Жұма, 26 Сәуір 2024
1693 6 пікір 20 Наурыз, 2023 сағат 15:18

Ресейлік шенеунік: «Стамбул – біздің жеріміз»

Ресейдің бұрынғы депутаты Семен Багдасаров Түркиядағы жер сілкісінен кейін пайда болған дағдарысты пайдаланып, Стамбул қаласын басып алуға шақырды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жариялады.

"Түрік пен түркіде ортақ не бар? Айнаға қарасын, ештеңе жоқ. Түрік, қазақ, қырғыз, якутты байланыстыратын ештеңе де жоқ. Бұл менің «қытаймын» дегенім сияқты. Біз тарихи тұрғыдан бізге тиесілі Стамбулды – Константинопольді мемлекетіміздің құрамына қайтарамыз!", - деді Семен Багдасаров.

Сондай-ақ, Ресейдің бұрынғы депутаты аумақтық талаптардың әділдігін дәлелдеуге тырысып, Ресейдегі дағдарыс «аумақтардың Ресейге қосылуымен аяқталатынын» айтты.

 

Abai.kz

6 пікір