Сенбі, 27 Сәуір 2024
Саңлақ 2471 0 пікір 13 Наурыз, 2023 сағат 14:13

Қазақстан спортшысы әлем кубогында алтын медаль иеленді

Қазақстандық Нариман Курбанов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Abai.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Гимнастикалық ат үстінде жаттығуларда Курбанов 15.300 ұпай жинап, жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Ирландиялық Рис МакКланахан күміс еншіледі, қола жүлде Албания өкілі Матвей Петровқа бұйырды.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңіндегі екінші алтын медалі: бұған дейін Милад Карими еркін бағдарламада үздік атанған болатын.

 

Abai.kz

0 пікір