Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3770 0 пікір 2 Сәуір, 2013 сағат 10:14

«Қазақстанды таныту» тележобасы

2013 жылғы 2 сәуір, Астана

 

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаcы болып саналатын «Қазақстанды таныту» телевизиялық жобасының тұсаукесері өтті.

«Қазақстанды таныту» жобасының идеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарымен 2012 жылғы желтоқсандағы кездесуінен кейін пайда болды. Сол кезде Президент журналистермен бейресми кездесуде: «Қазіргі жастарға біздің халқымыздың бірегей тұрмысы мен мәдениетінің сипатын қалай ашып, көрсетуге болады? Телевизия арқылы ұсынылатын айрықша жобалар арқылы іске асыруға болады деп ойлаймын. Ал мұны түсінікті тілмен және заманға лайық форматпен жасау қажет» деп атап өтті.

«Қазақстанды таныту» тележобасы қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы туралы баяндайтын, екі минуттан аспайтын он бейнероликті қамтитын топтама түрінде ұсынылған. Олар Наурыз мейрамы күндері «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» агенттігі» АҚ телеарналарында көрсетіле бастады.

Бейнероликтердің өзіндік ерекшелігі - оларда көркем бейнетүсірілім мен графиканың, көрнекі арнайы эффектілер мен айтулы фактілердің үйлесім табуында.

2013 жылғы 2 сәуір, Астана

 

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаcы болып саналатын «Қазақстанды таныту» телевизиялық жобасының тұсаукесері өтті.

«Қазақстанды таныту» жобасының идеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарымен 2012 жылғы желтоқсандағы кездесуінен кейін пайда болды. Сол кезде Президент журналистермен бейресми кездесуде: «Қазіргі жастарға біздің халқымыздың бірегей тұрмысы мен мәдениетінің сипатын қалай ашып, көрсетуге болады? Телевизия арқылы ұсынылатын айрықша жобалар арқылы іске асыруға болады деп ойлаймын. Ал мұны түсінікті тілмен және заманға лайық форматпен жасау қажет» деп атап өтті.

«Қазақстанды таныту» тележобасы қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы туралы баяндайтын, екі минуттан аспайтын он бейнероликті қамтитын топтама түрінде ұсынылған. Олар Наурыз мейрамы күндері «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» агенттігі» АҚ телеарналарында көрсетіле бастады.

Бейнероликтердің өзіндік ерекшелігі - оларда көркем бейнетүсірілім мен графиканың, көрнекі арнайы эффектілер мен айтулы фактілердің үйлесім табуында.

- Бейнероликтер тақырыптары халқымыздың өмірінің айшықты тұстарын танытуға арналған. Бұл роликтер, шын мәнінде,  еліміз үшін мақтаныш сезімін оятатын қазақтың ұлттық брендтері туралы, - деп атап өтті жобаның тұсаукесерінде «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова.

- Бұл жоба ең алдымен, жастарға арналған, ол қазақ халқының ұлттық және мәдени бірегейлігін танытады. Біз дәстүрге айналған, баршаға таныс дүниелерді басқа қырынан, заманауи тұрғыдан көрсетуге тырыстық. Бұл бейнероликтер жастар үшін қызықты болар деген үміттемін, - деді «Хабар» агенттігі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Алмагүл Ахметжанова.

Роликтерде қамтылған тақырыптардың бәрі кез келген аудитория үшін қызықты әрі танымдық мәні бар:

  • Асық ату ойынының тәртібі;
  • Қазақ тілі (тарихы мен жазбасы, байлығы мен бейнелілігі);
  • Музыкалық аспаптар және шығармашылық (домбыра жасау үрдісі; қобыздың ерекшеліктері; айтыс өткізу тәртібі);
  • Қазақ күресінің тарихы мен ережелері;
  • Тазы тұқымының ерекшеліктері;
  • Ұлттық әшекей түрлері;
  • Ер жетуге байланысты мерекелер;
  • Қымыз дайындау және оның шипалылық қасиеттері.

Роликтегі басты рөлдерге кино және спорт жұлдыздары түсті. Қазақ балуаны, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев ұлттық күрестің айрықша қуаты мен айбарын танытса,  актриса Бибігүл Сүйіншәлина қазақтың ұлттық әшекейлердің өзгеше тартымдылығы мен әсемдігін паш етті.

- Әшекей түрлерін баршаға кеңінен таныстыруыма мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын. Бұған дейін олардың соншалықты әсемдігіне мән бермеппін. Зергерлік өнеріміз өзіндік ерекшелігіне қарамастан осы кезге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ деп санаймын. Олар қазақ қызының ажарын ашып, терең талғамын танытады, - деді өзінің жобаға қатысуы туралы лебізін білдірген Б.Сүйіншәлина.

Асық туралы роликті түсіру барысында кәдімгі қала балалары ауыл балаларының арасына барып, асық ойынының әдіс-тәсілдерін меңгерсе, мыңнан астам музыкалық аспап жасаған шебер Мұса Әділов домбыра туралы роликтің басты кейіпкеріне айналды. Мұса домбыра жасаудың қыр-сырымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Қазақ тілі туралы бейнероликте қазақ тіліне қызығушылық танытып, мемлекеттік тілді оқып-үйренуге шақырған алматылықтар көрініс тапқан. Роликте қазақ жазба тілінің дамуының төрт кезеңі қысқа да нұсқа түрде баяндалған, Александр Пушкин, Уильям Шекспир және Мұхтар Әуезовтің сөз қолданыстары салыстырыла отырып, қазақ тілінің байлығы мен тереңдігі ашып көрсетілген. Сонымен бірге, ер адамның жас ерекшеліктерінің он бес түрде айтылуын ерекще айшықтап көрсету қазақ тілінің көпқырлылығын аңдатады.

- Бұл роликті көрген көрермендер, ең алдымен, жастарымыз, қазақ тілінің даму барысын, оның өзіндік ерекшеліктерін тани түседі, ең бастысы, қазақ тілінің өміршең және жан-жақты да бай тіл екеніне көз жеткізеді деп үміттенемін, - деді жобаның консультанты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжан.

Бейнероликтер жыл бойы «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна», Kazakh TV, 24KZ, «Бiлiм» телеарналарынан көрсетіледі. Сонымен бірге, оларды жобаның ресми Youtube арнасынан тамашалауға болады, ал фотоматериал мен тақырыптық суреттер Flickr фотохостингінде орналастырылған.

«Қазақстанды таныту» жобасы халықтық жобаға айналады деп жоспарланып отыр. Таяуда жалпы жұртшылықтың қатысуымен Отанды сүю тақырыбына арналған бейнеконкурс басталмақ. Қатысушылар 90 секундтық дербес қысқа бейнероролигінде өзінің туған өлкесімен, оның көрікті жерлерімен, тағдыры қызық тұлғаларымен және айрықша дәстүрлерімен таныстырады. Яғни, өз Отанына сүйіспеншілігін танытып, әлемнің Қазақстанға ықыласын оятатын нәрсенің бәрін қамтиды.

 

Анықтама

«Қазақстан» РТРК» АҚ туралы

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Мәдениет» және «Балапан» телеарналары, Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосы және өңірлік телерадиокомпаниялар кіреді.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы отандық телевизияның алғашқы қарлығашы ретінде 1958 жылы ірге көтерген. Бүгінде бұл телекомпания ойын-сауық бағдарламаларын жасау мен деректі фильмдер және көркем кинотуындылар көрсетілімі бойынша алдыңғы қатарда келеді.

Телеарна өз жобаларын әзірлеу жағынан да көш басында, олар жалпы таратылымның 87 пайызын құрайды. «Намыс дода» спорттық ойын-сауық бағдарламасы, сондай-ақ, «Екі жұлдыз» музыкалық шоу бағдарламасы сияқты жобаларда әлемге белгілі медиа-франшиздер қолданылады. УЕФА чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасы ойындарының, тағы басқа спорт сайыстарының көрсетілуі телеарна көрермендерінің қатарын көбейте түседі..

Арнаның жетістіктерінің бірі мемлекеттік тілді насихаттауда және кең қолданысқа енгізуде медиа кеңістікке қатысушылар арасында өзгелерден озық тұруы болып саналады. 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасы 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшті. Телеарна жоғары кәсіби деңгейдегі дубляж студиясын да ерекше мақтан етеді. Тек 2012 жылдың өзінде ғана 1000 фильмге дубляж жасалды.

«Хабар» агенттігі» АҚ туралы

Бүгінде «Хабар» агенттігі - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын бес арнаны қамтитын телешаңырақ. Олар - «Хабар» және «Ел арна» республикалық телеарналары, Kazakh TV ұлттық спутниктік телеарнасы, сондай-ақ тәулік бойы хабар тарататын 24KZ ақпараттық телеарнасы мен тұңғыш «Бiлiм» ағартушылық телеарнасы.

Таратылатын хабарлардың 75 пайызы өзіндік бағдарламалардан, соның ішінде сериалдардан, көркем және деректі фильмдерден тұрады. Биылғы көктемгі маусымда агенттіктің телеарналарында бірқатар жаңа тележобалар пайда болмақ.

Атап айтқанда, «Хабар» арнасында жаңа documentary форматында «Арнайы Хабар» бағдарламасы, «Менің жерім» және «Патриот» тележурналдары көрсетілуде. Сондай-ақ, «Бюро расследований», «Орталық Хабар» жобалары ел назарын аударып отыр.

«Ел арна» телеарнасында қазақстандық жұлдыздар қатысатын «Фобия» реалити-шоуы, «10 поводов влюбиться» жастарға арналған ойын-сауық бағдарламасы кеңінен танымал.

24KZ арнасында тәулік сайын «Жаңалықтар» бағдарламасының 48 шығарылымы мен ақпараттық-тақырыптық бағдарламалардың 70 шығарылымы эфирге жол тартады. «Білім» арнасы эфирінен жаңа білім беру бағдарламалары насихатталады. 2013 жылғы ақпаннан бастап Kazakh TV арнасы жаңаша графикалық безендіріліп шығарыла бастады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2110
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2217
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625