Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5396 0 пікір 18 Сәуір, 2013 сағат 07:08

Abai.kz алда тұр!

Сарапшылар қазақтілді Интернет қарқынды дамып келеді дейді. Алайда редакция жүргізген рейтинг бойынша, қазақ сайттары аз, оның арасында танымал, жан жақты ақпарат беретіндері жоқтың қасы. Бір қызығы, казақ оқырманы БАҚ-ты тек ақпарат алу ғана үшін оқымайды екен. Рейтинг өткізу барысында тілшіміз осындай және басқа да қызықты «жаңалықтарды» ашты.

Оқырман ретінде біздің сауалнамаға қатысқан қазақтілді саясаттанушы, журналист, саясаткерлерлер арасында біраздан бері қазақ сайттарын оқымайтындары да бар болып шықты. Тіпті, кейбіреулері сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Сандарға сүйенсек...

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда орыс тіліндегі - 32 680, ағылшын тілінде 4500 сайт бар. Ал мемлекеттік тілдегі сайттар саны тіпті 4 мың­ға да жет­пе­ген. Егер пайыздық көрсеткіштерге шақсақ, орыстілді интернет ресурс - 79,6%, ағыл­­шынтілді - 11%, қазақтіл­ді - 9,3%. Кейбір ресми деректер бойынша, еліміздегі жүйелі түрде жұмыс істейтін қазақтілді 100 сайттың ішінде беделді деген небары 11 сайт бар екен, оның ішінде ақпараттық сайттар екі-үштен аспайды.

Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың сөздеріне қарағанда, жағдай одан да мүшкіл секілді.

Сайттар рейтингін жасау үшін біз оларға мынадай сұрақтар қойдық:

1. Сіз қазақ Интернет-сайттарының ішінде қайсысын күнделікті оқисыз?

Сарапшылар қазақтілді Интернет қарқынды дамып келеді дейді. Алайда редакция жүргізген рейтинг бойынша, қазақ сайттары аз, оның арасында танымал, жан жақты ақпарат беретіндері жоқтың қасы. Бір қызығы, казақ оқырманы БАҚ-ты тек ақпарат алу ғана үшін оқымайды екен. Рейтинг өткізу барысында тілшіміз осындай және басқа да қызықты «жаңалықтарды» ашты.

Оқырман ретінде біздің сауалнамаға қатысқан қазақтілді саясаттанушы, журналист, саясаткерлерлер арасында біраздан бері қазақ сайттарын оқымайтындары да бар болып шықты. Тіпті, кейбіреулері сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Сандарға сүйенсек...

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда орыс тіліндегі - 32 680, ағылшын тілінде 4500 сайт бар. Ал мемлекеттік тілдегі сайттар саны тіпті 4 мың­ға да жет­пе­ген. Егер пайыздық көрсеткіштерге шақсақ, орыстілді интернет ресурс - 79,6%, ағыл­­шынтілді - 11%, қазақтіл­ді - 9,3%. Кейбір ресми деректер бойынша, еліміздегі жүйелі түрде жұмыс істейтін қазақтілді 100 сайттың ішінде беделді деген небары 11 сайт бар екен, оның ішінде ақпараттық сайттар екі-үштен аспайды.

Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың сөздеріне қарағанда, жағдай одан да мүшкіл секілді.

Сайттар рейтингін жасау үшін біз оларға мынадай сұрақтар қойдық:

1. Сіз қазақ Интернет-сайттарының ішінде қайсысын күнделікті оқисыз?

2. Онын ішінде қайсысы ұнайды және несімен ұнайды?
3. Егер өзінізше рейтинг жасайтын болсаңыз, оқитын, білетін қазақ сайттарын қалай орналыстар едіңіз, және қандай себеппен? 
4. Қазақ сайттары аз деп ойлайсыз ба, олай болса, оған не кедергі? Сайттардың сапасын қалай багалайсыз?

Сауалнама нәтижесі бойынша, біз алғашқы бестікті шығардық.

Танымал, қызықты, күнделікті оқитын ақпараты бар деген сайттар былай орналасты:

1. Бірінші орында - Абай.кз (www.abai.kz),

2. Екінші орынды Азаттық радиосының сайты (www.azattyq.org) және Серке сайты (Serke.org) иеленді.

3. Үшінші «Жас Алаш» газетінің сайты (www.zhasalash.kz) және Ұлт сайты (www.ult.kz) тұр.

4. Төртінші орында Жанаөзен.нет сайты, сондай ақ, Dala.tv, Қамшы.кз, Майдан.кз,Жақсы.кз, Маса.кз, деген сайттар орналасты.

5. Бесінші орынды ресми, тек ақпарат тарататын ресурстар иеленді: Қазақпарат агенттігі, www.baq.kz сайты.

«Көш жүре түзеледі»...

 

Саясаттанушы Расул ЖҰМАЛЫ, Абай.кз сайтының феноменін былай түсіндіреді.

- Мен «Абай кз.» интернет-порталын ерекше атап өтер едім. Жиі болмаса да, осы интернет басылымды қарап тұрамын. Себебі, бұл порталда тек қана ағымдағы оқиғалар мен жаңалықтар қамтылып қана қоймай, жақсы сұхбаттар мен басқа басылымдардың да сараптамалық материалдарын қамтитын интернет басылым. Маған, бұл портал көлемді дүниелер мен көптеген тақырыптарды қамтитыны, келелі мәселелерді кеңінен тарату тәсілі ұнайды. Және бұл басылым тек қана өздерінің төл дүниелерін ғана емес, басқа да басылымдардың материалдарын таратады. Үшіншіден «Абай кз.» порталы әрбір оқырманының өз пікірін қалдыруға және блок арқылы пікір алмасуға мол мүмкіндік жасауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қазақша интернет басылымдардың ішінде «Жас Алаш», «Азаттық» радиосының, «Жаңаөзен» сайттарын қараймын.

Ол алдағы уақытта қазақ интернет басылымдарының сапасы көтерілетініне сенімді:

Соңғы жылдары қазақ интернет сайттарының саны артпаса, кеміді деп айта алмаймын. Бірақ әлі де болса, бұл қарқын тиісті дәрежеде емес, сан артса, сапа да артып, өзара бәсекелестік туар еді. Бұл журналистер мен оқырмандар үшін өте тиімді болар еді. Өзім оқитын сайттардың контентінің сапасына көңілім толады десем, өтірік болады. «Көш жүре түзеледі» дейді, алдағы уақытта қазақ интернет басылымдарының сапасы көтерілетініне сенімдімін.

"Тек қана «Абай. кз» ғана қараймын"

 

Өз кезегінде «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім сұрақтарымызға былай деп жауап берді.

- Мен «Жақсы», «Майдан» сияқты сайттарды білемін. Бірақ тек қана «Абай. кз» ғана қараймын. Сондықтан маған оларды салыстыру қиын. «Абайда» өзім іздеген пікірлер табылады және «соқыр көргенінен жазбас» деген сияқты ғой. Меніңше, қазақша контенті бар сайт аз емес. Соңғы үш жылды алып қарасақ, үлкен секіріс болғаны байқалады. «Абай кз» сайтының ішінен басқа да сайттарға сілтеме табылады және басқа басылымдардың материалдарына орын беріледі. Біздегі көп сайттардың біріне бірінің ұқсастығы басым. Яғни, ұлттық мәселені көтереді. Сондықтан басқа сайттарды қарау мен үшін уақытты алады деп білемін. Қажетті дүниені «Абайдан» табатындықтан және компьютерді жете білмейтіндіктен осы бір ғана порталды қараймын.

"Ол сайтты оқуға мәжбүрмін"

 

Б. Тайжан атындағы кордың басшысы Мұхтар Тайжан кейбір сайттарды міндетті түрде окитынын жеткізді.

- «Қамшы», «Жақсы» сайттарын қараймын. Сонғы кезде мәжбүрлі түрде «Серкені» оқимын, өйткені ол жерде өзің туралы білмейтін ақпаратты көресің кейде. «Майдан», «Жас Алаш», «Жас қазақ үні» және Қазақпарт агенттігін қараймын, онда ақпаратты жылдам тарату тәсілі ұнайды. «Жас Алаш», «Абай.кз» порталдарына жақсы баға берер едім. «Дала ТВ»-ны тамашалау ұнайды. Егер олардың сапасы туралы айтсақ, қазақ тілді интернет- басылымдардан ішкі мәселеге құрылған аса маңызы жоқ, жаттанды материалдарды ғана табасыз. Меніңше, олар әлемдік деңгейдегі жаңалықтарды там-тұмдап қана таратады. Бұл әрине, жақсы үрдіс емес.

"Қоғам қандай - сайттарымыз да сондай!"

 

Саясаткер Әміржан Қосановтың сөзіне қарағанда, ол барлық басылымдарды шолуға тырысады екен.

- Тіліміздің ғаламторда даму деңгейін бақылап отыру мақсатында, үлгергенше қазақ сайттарының барлығын оқуға тырысамын. Бірақ қол тие береді деп айта алмаймын. Бір қуантарлығы: қазақ тілі әлеуметтік желілерде де жақсы дамып келеді, мықты блогшылар бар, олардың ғаламторлық шығармашылығынан да хабардар болуға тырысамын. Ұнайтыны да бар, ұнамайтыны да бар, жүрекке еш әсер етпейтіні де бар. Өркениеттісі де бар, өсек-аяңға жақындары да бар. Қоғам қандай - сайттарымыз да сондай!

Саясаткер рейтингті былай жасап шықты.

- Пәленше бірінші, түгенше екінші деген принцип жоқ менде, кейде күнделікті шолып жүрген сайттарыңның өзінен іздеген нәрсеңді таба алмай қалатын күндер де боп қалады ғой. Шартты түрде былай орналастырар едім. Компьютеріме қарасам, ең жиі оқитындарым мыналар екен: Абай.кз, Жаңаөзен.нет, Дала ТВ, Маса.кз, Азаттық.орг, Ұлт.кз, Алтынорда.кз, Шын.кз, Серке.кз Осыларға қосарым. «Республика» сайтында қазақша мақалалар беріле бастады, сапасы, тақырыбы біршама тәуір, бірақ әлі де саны аз деп ойлаймын. Меніңше, бір-екі материал беру жеткіліксіз, дербес қазақ сайты ашылмай болмайды. Қазақ тілі мен қазіргі қазақ қоғамы үшін қазақ сайттарының саны, әрине, аз. Көбеюіне кедергі боп тұрғаны - қаржы мен тиісті мамандар тапшылығы. Тақырып жағынан да даралана түсуі қажет деп ойлаймын. Сапасы әрқилы: біздерде анадай бар, мынадай бар. Бірақ көш жүре түзеледі деп ойлаймын. Және қазақ сайттары Қазақстан ақпарат кеңістігінде шешуші роль атқарады деп сенемін!

Қазақ сайттары діни бағыт алған сияқты

 

Ал журналист Қасым АМАНЖОЛ сайттарды былайша тізіп шықты.

- «Азаттық» радиосының сайтын қараймын. Бұл сайттың тақырыптарының әралуандығы, әр түрлі азаматтардың пікірлерімен материал беруі ұнайды. Мұнан бөлек «Абай кз.», «Cерке», «Маса» сияқты сайттарды қараймын. Меніңше, қазақ контентті сайттар өте аз. Біріншіден бұл жерде әр сайттың құрылтайшылар мен қаржының сапа мен санға әсер етері сөзсіз. Десек те, соңғы кездері қазақ тіліндегі сайттардың қарқынды дамып келе жатқанын мойындаймын. Билік тарапы да бұл салаға мониторинг жүргізіп, өзара салыстырып отырады. Ал сайттардың өзара ерекшелігі жөнінде дөп басып ештеңе айта алмаймын.

Тағы бір әріптесіміз «Жас Алаш» газетінінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай бүгінгі қазақ сайттарына аса көңілі толмайтынын айтады.

- Қазақ сайттарында күнделiктi оқитындай тартымды, мазмұнды дүниелер бола бермейдi. Сондықтан оларды қарауым сирек. Олардың арасында аса ұнайтындайы жоқ. Бәрi бiртектес. Қазақ сайттарының аз болу себебiн ана тiлiмiздiң билiкте, саясатта, қоѕамда, әлеуметте, экономикада, ғылымда т.б. жетекшiлiк орнын таппауынан, сайтты ашушылардың журналистiк қарым-қабiлетiнiң, iзденiсiнiң аздығынан, қаражаттың кемдiгiнен, қолдаушының мардымсыздығынан iздейiк. Сапасы осыларға тәуелдi,- дейді ол.

Журналист Ораз Әлімбеков, қазақ сайттарынан тек ақпарат алатынын жеткізеді.

Көбіне "ҚазАқпарат" сайтын ғана оқимын. Мені тек ақпарат ғана қызықтырады. Әрине, ақпарат таратуды БАҚ.кз сайты алда келеді. Бірақ мен оны оқымаймын. Себебі ондағы ақпараттар орыстілді сайттардан аударылып беріліп отырады. Көбіне орыстілді ақпараттарды қарап отырғандықтан, БАҚ.кз-ның маған керегі болмай тұр. Қоғамдық-саяси тақырып бойынша жазатын қазақ сайттарын екіге бөліп қараймын: ақпараттық және мақсатты идеологиялық. Ақпараттық сайттардың алдынғы қатарында 1.БАҚ.кз, 2.bnews.kz/kk/ , 3. Ұлт.кз сайттары келе жатыр. Бірақ, бұл сайттар өзінің сипатына қарай қоғамдық пікірге әсер етуі әлсіз. Қоғамдық саяси тақырыптарды қоса көтеретін мақсатты идеологиялық сайттардың рейтингі мынандай. 1.Абай.кз; 2.Намыс.кз; 3. Маса.кз 4. Серке.орг; 5.Шын.кз; 6.Жақсы.кз және ҚМДБ-ның қарамағындағы мешіт сайттары. Қоғамдық саяси тақырыпты қозғайтын қазақ сайттарының бәрі діни (ислами) идеологиялық мақсат бойынша бағыт алған сияқты.

Әріптесіміздің пікірінше қазақ сайттарына сұраныс аз.

- Қазақ сайттары әлі аз және олардың сапалық деңгейі сын көтермейді. Бұған себеп қаржының жоқтығы. Өйткені қазақстандық қоғамда орыстілі үстемдік құрып отыр: мемлекет істері, саясаттың тілі, нарық пен бизнестің тілі орысша. Сондықтан, қазақ сайттарына сұраныс аз. Қаржының да қазақ сайттарына тартылмайының себебі осында жатыр. Бірақ, қоғамның қазақилануы үрдісі шапшаңдап келеді. Сондықтан, қазақ тілді БАҚ-тың, оның ішіне қазақтілді сайттар да кіреді, болашағы бар, деген ойда журналист.

Тағы бір бұрыңғы әріптесіміз, Ержан Әбдраман қазақша сайттарды аса оқымайтын болып шықты.

- Өзім күнделікті жібермей оқитын қазақша сайт жоқ. Бұған олардың деңгейінің төмендігі себеп болмауы мүмкін. Өзім оқығым, білгім келетін нәрселерді қазақ сайттарынан емес орыстілді сайттардан табам. Ол - ең алдымен оперативті, эксклюзивті, қысқа да нұсқа ақпарат және бейтарап талдау. Алдына осындай мақсат қойып, соған жету үшін жұмыс істеп жатқан қазақ сайттарын білмеймін. Олардың әрқайсысының таңдап алған құндылықтары мен көзқарастары бар, соларды таңуға бейім.

Сайттар сапасын талдаған журналист кейбіреулеріне былай деп баға береді.

- Алайда, жоғарыдағы талаптарға біршама жауап беретін сайттар жоқ емес. Мысалы, Азаттық радиосы. Онда ақпарат дайындау, беру, талдау басқаларға қарағанда ілгері. Бірақ тездік жетіспейді, сосын олар да мәселенің өздерінің редакциялық саясатына сәйкес келетін жағын көреді. Яғни, Азаттықтың сайтын ашардың алдында онда қай мәселенің қалай жазылатынын шамалап болса да біле аласыз. Тағы бір сайт "Серке". Оның өзгелерден артықшылығы - эксклюзив материалдары мен сараптамалары, батылдығы, тақырыпты оқырманға қызық па деген принцип бойынша таңдайтыны, яғни журналистиканың басты принциптерін ұстанатыны. Маған ұнамайтын жағы - көп материалдарды псевдониммен жазатыны және біреулердің соңына түсіп, ал біреулерге пиар жасайтыны.

Cаясаткер Серікжан Мәмбеталин да бұл пікірге қосылып отыр.

Өз басым Abai.kz, Serke.kz және Аzattyq.org сайттарын. Себебі, Serke біраз уакыттан бері саяси тақырыпқа сараптамалық мақалалар шығарып отыратын болды, Abaiды баяғыдан оқимын, ал Азаттық шет елдегі жаңалықтарды шығарады. Өз рейтингімді былай қояр едім: 1.Aзаттық, 2.Aбай.kz. 3. Serke.org. Қазақша сайттар аз, әсіресе шетел жаңалықтарын беретің сайттар

 

Асыл РАХМЕТОВА

 

Редакциядан: Редакция қазақ сайттары арасында рейтинг жасап шықты. Нәтижесінде, Abai.kz бірінше орынды, Serke.kz және Аzattyq.org сайттары екінші, Ал, «Жас Алаш» пен Улт.кз. үшінші орынға шықты. Сарапшылардың пікірінше, қазақ сайттары аз. Оның дамуына қаржының жоқтығы қолбайлау болып отыр. Алайда, сарапшылардың көбінің қазақ сайттарын оқымайтынын айтқандарын ескерсек, онда мәселе ақшада емес, сұраныстың жоқтығында секілді.

Материал «Республика» газетінің фейсбук парақшасынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2074
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2500
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2117
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1611