Сенбі, 18 Мамыр 2024
1254 0 пікір 28 Ақпан, 2023 сағат 11:38

Риддер ЖЭО-да тағы да апат болды

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да апат болды.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жылу электр орталығындағы апат 28 ақпанда сағат 3.45-те болған.

«№1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілді. Ал, сол уақытта №3 және №4 қазандық қана жұмыс істеп тұрды. Қазір №2 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталып, ол іске қосылды. №1 қазандық та қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр», - дейді шаһар басшысы Дмитрий Горьковой.

Еске салсақ, 5 қараша күні сағат 20:00-де Риддердегі ЖЭО-да күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Соның салдарынан 22 мыңнан астам абонент үшін жылу беру азайтылды.

Риддер тұрғындары ЖЭО-ны коммуналдық меншікке қайтару туралы петиция жазды.

Қаңтар айының аяғында орталық иесінің ауысқаны белгілі болды.

16 ақпан күні Риддердегі төтенше жағдай режимі алынып тасталған болатын.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2137
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1650