Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2925 0 пікір 2 Сәуір, 2013 сағат 10:27

Алматыда 2012 жылдың үздік кәсіпкерлері анықталды

«GE Logistics» компаниясының құрылтайшысы Исламбек Салжанов Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниясының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері - 2012» (Entrepreneur Of The Year Award) халықаралық байқауының «Экономикалық интеграцияны дамыту» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

2013 жылғы 29 наурыз күні Алматы қаласында өткен 2012 жылдың үздіктерін марапаттау рәсімінде «Жыл кәсіпкері - 2012» ұлттық кезеңінің жеңімпазы («AB Restaurants» ЖШС Басқарушы директоры - Асқар Байтасов) мен 5 аталым бойынша үздік бизнесмендер анықталды.

Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы компаниялардың қаржылық айналымның өсу динамикасы мен табыстың артуы сияқты көрсеткіштермен қатар, кәсіпкерлік талант, жаңашылдықтың дәрежесі мен кәсіпкердің беделі сынды сапалық көрсеткіштерге де мән берді. Байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы (құрамында - Ульф Вокурка, Қайрат Мәжібаев, Анатолий Попелюшко, Питер Хауз, Джон Эдвардс сынды беделді қаржыгерлер мен кәсіпкерлер бар), - «Ақтық сынға шыққан кәсіпкерлердің әрқайсысы өз саласында керемет табыстарға қол жеткізді. Дегенмен, бізді тәнті еткені - олардың мұнымен тоқтап қалмай бизнестерін одан әрмен қарай жан-жақты дамытуға деген орасан зор талпыныстары» деді.

«Бизнестегі ең басты құндылық - адамдар, ал қалған технологиялар мен инвестицияларды компанияның сауатты құрылған даму стратегиясы арқылы тартуға болады. Біздің негізгі активтеріміз - 20 жылдық кіршіксіз таза беделіміз, жинақталған білім мен зор тәжірибе, тұтынушыларымыз мен әріптестеріміздің сенімі», - дейді «Экономикалық интеграцияны дамыту» аталымы бойынша жеңімпаз атанған «Алтын Қыран» компаниялар тобының Бас директоры Исламбек Салжанов.

Анықтама үшін:

«Алтын Қыран» компаниялар тобы (негізін салушы - Исламбек Салжанов) мұнай өнімдерінің (экспорт-импорт) көтерме саудасымен, теміржол көлік-логистика қызметінің (оның ішінде, жеке теміржол паркін жалға беру) барлық түрімен, Ақтау қаласындағы халықаралық теңіз сауда портында мұнай өнімдерін қабылдап, сақтап, ауыстырып құятын жоғары технологиялы терминал салу және оны пайдалану, булау және теміржол цистерналарын жуу цехы мен вагондар тұрағы бар заманауи вагон-жөндеу депосын салу және пайдалану сияқты бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Болашақта «Алтын Қыран» сыртқы нарыққа шығып, бәсекеге қабілетті халықаралық компанияға айналу арқылы ұлттық экономикаға барынша пайда әкелу жағын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

«GE Logistics» ЖШС-і («Алтын Қыран» компаниялар тобының құрамына енеді) жеке теміржол паркін пайдалану арқылы теміржолдағы көлік-экспедиторлық қызмет түрін ұсынумен айналысатын Қазақстандағы жетекші компаниялардың бірі.

«Алтын Қыран» компаниялар тобының

баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624