Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2840 0 пікір 3 Сәуір, 2013 сағат 06:22

Бас мүфти – ірімейік, бірігейік

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Германияның Алматыдағы бас консулы Михаэль Грауды қабылдады.

Бас мүфти қонаққа қазақ даласына Ислам дінінің келу тарихын, елдегі діни ахуалды баяндап берді. Михаэль Грау Ержан қажы Малғажыұлын жаңа қызметімен құттықтап, сұхбат барысында: «Діни басқарма діни ағымдармен қалай күреспек?» - деп сауал тастады. Бас мүфти байсалды үнмен байыпты жауап қайырды: «Исламда зорлық жоқ. Құранда Алла тағала осылай деген. Біз өзгелерді күштеп дінге әкелмейміз немесе өз мәзһабымызды ұстануға мәжбүрлемейміз. Асыл дініміз Исламдағы дәстүрлі бағытымыз - Әбу Ханифа мәзһабы - демократиялық принциптерге негізделген жол. Ол - біздің дәстүрімізбен, салтымызбен бітеқайнасып кеткен мәзһаб. Діни басқарманың дін саласындағы рөлі - бөлшектеу емес, біріктіру. Мұсылмандарды мүфтият төңірегіне топтастыру. Ауызбіршілікті арттыру. «Ірімейік, бірігейік» деген ұран тастап, ынтымаққа үндейміз. Мүфтият - жазалаушы орган емес. Күштеу, мәжбүрлеу - дінімізге жат. Біз кез-келген дін өкілімен диалог жасауға мүдделіміз. Түсіндіру, насихат айту, үлгі болу - мақсатымыз. Ұр да жық мінез - мұсылманға, дін өкіліне жараспайды».

Михаэль Грау Бас мүфтиге салихалы сұхбаты үшін алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2111
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2524
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1626