Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3603 0 пікір 18 Сәуір, 2013 сағат 07:36

Ұлт намысы барда ұлттық арнадан бақ таймайды

Қазақ әдетте «Елу жылда ел жаңа» дей­ді. Көнеден келе жатқан сөз бұл. Бірақ біз, пенделер, сол жаңаруды байқамай да қа­латын сәттеріміз болады. Көгілдір экранға зер салған адам қазақ телеарналарының да жаңарғанын байқайды. Бұл жаңару сөз жоқ «Қазақстан» ұлттық арнасына қатысты. Өйткені Ұлттық арнаның қазақ үшін орны бөлек. «Сегіз қызым бір төбе, Кен­жекейім бір төбе» делінетін еді әлгі бір ертегіде... «Ер Төстік» ертегісінде. Біз үшін «бір төбе» болатын арна «Қазақстан» ұлт­тық телеарнасы. Қазақ руханиятының жоқ­таушысы бола білген телеарнаға да 55 жыл Ердің жасы бұл.


Қазақ әдетте «Елу жылда ел жаңа» дей­ді. Көнеден келе жатқан сөз бұл. Бірақ біз, пенделер, сол жаңаруды байқамай да қа­латын сәттеріміз болады. Көгілдір экранға зер салған адам қазақ телеарналарының да жаңарғанын байқайды. Бұл жаңару сөз жоқ «Қазақстан» ұлттық арнасына қатысты. Өйткені Ұлттық арнаның қазақ үшін орны бөлек. «Сегіз қызым бір төбе, Кен­жекейім бір төбе» делінетін еді әлгі бір ертегіде... «Ер Төстік» ертегісінде. Біз үшін «бір төбе» болатын арна «Қазақстан» ұлт­тық телеарнасы. Қазақ руханиятының жоқ­таушысы бола білген телеарнаға да 55 жыл Ердің жасы бұл.


Біз елуге келмедік әлі. Құдай бұйыртса жетерміз. Бірақ елу жылдағы өзгерістерді сезіну үшін дәл сонша уақыт та қажет емес тәрізді. Көзімізді ашқалы тамашалап келе жатқан Ұлттық арнаның жетістіктерін көр­дік қысқа мерзімде. Талай соқпақтардан өткен қазақ «Қазақстан» ұлттық телеар­насы халқымыздың мәдениетiн, тарихын, өнерiн кеңінен насихаттады, зор үлес қосты. Ұлт мүддесінің жоқтаушысы бол­-ды. 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 100 пайыз қазақ тілінде ақпарат тарата бастаған Ұлттық арнаның қазаққа еңбегі ерен. Бұл арнада Шерхан Мұр­таза ата­­мыздың да, Нұртілеу Иманғалиұлының да қолтаң­басы бар. «Ат тұяғын тай басар» дегендей біз де теледидар саласында қыз­мет жасап кө­ріппіз. Аға­лар­ды үлгі еттік, соларға қарап бой түзедік. Бұл қатардағы журналистік алдыңғы буынға қарата айтқаны. Ал көп телеарналар «Қа­зақстан» ұлттық арнасына қарап бой тү­зеуге тиіс. Біздің елде тарихы Ұлттық арна­дан тереңге кететін телеарна жоқ.

Ұлттық арна күндіз-түні еліміздің түк­пір-түкпіріне 40-тан астам әртүрлі ба­ғыт­тағы бағдарламаларды көрсетіп отыр. Қа­зақтың №1 телеарнасын шетелдегі ба­уыр­лар да қарайды қазір. Ел жаңалығын ес­ти­-ді, жақсысына сүйенеді, жағымсызына күйінеді.
Әріге кетпей-ақ қоялық. Біз Тәуелсіз­дік алған жылдардан бері Ұлттық арна­ның қалай түлегеніне куә болған ұрпақпыз. Ағаларымызды қайдам, өзіміз журналис­тика мамандығын арман қылған сәттен-ақ көз алдымызда бұл арна. 1992 - 1994 жыл­дар аралығында Ұлттық арна тізгінін қолы­на алған Шерхан Мұртаза жаңалықтарға тың серпіліс әкелгенін көрдік. «Шарай­на­ны» (Жаңалықтарды) ресмиліктен құт­қарды. Ұлттық арнада 1992 жылға дейін шағын форматтағы таңғы танымдық ха­барлар болды. Бірақ тікелей эфирдегі ең ал­ғашқы ауқымды ақпаратты-сазды сауық­тық «Таңшолпан» бағдарламасы да арнаны халық жазушысы, қоғам қайраткері Шер­хан Мұртаза басқарған тұста эфирге шық­ты. Көрдік, жаңалығына тамсандық. Ол кезде «Таңшолпан» бағдарламасы журна­лист Иманбай Жұбаевтың жетекшілігімен дүниеге келгенін білген жоқпыз. Кейін ес­ті­дік. Кейін білдік. Балалықпен мән берме­ген де болармыз ол кезде. Ауыл баласы болған соң Ұлттық арна­-да көрсетілген ат спортына байланысты бағдарламалар да қызықтыратын. «Тайбурыл» атты бағдарлама бар еді. Оны біз ұмыта қойған жоқпыз. Ұлттық арнаны тамашалайтын қаймана қазақ та ұмытпағанына кәміл сенемін өз басым. Бұ­қара Ұлттық арнаның «Таңшолпан», «Ұлт және сана», «Тайбурыл» сынды бағдарла­ма­ларын тамсана есіне алады.

2002-06 жылдары Ғалым Доскеннің тұ­сында ұлттық арна жаңа форматта жұмыс істегені де есімізде. Ол кезді ұмыта қоятын­дай көп уақыт өткен жоқ. Тіпті «Қазақ­стан-1» арнасының Ұлттық арна атауына өзгертілген тұсы да сол кездер. «Шынның жүзі», «Ақжүніс», «Алтын қақпа», «Саят», «Мәң­гілік сарын», «Сағыныш» сияқты жобалар халыққа біртабан жақын, өткір жобалар болғанын білеміз. Ол кезде біз де телеарна қызметінің мән-жайын ұғына бастаған, журналист мамандығының қы­зығы мен шыжығын сезіне бастаған тұсы­мыз еді. Ұлттық арнадағы әріптестердің алымдылығы қызықтыратын. Бір ғана Ға­лым Боқаш жүргізген «Мезгіл» бағдарла­масын алыңыз. Қандай еді, ә?! Бүгінде отан­дық телеарналарда «Мезгілден» де «мықты» бағдарламлар бар шығар. Аз ғана уақыт ішінде біраз дүние өзгерді ғой. Бірақ ұлттық тележурналистикаға, әсіресе, ана тілімізде сараптама жасау ісінде «Мезгіл» санада төңкеріс жасап кеткен-ді. Бүгін сон­дай бағдарламалардың барлығын Ұлттық арнаның өсуі, жаңару ретінде ба­ғалап отырмыз. Жалпы, 55 жылды артқа тастаған Қазақ телевизиясы - шаңырағы биік, керегесі кең - үлкен мектеп. Бұл мектептен өткен­дер - білікті ұстаздар. Мен үшін Нұртілеу Иманғали қайталанбас шеберлік мектебі. Тыңнан түрен салып, жаңа дүние жасауға жаны құмар жас журналистер үшін Қа­зақстан ұлттық арнасының үйреткенінен үйретері көп әлі.

Ұлттық арна қазақтілді аудиторияда ғана емес, барлық телевизиялық ауди­то­-рия бойынша да отандық өзге телеарна­лардың алдына шықты! Ұлт намысы, ұлт тілі мәселесі көтеріле қалса, жағымды жа­ңалық естігіміз келіп тұрады, осы екеуіне жаны ашитындардың саны артса екен деп тұрамыз ішімізден. «Қазақстан» ұлттық арнасының үлес салмағы мен рейтингінің өсуіне төл өнімдері сапасының артуы мен қазақтілді бағдарламалардың бәсекеге қабілеттілігі әсер еткен. Міне, бұл бөркі­мізді аспанға ататын сәт емес пе? Айналып келгенде «бәзбіреулердің» «таза қазақша телеарна жетістікке жетуі мүмкін бе, әй, қайдам» деген жалтақ, пыш-пыш сөз­де­рі­-не нағыз қасқая жауап беретін тұс осы. Ұлт намысы барда Ұлттық арнадан бақ тай­майды, өз басым оған кәміл сенемін.

Елбасы өзінің Жолдауында: «Алды­мызда мынадай міндет тұр: 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстан­дықтардың саны кем дегенде - 80%, ал 2020 жылға қарай кем дегенде 95%-ға жетуі тиіс» дегенін бәріміз білеміз. Демек, Ұлт­тық арна осы мақсат-мүдде тұрғысынан аямай тер төгіп жатқанын және арна бас­шылары мен әріптестерімнің ерен еңбек­тері енді 10 жылда алтын әріптермен жа­зылары сөзсіз. «Балапан», «Мәдениет» телеарнала­рының ашылуы ана тіліміздің өрісін ке­ңейткені анық, ендігі мәселе - оның сапа­лы да пайдалы бағдарламаларға толы болуында болса керек. Бүгінде Қазақстан Ұлттық телеар­насы танымдық-тағылымдық, көңілашар-ойын-сауық, спорттық бағдарламалары өндірісінде көшбасшы орын алып, ұдайы дамып отырғанына ешкімнің таласы жоқ. Айта кеткім келеді, дәл осы сәтте шыға­рыл­ған «Телеғұмыр» бағдарламасын 55 жыл жүріп өткен соқпақ жол ғана емес, келешекке сәулесін шашатын ерекше ха­бар ретінде көріп жүрмін, одан түртіп алар пайдалы дүние көп.

Ұлттық арнаның бірыңғай қазақ тілін­де хабар таратуы - ұлт мүддесіне қызмет етудің жаңа белесінің басталғанын көрсе­теді деп ойлаймын. Қазақ телевизиясы осы кезге дейін шама-шарқынша өзгелермен бәсекелес болды, міне, енді өзінің жаңа жағдайда жұмыс істей алатындығын дә­лелдеп келеді. Бәсекелестік мықты дамыған қазіргі кезеңде медианарық менеджментін меңгерген, жаңашыл Нұржан Жалауқы­зының бүгінгі арна стратегиясы мен бағы­тына беріп отырғаны мен берері мол деген үміттемін. «Алаң», «Телқоңыр», «Сыр сұх­бат», «Өзекжарды», «Айтуға оңай...», «Апта.kz»... Бұлар Ұлттық арнаның бүгінгі бейнелері. Жаңалықтың жаршысы. Жас әріптестерімнің өздерінің қарымды­лық­тарын, алымдылықтарын көрсетіп жүр­ген алаңы. Әлі талай журналистер Ұлттық арнаның шеберханасынан шыңдалып шығатынына кәміл сенемін. Бастысы ол да емес, менің айтпағым 55-ке келген «Қа­зақстан» ұлттық арнасының қазаққа қыл­ған қызметі. Бұл арна қазаққа керек, алаш­тың атын иеленген арна ұжымына қазақ керек.

Берік УӘЛИ,
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының
орынбасары-баспасөз қызметінің басшысы

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2112
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609