тоқырауға тап болды. Ал Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіргенде жағдай қалай боларын болжап бере аласыз ба?

- Сол әлемдік ұйымға кіруге ұмтылыс 1996 жылы өтініш беруден басталған. Бізбен бірге Қырғызстан да өтініш берген еді. Олар кірді, бірақ олар әлемдік экономиканың заңдылықтарымен санаса алатындай қабілетке ие болды ма? Жоқ, әрине! Қырғыздардың ІЖӨ-нің мөлшері бес миллиард доллар ғана. Халқының тұрмыс жағдайы нашар екенін барыс-келісте көріп жүрміз. Жартысы Ресейде, жартысы біздің «барахолкада» жұмыс істеп жүр . Кедендік одаққа кірдік, ал ДСҰ-ға биыл кіреміз деп жатырмыз, ол ұйымның да өз тәртібі, талабы бар дегендей, кірген кездегі жағдай қалай болатынын кім айта алады? Ұрандату бар, ал ұйымға мүше болған соң, өркениетті елдермен теңесуге шамамыз жете ме? Кедендік одаққа кірген соң, Ресейдің тарифтік саясатына жүгініп едік, іле-шала Ресей ДСҰ-ға кіріп, тарифтерін арзандатып жіберді. Мұның қисыны қай жерде: ДСҰ-ға кірген елдердің шекарасы ашық, тарифтері төмен болуы керек. Біз болсақ, керісінше, жанталасып, тарифтерді көтеріп жатырмыз. Биыл сол ұйымға кірсек, қайтадан төмендетеміз бе?

Мұндай әлемдік ұйымға ұмтылысты экономикалық емес саяси мүдде тұрғысынан пайымдауымыз керек. Сондықтан қай ұйымға мүше болсақ та, ШОБ ұтты немесе ұтады деп айта алмаймын. Бәсекелестікке қабілеті төмен орта бизнес дайын емес, ал шағын бизнес туралы айтудың өзі ұят!

- Біздегі мұнай-газ және металлургия саласында ұлттық бизнес өкілдері жоқтың қасы (Тимур Құлыбаевты есепке алмағанда). Бұл саладағы негізгі басымдылық шетелдік компаниялар мен келімсектердің үлесіне берілген. Осы экономикалық саясаттың мәнін сіз қалай түсіндіріп берер едіңіз?

- Бұл да саяси мәселе дер едім. Тоқсаныншы жылдардың басындағы жекешелендіру кезінде алып зауыт-фабрикалар жабылды, сол кезде еліміздегі бірталай кәсіпорындарды жекешелендіріп алған шетелдік компаниялар ел байлығының қызығын көріп жатыр. Соңғы кездерде мұнайға қатысы бар компаниялардағы үлесіміздің біразын қайтарып алып жатырмыз. Ол да әзірге баяу жүргізіліп жатқан іс. Дегенмен, бұл мәселе мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты арқылы ғана шешіледі.

- Жасыратыны жоқ, Қазақстан импортының үлкен бөлігін азық-түлік өнімдері құрайды. Біздегі ірімшіктің 90, ал майдың 60 пайызы сырттан келеді. Қазақстан аграрлы мемлекет деп, қанша жерден жар салсақ та, ет пен сүтті шеттен тасуымызға не себеп?

- Себебі ШОБ-ке ауыл шаруашылығын көтеру үшін жағдай жасалып жатқан жоқ. Тіпті «жүз мектеп, жүз аурухана» діттеген жеріне жетті ме? Ішінара ірі компаниялар бар ауылдағы астықпен айналысатын. Ал жеміс-жидек, көкөніс шаруашылығымен айналысатындардың тірлігі ұсақтап кетті, оған қоса су тапшылығы деген тағы бар. Фермер мен су жеткізушінің арасына делдал кірісіп, ақыры судың ақысы қымбаттап кетті. Ауылдағылардың несие алуға мүмкіндігі жоқ. Әртүрлі «Агро» деп айдар тағылған мекемелердің көмегі алыс ауылға жетпей жатыр. Ұлттық қауіпсіздіктің бір назары осы азық-түлікпен байланысты болуы керектігі бүгінгі күннің мәселесі. Ауылға деген көзқарасты өзгертіп, мемлекеттік ерекше бағдарлама қабылдануы тиіс. Әлемдік ұйымға ұмтылудың арқасында елімізге әртүрлі азық-түлік өнімдері енуде, ұлттың болашағын ойласақ, гендік мутацияға әкеліп тірейтін өнімдер мәселесін алдын ала зерттеуіміз керек.

- Астанада тендерді жеңіп алған ЖШС сол қаржысын жергілікті жерге жеткізгенге дейін 30-40 пайызынан айырылады, ол соманы облыстық, қалалық және аудандық дәрежедегі әкімдер мен тиісті ведомство басшылары қалтаға басады деген пікірге қарсылығыңыз бар ма?

- Жоқ, әрине! 2000 жылдардың басында сол параның көлемі он пайыздан асады деуші еді, енді ол 50 пайызға жетіпті. Мәселен, бір ғана құрылыс саласын алсақ, ертеңгі күні олар арзан немесе бұрын пайдаланылған материалды іздейді, сонда «Бесоба» неге опырылды деген сауалдың жауабын табасыз. Жол салу қандай күйде? Күзде төселген асфальт көктемде ойдым-ойдым болып жатады. Демек, тендердің қаржысы талан-таражға түсіп, ең соңында сапасыз істің нәтижесін көреміз. Жемқорлық, қаржы жымқырудың бір көзі осы тендерде жатыр.

Ал ол тендеріңізді кім алатыны алдын ала белгіленіп қоятынын ескерсек, ШОБ-қа кім кедергі? Президенттің өзі мыңнан асатын құжаттар санын азайту керек деген болатын, жеті жүзге дейін азайып еді, жуырда сол көрсеткіш тағы да мыңға жетіп жығылыпты. Тағы да тапсырма берді, нәтижесін алдағы уақытта көрерміз. Тендер басталардан бір-екі күн бұрын кәсіпкерлердің құжатынан болмасыз бір әріп қатесін тауып, кедергі келтіреді, тендерге қатысушы амалсыздан қалтасынан бірнеше ондаған мың теңгесін суырып беруге мәжбүр болады

Зерттеу өткізгенде, ШОБ-ты тексеру үшін талай миллион теңге бюджеттен кетіп жатқанын, іссапарға жіберілетін қызметкерлерге ақша текке бөлініп жатқанына көзіңіз жетеді. Біздің министрлер шетелге барып, озық тәжірибелерді көргенін айтып келеді, бірақ елге сол тәжірибені енгізуге құлқы жоқ. Себебі кәсіпкерлікті дамытудың озық тәжірибесі олардың баюына кедергі келтіреді. Дәл бүгінгі экономикалық жағдай шенеуніктерді ғана байытуға арналған деуімізге әбден болады.

- Ел президентінің айтуы бойынша, елімізде тұрғын-үй коммуналдық қызмет төлемақысы тым арзан көрінеді. Соның салдарынан «халық суға үнем жасамайды, тарифтерді қымбаттату керек» деген президенттің экономикалық саясатына көзқарасыңыз қандай?

- Президентке қасындағылар сондай мәлімет береді. Бұл мәселенің артында монополистердің мүддесі тұр. Қанша уақыттан бері бағаны тежеудің орнына, тоқтаусыз көтеріп жатыр. Жиырма жыл бұрын тозығы жеткен құбырды ай сайын қосылып жатқан үстеме бағаның есебінен әлдеқашан жөндеуге болар еді ғой?! Көтерілген тарифтің есебі қайда, жауап беріп жатқан ешкім жоқ. Бағаны реттейтін екі бірдей Агенттік бар: монополияны реттеу және бәсекелестікке қабілеттілікті қорғау агенттігі. Екеуінің де тірлігі қауқарсыз дерсіз. Монополияны реттеу агенттігі монополистер бағаны көтереміз десе, келісе кетеді. Әр тоқсан сайын көтерілген баға ШОБ-ке шығын әкеледі. Құбыр жөнделіп жатыр ма, әлде олар елдің қалтасынан алған қаржыны басқа мақсатқа жұмсап жатыр ма, монополистердің жұмысы ашық, елге жария болуы тиіс, олардың құжаттарын, әрі жүргізіп жатқан жұмысын қолымызбен ұстап, көзімізбен көруге қақымыз да, құқымыз да бар!

- Күнкөріс қамы үшін республиканың әр аймағынан Алматыға ағылған қара қазақты асырап отырған «барахолканың» жабыла бастауы дұрыс деп ойлайсыз ба?

- Соңғы он жылда жабамыз деген әңгіме бір басылмады. Сот орындаушылары аяқ астынан жау шапқандай «барахолкаға» жетіп барды. Базардағы қара халыққа да бір қайтарым (компенсация) болуы керек қой, алдын ала басқа жерден орын дайындалуы тиіс еді ғой. Талай жыл бойы қысы-жазы күнін көріп жүргендерді жұмыс орнынан қуады, осы тірлігі үшін алған несиесі бар мыңдаған адам далада қалады. Өрт қауіпсіздігі деп сылтауратып, алдаудың не керегі бар? Дамыған елде «барахолка» жоқ екені рас, осындай «қара базар» біздің қоғамның көрсеткіші ғой. Ертең халық көшеге шығуы мүмкін, соған жеткізбес үшін, сауатты жұмыс жүргізу керек болатын. Қара халықты заңға қайшы әрекетке итеру кімге керек?.. Атқарушы билік осы мәселеге жауаптылықпен қарағаны жөн болар еді.

Бақытгүл МӘКІМБАЙ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 14 (190) 18 сәуір 2013 жыл

0 пікір