Сенбі, 18 Мамыр 2024
1660 4 пікір 31 Наурыз, 2023 сағат 12:31

Ердоған: Путин АЭС ашу үшін Түркияға келуі мүмкін

Ресей президенті Владимир Путин 27 сәуірде Түркияда алғашқы атом электр станциясының ашылу салтанатына қатысуы мүмкін. Түрік басшысы Режеп Тайип Ердоған осылай деп мәлімдеді.

Түркиядағы алғашқы "Аққу" атом электр станциясын "Росатом" компаниясы салған.

"27 сәуірде Путин келуі мүмкін, немесе ол онлайн форматпен байланысқа шығады", - деген Ердоған ATV түрік телеарнасына берген сұқбатында.

17 наурызда Гаагадағы Халықаралыұ қылмыстық сот Владимир Путинді, сонымен бірге Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы ұстауға шешім шығарды. Сот Путин мен Львова-Белованы Украинада басып алған жерлердегі балаларды Ресейге мәжбүрлеп депортациялауға тікелей жауапты деп есептейді.

Түркия Халықаралық қылмыстық соттың Рим мәртебесін мақұлдаған 118 елге жатпайды, сол себепті Ресей президентін ұстауға міндетті емес.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2340
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653