Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2532 0 пікір 18 Сәуір, 2013 сағат 07:33

Қытайдың Қашағаннан дәмесi бар

2013 жылдың басында американдық ConocoPhillips пен норвегиялық Statoil Қашаған кен орнынан кететiнiн мәлiмдедi. Содан берi Қытай ConocoPhillips тобының Қашағандағы үлесiне көз тiгiп отыр. Бұл мәлiметтi Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаевтың өзi айтты.

Chicago Tribune басылымы бұл тақырыпқа мақала жариялады. Онда Қашағандағы үлес не қытайлық, не үн­дiлiк компанияға бұйыратыны жазыл­ған.

Алайда американдық компанияның үлесiн өзгеге сату үшiн оны ең алдымен қазақ үкiметiнiң өзi сатып алуы керек. Содан кейiн ғана бұл үлестi қытайлық компанияға сатуға болатын көрiнедi.

Бiрақ министрдiң сөзiнше, Қазақстан әзiрге мұндай шешiм қабылдаған жоқ. Алайда мамыр айының соңына дейiн бұл мәселенi шешiп үлгеруi тиiс.

С.Мыңбаевтың айтуынша, қытай өз елiне тасымалдауға тиiс мұнай көлемiн өндiрiп отырған жоқ. Қытайлықтар орындалмай қалған жоспарының орнын толтырудың жолын iзде­с­тiрiп жатыр. Қытайлықтар Қашағандағы үлестi сатып алу арқылы мұнай өндiру көлемiн өсiрудi көздеген болуы мүмкiн.

Қашағандағы үлеске Үндiстанның ONGC Videsh Ltd (ONV) компаниясының да таласқысы бар. Және үндiлiк компания қытайлықтарды өзiне бәсекелес санайды. Ақырғы шешiмдi қазақ үкiметiнiң өзi қабылдайды. Әйтеуiр Үндiстанның ресми тұлғалары ConocoPhillips-тiң үлесiн ONGC Videsh Ltd (ONV) компаниясына берудi сұраған. Олай болса, қазақ үкiметiнiң кiмге бүйрегi көбiрек бұрады? Қытайға ма, үндiге ме? Мұны жақында бiлетiн боламыз. Себебi Қазақстанның үндiлерге келiсiм беру-бермеу жөнiндегi уақыты 25 мамырда аяқталады.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608