Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4079 0 пікір 8 Сәуір, 2013 сағат 05:58

Ханиф Джеймс Оливер: «Уаххабизм» ойдан шығарылған дақпырт

 

 

Ханиф Джеймс Оливер:  «Уаххабизм» ойдан шығарылған дақпырт

Редакциядан: Төмендегі аударма мақала алдымен дін мәселесін тұрақты қаузайтын қазақ сайттарының бірнешеуіне жолданған екен. Бірақ, жария көрмепті. Өйткені американдық мұсылман Джеймс Оливер «Уаххабизм» туралы дақпырттың дұрыс еместігін Батыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына және Құран мен сүннетке сүйене отырып дәлелдеп шығуға тырысыпты. Джеймс Оливердің де, оның кітабының мазмұнын баян еткен Жанай Жауғашардың да ұстанымынан қалыс қала отырып, біз бұл тақырыпты оқырман талқысына ұсынғанды жөн көрдік.

.............................................................................

 

 

Ханиф Джеймс Оливер:  «Уаххабизм» ойдан шығарылған дақпырт

Редакциядан: Төмендегі аударма мақала алдымен дін мәселесін тұрақты қаузайтын қазақ сайттарының бірнешеуіне жолданған екен. Бірақ, жария көрмепті. Өйткені американдық мұсылман Джеймс Оливер «Уаххабизм» туралы дақпырттың дұрыс еместігін Батыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына және Құран мен сүннетке сүйене отырып дәлелдеп шығуға тырысыпты. Джеймс Оливердің де, оның кітабының мазмұнын баян еткен Жанай Жауғашардың да ұстанымынан қалыс қала отырып, біз бұл тақырыпты оқырман талқысына ұсынғанды жөн көрдік.

.............................................................................

«Қазіргі таңда діни білімінің аздығынан жұрттың арасында  Ислам діні мен мұсылмандарға қатысты қарама-қайшы пікірлер өте көп айтылып жүр. Соның бірі «Уаххабизм» терминіне қатысты қалыптасқан түсінікке тоқталғымыз келеді. Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жүрген жәйттарға назар аударсақ, «уаххабизмнің» ғылыми терминге жатпайтындығына және оның нақты анықтамасы жоқ екеніне көзіңіз жетеді. Бұл әртүрлі тарихи және жағрапиялық жағдайларға байланысты Исламның ішіндегі бір-бірімен мүлде байланыспайтын бірнеше ағымдарға қарата айтылып келе жатқан атау болып табылады. ТМД елдерінде де радикалдық ағымдарға қатысы болмаса да шалбарының балағын қысқартып, сақал қойғаны үшін көбіне суннит мұсылмандарды «уаххаб» деп жүр.  Кейде тіпті намаз оқитын жалпы мұсылманға осылайша жала жабатындар да бар.  Жалпы  «уаххабизмді» осы уақытқа дейін бір-бірімен жауласып жүрген тайпаларды біріктіру үшін 18 ғасырда орталық арабиядағы пайда болған тарихи-саяси қозғалыс деп  қарастырып  келді. Қазір бұл  Сауд арабиясы  орналасқан өңір.   Ал «Уаххабизм» сөзі суннит теологы Мұхаммад ибн Уаххабтың есімімен тығыз байланыстырылады.  Бүгіндері «уаххабизм» деп аталып жүрген  Мұхаммад ибн Уаххабтың діни-біріктірушілік бағыттағы қозғалысы әуелде туған ауылы Неджден басталған болатын. Кейін шейх Мұхаммадтың уағызы бірте-бірте өзге адамдардың да назарып аударып, оны  жақтайтындардың қарасы көбейеді.  Ал қазір «уаххабизм» делінетін оның ілімі Ханбалит мазхабының ықпалымен қалыптасқанын атап айту қажет. Ал Исламдағы дәстүрлі төрт мазхабтың бірі саналатын  Ханбализм- Құран мен сүнетке сүйеніп, шариғаттың шартымен жүретін діни-құқықтық мектеп болып табылады.  Мұхаммад ибн Уаххаб осылайша  жұртты Исламның әуелгі негіздеріне оралуға үндеп, дінді әртүрлі кірме түсініктерден тазартуға шақырған.  «Сауб  Арабиясы әмірлігі, орта ғасырдан 21 ғасырға секіріс» деп аталатын өзінің кітабында бірнеше жыл бойы Әзірбайжанның Сауд арабиясындағы елшісі болып қызмет атқарған саясаткер Елман Араслы былай деген еді:

« Исламға кейіндеп кірген жаңалықтарға жан-тәнімен қарсы шығып, «жаңарған» ағымдарды үзілді-кесілді жақтырмаған жаңа оқымыстының тағы бір сектаны құруы мүлде мүмкін емес».

Осындай сансыз пікірлерді сараптай келе, қазіргі таңда әртүрлі діни және саяси күштердің «уаххабизм» терминін өз қарсыластарын тұқыртатын тәсілге айналдырғанына көз жеткізуге болады. Әлдекімге  экстремит деп  жала жауып, біреуді қаралағысы келгендерге  бұл өте қолайлы құрал болып кетті. Мұндай ерсі қылықтардың кесірінен, кейде қатардағы мұсылмандардың экстремистік бағыттағы хариджидтік секталар тәрізді әртүрлі ниеті күмәнді ұйымдарға кіруіне өзіміз мұрындық болып жатырмыз.

«Миф «Ваххабизма» кітабының авторы америкалық мұсылман  Ханиф Джеймс Оливер осындай келеңсіздіктерді өз еңбегінде ашып жазған. Кітаптың ерекшелігі, автор онда «Уаххабизм» туралы дақпырттың дұрыс еместігін Батыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына және Құран мен сүннетке сүйене отырып дәлелдеп шығады. Ал «уаххабит» сөзі кітапта көбіне тырнақшамен берілген.. Себебі «уаххабит» аталып жүрген дәстүрлі дініміздің өкілдері бұның жала екенін жақсы біледі. Еңбекте сонымен бірге бұл атауды қолдануды үзілді-кесілді тоқтату керектігі сөз болады. Мұсылмандарды  одан гөрі «Суннит» я болмаса «салафит» (пайғамбарымыздың ізбасарларының жолымен жүретіндер) деген абзалырақ болар еді,-дейді кітап авторы. Сүннет жолының негізінде жазылған бұл кітапта Әл Каида ұйымы туралы да көп нәрсе қамтылған. Мәселен, автор өз еңбегінде ,Әл Каиданы Исламдағы адасып жүрген қауіпті секталардың бірі атанған хариджиттердің қазіргі ізбасарлары деп көрсеткен.  Исламды қабылдаған Ханиф Джеймс Оливер кітабының басқы бетінде былай деген екен:

«11 қыркүйектегі оқиғадан кейін Мен бұқаралық ақпарат құралдарынан ислам жөнінде  көптеген  мақалалар  оқыдым. Олардың көбі  «Уаххабизм» мен  салафизм мәселелеріне қатысты еді. Әсіресе БАҚ-та Усама бен Ладен мен оның ізбасарлары салафизмді ұстанады деген жаңсақ пікірлерді оқығанда қатты қапа болдым. Бұлардың жөнсіз айыптауларын жоққа шығару үшін қолыма қалам алуыма тура келді. Үмметімізге қастық ойлаған дін дұшпандарының жымысқы ойына жауапсыз тірліктері арқылы жәрдемдесіп жатқан «Исламдық» ұйымдар мен топтарды жақтағалы  отырған жоқпын. Менің мақсатым Исламға қарата айтылған, әсіресе салафизмге қатысты жөнсіз қаралаулардың дұрыс еместігін дәлелдеп шығу еді.»

Бұдан ары қарай кітап авторы  Сонымен «уаххабит» дегеніміз не деген тақырып қойып, оны жан-жақты талқылайды:  «Өкінішке қарай, дінге кейіннен қосылған наным-сенімдер мен Исламға еш қатысы жоқ жергілікті дәстүрлі ырымдарды қабылдамайтындарды кейбір мұсылмандар  қазір «уаххабит» деп атап жүр.  Оған мәселенің мән-жайына бойлап үлгермеген өзге адамдар да қосылып кетуде. Қазірге дейін әлемнің көп елінде Мұхаммед ибн әбд әл-Уаххабты Исламды өзгерткісі келген диссидент санайды. Бұл жөні жоқ жала. Кез-келген обьективті оқырман оның өз еңбектерін Құран мен сүнетті басшылыққа ала отырып жазғанын ашық мойындайды.   Мұхаммед ибн әбд әл-Уаххабқа жөнсіз жала жауып жүргендердің арғы аталарының өзі Исламды бұрмалап жібергенін  ашық айтуымыз қажет. Ал бұл оқымысты қолға алған реформасы арқылы Исламды әртүрлі кірме түсініктерден тазартып, дінімізді әуелгі  таза қалпына келтіруді ғана көздеген болатын. Пайғамбарымыздың (салла Аллаху алейхи уә сәләм) былай дегені бар:

«Әрбір ұрпақта біздің өсиетімізді кейінгілерге табыс етіп отыратын сенімді адамдар болады. Олар дінімізді ойдан шығарылған әртүрлі наным-сенімдер мен дүмшелердің қате көзқарастарынан тазартып, дінді қорғап отырады»... Мұсылмандар  Мұхаммед ибн әбд әл-Уаххабты өзіне дейінгі көптеген оқымыстылар тәрізді қарымды дін қайраткері , тамаша теолог деп біледі. Мұсылмандардың арасында адасу етек алған кезде, дінді бұрмалаудан арашалап қалып, оның бірден-бір жанашыры болғандықтан ғана оның есімі тым танымал болып кетті. Әрине, оған дейін өмір сүрген талай оқымыстыларға қалай қарасақ, Мұхаммед ибн әбд әл-Уаххабтың пікірлерін де сын көзімен сараптай білуіміз қажет. Бір оқымысты осылай деді екен деп оның соңынан көзсіз ілесуді шариғат ешқашан қостаған емес. Әр нәрсені байыптай білмесек, Құран мен пайғамбарымыздың қадистерінде айтылған ақиқаттан адасып кетеріміз анық.»

Орыс тілінен аударған Жанай Жауғашар.

Кітаптың Нармина Алиева орысшаға тәржімалаған  толық  нұсқасын мына сайттан оқи аласыздар: http://sunna-press.com/files/books/Mif_vahhabizma.pdf

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2112
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1628