Жұма, 26 Сәуір 2024
1033 0 пікір 27 Наурыз, 2023 сағат 12:06

Тоқаев Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.

Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

 

Abai.kz

0 пікір