Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2646 0 пікір 9 Сәуір, 2013 сағат 06:37

Ертiсбаевқа “тiлiн тiстеп жүру” қатаң тапсырылыпты

Қыжыртпа

Президент Нұрсұлтан Назарбаев талай жылдан бергi "саяси кеңесшiсi" һәм "сенiмдi серiгi" (президенттi қайдам, Ертiсбаев өзiн сенiмдi серiк санайды - Б.К.) Ермұхамет Ертiсбаевты Грузияға елшi етiп жiбердi. Бұл не: өсу ме, әлде өшу ме?

Ертiсбаевтың өзiне салсаң, президент оны Ақорданың ауласын сыпырушы етiп қойса да "мақұл" дейдi. Және де "елбасы бұл қызметтi маған ғана сенiп тапсырды, елбасына мың алғыс!" деуi кәдiк.

"Ертiсбаев бұрынғы Кеңес одағы елдерiнiң бiрiне елшi болып барады екен" деген әңгiме өткен жылы шыққан. Осы аралықта "бұлбұл" сайрауын бiр­ша­ма доғарды. Елшi болып барғысы келмегендiктен бе, әлде қуанғандықтан ба, ол жағын өзi бiледi. Күттiре-күттiре, жыл құс­тары жаппай ұшып келiп жатқанда, Ертiсбаевты Грузияға "ұшырып" жiбердi.

Қазақстан мен Грузияның арасы жаман емес, "тонның iшкi бауындай" деуге де келмейдi. Ендеше, Ертiсбаевтың жаңа қызметi - Ақорда үшiн аса маңызды сала емес.

Жалпы, өркениеттi елдерде елшi деген қызмет жоғары бағаланады. Өйткенi ол - мемле­кеттiң айнасы. Бiзде керiсiнше, әлдененi бүлдiрген немесе президентке жақпай қалған шенеу­нiк "қыр асады". Рас Ақорда үшiн маңызды елдер бар. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей және тағы басқа бiрдi-екiлi елдер. Ал ендi өзiн "саяси алып" санайтын Ертiсбаевтың Грузияға елшi болып тағайындалуы...

Ертiсбаевтың бұл тағайындалуын "өсу" деп бағалайтын саясаттанушылар бар. Бұлардың пiкiрi "ерте ме, кеш пе, Ертiсбаев Ақордадағы торына бәрiбiр қайта қонады, бiрақ қай күнi екенiн айта алмаймыз" дегенге саяды.

Ендi бiрқатарының пайымдауынша, "саяси элитадағы әлде­кiмдер Ертiсбаевтың "сұңқылы" құлаққа сондай жағымсыз еке­нiне президенттi әбден сендiр­ген". Мұның қайсысына сенсеңiз де, өз еркiңiзде.

Ертiсбаевқа Ақорданың есi­гiн көрсеткенде, ол олай-бұлай бұлталақтап бағыпты деседi бiлетiндер. Алайда, мемлекеттiк хатшы Марат Тәжин Ертiсбаев­пен таразыға түскенде қай салмақ жөнiнен де кiмнiң ауыр тартатынын бағамдай берiңiз. Ер­тiс­баев кiм, Тәжин кiм?

Ертiсбаев елшi болып таға­йындалмай тұрғанда журналистерге "оллаһи-биллаһи, менi елшi етуi мүмкiн емес!" деп ант-су iшкен-дi. Осыдан-ақ оның ке­ңес­шiлiктен кеткiсi жоғын аң­ғаруға болады. Бiрақ оған қызмет таңдау құқығын кiм берiптi?!

Ертiсбаев бекер өкпелейдi. Тбилиси қаланың сорлысы емес. Керiсiнше, Астанадан жайлы болуы мүмкiн, әрине, Ертiсбаев үшiн. Қонақжай грузиндер "елшi келдi" деп талай жылдан берi жертөледе жатқан күштi шарабын құяды, дәмдiлеп қапқаз кәуа­бын пiсiрiп бередi, грузинше тост айтуды үйретедi.

Айтпақшы, грузинше тост айтуды үйренiп алса, кейiн Ақорданың дастарқанында оның пайдасы тиюi мүмкiн.

Ертiсбаев үшiн бәрi жақсы болмақ, әрине, өзi бiр нәрсенi бүлдiрiп алмаса...

Президент әкiмшiлiгiнен оған "тiлiн тiстеп жүру" қатаң тапсырылыпты. Сөйлеп үйренiп қалған ауыз ғой, әлдененi бықсытып жүрмесiн дейдi ғой баяғы. Ақылшыларының қас-қабағынан шошынған Ертiсбаев ендi өзiнен-өзi қорқып жүрген көрiнедi. "Қай жерде бүлдiрiп қояр екем" деп...

Б.Көшербай.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2107
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2520
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2214
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625