Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1333 0 пікір 25 Ақпан, 2023 сағат 13:27

Ұлттық рәміздерді қалай қолданып жүрміз?

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау әр азаматтың міндеті. Ел тарихында батыр бабаларымыз жорыққа шыққанда, елін пиғылы тар жат жұрттықтардан қорғаған кезде де ту көтеріп, рухтанғаны жазылған. Сондықтан мемлекеттік нышандарға деген құрмет әрқашан биік болуға тиіс. Олар жастардың елін, жерін сүюге, патриотизмді бойына сіңіруге жетелеуі керек. Мемлекеттік рәміздер кешегі тарихты бүгінмен жалғастырушы, сабақтастықтың жарқын көрінісі.

Ұлттық рәміздер әр елде әрқандай мағынаға ие. Мысалы, бауырлас Түркия елінде үйдің қабырғаларынан, балкондардан, биік жерлерлер тудың ілініп тұрғанын көп байқаймыз. Мұндай үрдіс әлемнің көптеген елдерінде тараған. Қазақстанда да 2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық нышандарға қатысты заңды қайта қарауды тапсырды.

Президент Twitter-аккаунтында «Парламент депутаттары мен еліміздің патриот азаматтарының Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін, әсіресе ҚР Мемлекеттік Туын кеңінен пайдалану туралы ұсынысын қолдаймын.

Қолданыстағы заңнамада біздің туымыздың көрсетілуін шектейтін дәлсіздіктер бар, мысалы, пәтерлердің балкондарында немесе жеке үйлердің қабырғаларына ілу.  Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау қажет», - деп жазды.

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін, ұлттық рәміздерге байланысты қатып қалған ережелер өзгертілді. Бұған дейін қазақстандақытарға балконға ту ілгені үшін айыппұл салынатын еді.

Бүгінде мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті қолдау, ел азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ғимараттарда, тұрғын  үй-жайларда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда іле алады. Бұл жағдайда ғимараттың архитектуралық ерекшеліктері де маңызды. Баспананың жер үй немесе балконы бар көпқабатты үй болуы маңызды рөл атқармайды. Соған қоса бұрын тыйым салынған, туды қараңғы уақытта жарық бермей қолдануға да рұхсат берілді.

Туды басқа материалдық объектілерге, мысалы, мемлекеттік нөмірлерге орналастыруға болады. Бірақ бір реттік пайдаланылатын зат болмауы қажет.

Сондай-ақ тудың көлемі, түр-түсі бекітілген стандартқа сай болуы тиіс. «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңға сәйкес Қазақстанның Мемлекеттік Туы ортасында күн сәулесі бар, астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көк түсті тікбұрышты мата болуға тиіс. Тудың қапталында тік жолақ түріндегі ұлттық ою-өрнек болуы керек. Күннің, оның сәулелерінің, бүркіттің және ою-өрнектің бейнесі алтын түстес болуы керек. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2 тең.

Ұлттық нышардарды қорғау бізде заңмен бекітілген. Атап айтсақ, адамға немесе затқа деген құрмет көрсету мақсатында ту төмен түсірілмеуі керек; ту қандай да бір затқа, жерге немесе суға тимеуі керек; тудың сабы көлденеңінен көтерілмейді; кірлеген немесе жыртылған ту қоймау керек; туға жазуға не сурет салуға болмайды; туды жамылғы ретінде, киім, төсек-орын ретінде қолдануға рұхсат жоқ; затты туға орауға болмайды; кейбір жағдайларда тудың бейнесі костюмдерде немесе спорттық киімде, патриоттық ұйымдар, әскери, полиция және өрт сөндірушілер мүшелерінің формасына тігілуі мүмкін.

Туды тыйым салынған жағдайларда қолданса, онда азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 418-бабына сәйкес жеке тұлғаларға - 25 АЕК, лауазымды тұлғалар, ЖК және коммерциялық емес ұйымдарға - 50 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілерге – 75 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілерге – 200 АЕК айыппұл салынады.

Ұлттық рәміздер ел азаматтарының патриоттық рухын көтеріп, халқына деген сүйіспеншілікті оятатын, тарихына құрметпен, ертеңіне үмітпен қарауды өне бойына дарыта түсетін қадірлі нышандар екені даусыз. Түптеп келгенде, Мемлекеттік рәміздер елдіктің, егемендіктің жарқын нышаны болуы керек.

 

Сайтхуджа Томирис Маратқызы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653