Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3109 0 пікір 2 Сәуір, 2013 сағат 10:02

«Қазақстан Барысы»: іріктеу кезеңі жалғасуда

Қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу аймағы еліміздің бар облысында жалғасуда. Бүгінге дейін  екі мыңнан аса ауылдық елді мекендерден 100 мыңға жуық балуандар іріктеу додасына қатысып үлгерген. Бұл  - ұлттық күресімізге қызығушылар қатарының тым қалың екенін тағы бір дәлелдей түссе керек. «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі назарларыңызға ауыл-аймақтарда өткен белдесу қорытындыларын ұсынады.

Жамбыл облысы

Былтырғы «барыс» Бейбіт Ыстыбаевтың туған жері Жамбыл облысында «Қазақстан барысы» додасына іріктеу кезеңі сәтті аяқталды. Мұнда қазақ күресінен бағын сынағысы келетіндер қатар өте көп екен. Жуалы ауданындағы  16 селолық округтен жалпы есебі 116 балуан жеңімпаз атануға тырысты. Талас ауданында чемпиондыққа таласқандар саны 235-ке жетті. Қордай ауданының 146 балуаны іріктеу айналымына қатысып, «Қазақстан барысы» атануға үміттілердің еліміздің әр түкпірінде жүргенін тағы бір дәлелдеді.

Жуалы ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

«Түйе балуан» - Ринат Мұқымов

ІІ орын - Нұрсұлтан Райқұлов

ІІІ орын  - Ринат Дүйсебаев

Талас ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Айдос Теңгебаев, Тілек Құдайбергенов, Наурыз Кеңесбеков

Қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу аймағы еліміздің бар облысында жалғасуда. Бүгінге дейін  екі мыңнан аса ауылдық елді мекендерден 100 мыңға жуық балуандар іріктеу додасына қатысып үлгерген. Бұл  - ұлттық күресімізге қызығушылар қатарының тым қалың екенін тағы бір дәлелдей түссе керек. «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі назарларыңызға ауыл-аймақтарда өткен белдесу қорытындыларын ұсынады.

Жамбыл облысы

Былтырғы «барыс» Бейбіт Ыстыбаевтың туған жері Жамбыл облысында «Қазақстан барысы» додасына іріктеу кезеңі сәтті аяқталды. Мұнда қазақ күресінен бағын сынағысы келетіндер қатар өте көп екен. Жуалы ауданындағы  16 селолық округтен жалпы есебі 116 балуан жеңімпаз атануға тырысты. Талас ауданында чемпиондыққа таласқандар саны 235-ке жетті. Қордай ауданының 146 балуаны іріктеу айналымына қатысып, «Қазақстан барысы» атануға үміттілердің еліміздің әр түкпірінде жүргенін тағы бір дәлелдеді.

Жуалы ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

«Түйе балуан» - Ринат Мұқымов

ІІ орын - Нұрсұлтан Райқұлов

ІІІ орын  - Ринат Дүйсебаев

Талас ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Айдос Теңгебаев, Тілек Құдайбергенов, Наурыз Кеңесбеков

Қордай ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Ғалымжан Пахрадин, Ержан Тұрарбай, Батыржан Арқабай

Шу ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Нұрлан Сауранбаев, Нұрлан  Рүстем Медетов, Нұрлан Тінәлиев

Алматы облысы

Оңтүстік өңір балуандары да «Қазақстан Барысының» келесі айналымына өту үшін барын салуда. Талғар ауданында 12  елді мекеннен жиналған 24 балуан сынға түссе, Райымбек ауданына қарасты 23 елді мекеннің хас батыралары шын мықтыны анықтады.

Ақсу ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Қайыржан Сүлейменов, Мақат Дәуітжан, Бейбіт Сәбитұлы

Балқаш ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

І орын  - Абай Әлімхан (Бақанас елді мекені)

ІІ орын  - Айдар Ербуаев

ІІІ орын  - Қанат Сүлейменов

Сарқан ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

«Сарқан барысы» - М. Кенжебаев, Б. Қасенов, Ж. Төлеухан, А. Түркебаев

Ұйғыр ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

І орын -  Арман Шабарбек (Шонжы)

ІІ орын  - Дархан Нұрпейісов (Шонжы)

ІІІ орын - Дамир Сыдықов (Үлкен Ақсу), Ернар Ауылбеков (Сүмбе)

Райымбек ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

І орын - Думан Сағындықов (Кеген)

ІІ орын  - Алғазы Нұрсұлтан

ІІІ орын  - Айбек Берікбаев

Думан мен Алғазы облыстық сында аудан намысын қорғайтын болады.

Панфилов ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

А. Қожамжаров, Ж. Қожақанов, Д. Нұрсалын және Н. Ибрагимов

Текелі қаласындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

«Түйе балуан»  - Бауыржан Құттымбетов

ІІ орын - Бақытжан Құттымбетов

ІІІ орын  - Қуаныш Аязбаев, Айдос Жүрбаев

Бір қызығы, Текелідегі «Түйе балуандар» айқасының финалына ағайынды Құттымбетовтер шығып, Бақытжан ағасы Бауыржанға жол берді.

Қапшағай қаласындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

І орын  -  Ернар Ғайниұлы (Шенгелді елді мекені)

ІІ орын  - Дамир Күзембаев (Қапшағай)

ІІІ орын  - ағайынды Арбағұловтар (Қапшағай)

Ескелді ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

І орын  - Алмаз Махонов

ІІ орын  - Ернар Ермек

ІІІ орын  - Сырым Шаймерденов

Алакөл ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

І орын  - Жігер Сәкенұлы

ІІ орын  - Олжас Қайратұлы

ІІІ орын  - Ернар Айтов, Тимур Қаркетеров

Еңбекшіқазақ ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Н.Жолтаев, Б.Ысқақов, А.Итжанов и И.Рожабов

Қостанай облысы

Еліміздің астықты өңіріндегі балуандар да «Қазақстан Барысына» іріктеу сынынан шет қалған жоқ. Ұзынкөл ауданында өткен іріктеу туры көрермендерін жалықтырған жоқ. Финалда белдескен екі спортшының жас айырмашылығы тым алшақ болатын. 1996 жылы туған Абай Қаратай 1964 жылы дүниеге келген Қират Баққоновты таза жеңіп, жанкүйер сүйіспеншілігіне бөленді. Ал үшінші орын Федоров селосының өкілі Нұрсұлтан Қозовтың еншісінде.

«Жітіқара жалыны» деген атпен Қостанай облысының Жітіқара ауданында өткен іріктеу туры да жаңа үміткерлердің есімін анықтады.  Е. Жақсыбаев, А. Тасмұхамбетов, С. Білезбаев және А. Құлбаевтар аудан атынан облыстық сында бәсекеге түседі.

Таранов ауданында Талғат Жиентаевқа тең келер ешкім болмады. Сейтен Дубонов екінші, Александр Кулик пен Виталий Лазаревтер үшінші сатыда.

Маңғыстау облысы

Алыстағы Маңғыстау өңірі де «Қазақстан Барысына» үкілеп қосатын балуандарын анықтау үстінде.

Қарақия ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

І орын  - Бауыржан Нұрғазиев

ІІ орын  - Асылбек Демесінов

ІІІ орын  - Фархат Гимади

Жаңаөзен қаласындағы Р. Өтесінов атындағы спорт сарайында «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу сынын тамашалауға келген көрермен санында шек болған жоқ. Ал, тартысты өткен белдесулер нәтижесіде 90  келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі Қ. Ибанов пен М. Сыдықовтың шын мықты екендері мойындалды.

Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеде өткен іріктеу сынында Т. Бүркітбаев пен А. Құлбарақ жеңімпаз атанса, Ақтау қаласының «Түйе балуаны» болып Мереке Бекешов танылды. Маңғыстау облысы «Қазақстан Барысы» додасына іріктеу кезеңінің екінші айналымын алғаш болып аяқтаған облыс.

Ақмола облысы

Облысқа қарасты Еңбекшілдер ауданында екінші турдың жеңімпазын анықтау үшін жалпы есебі 80 балуан қатысып, Нұрлан Хоқ пен Нәби Ермағамбетовке тең келер ешкім болмады.

Ақкөл ауданындағы іріктеу сынында Азат, Кеңес, Жалғызқарай, Новорыбинка, Киров, Калинин елді мекендерінен жиналған  76 балуан бақ сынап, Абылайхан Маратов пен Қазыбек Сүлейменовтер тұғыр биігіне көтерілді.

Целиноград ауданындағы  іріктеу сынының жеңімпаздары:

І орын - Қайрат Жалтенов (Ақмола елді мекені)

ІІ орын  - Хамзат Жанғожинов (Қараөткел елді мекені)

ІІІ орын  - Саян Шәріп (Ақмола елді мекені)

Егіндікөл ауданындағы  іріктеу сынының жеңімпаздары:

74 келі: Азамат Сарыбек

85 келі: Мейрамбек Әбдірахманов

90 келі: Қазыбек Хамзин

+ 90 келі: Мақсат Топалов

Жарқайың  ауданындағы  іріктеу сынының жеңімпаздары:

І орын  - Серік Айтжан (Державинск елді мекені)

ІІ орын  - Дидар Аяжанұлы (Державинск елді мекені)

ІІІ орын  - Әсет Әбілдинов (Тассуат елді мекені)

Сандықтау  ауданындағы  іріктеу сынының жеңімпаздары:

І орын  - Нұржан Дартаев

ІІ орын  - Шәміл Омаров

ІІІ орын  - Алман Қоңырбаев

Астрахань  ауданындағы  іріктеу сынының жеңімпаздары:

82 келі: О. Жұмабеков (Жалтыр елді мекені),

90 келі:  Д. Елеуов

+90 келі: Н. Есімбетов

Оңтүстік Қазақстан облысы

Ордабасы ауданында «Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу сынының екінші кезеңі өте сәтті аяқталды. 138 балуан қатысқан қызықты әрі тартысты белдесулерде  Әділжан Ыстыбаев пен Бақыт Көлбай жеңіске жетті. 2011 жылғы «Қазақстан Барысы» Бейбіт Ыстыбаевтың тегі бірдей Әділжанның аяқ алысын енді облыстық сында байқаймыз.

Ал, Сайрам ауданында 98 балуан бас қосып, облыстық сынға берілер жолдамаға таласты. Нәтижесінде, А. Шағараевқа «Түйе балуан» атағы бұйырды.

 

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс балуандары «Қазақстан Барысында» сәтті өнер көрсетіп келеді. 2011 жылы Шалқар Жолманаов қола медаль алса, былтыр аталған балуан «Қазақстан Барысы» додасының күміс белбеуіне ие болды. Айбек Нұғымаров 2012 жылы жартый финалда сүрініп, қола белбеу үшін айқаста барын салды. Шығыстың шын мықтылары  - Шалқар мен Айбек іріктеу айналымының үшінші кезеңінде сынға түседі. Ал өзге балуандардың биыл аянып қалмайтыны хақ.

Үржар  ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Дәулет Махабаев, Ербол Байбосынов

Ұлан ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Сержан Төлебаев, Елдар Райымбеков

Жарма ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

М. Болатханов, В. Антвинов

Күршім ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Саят Қайырбеков, Алмас Сәбетханов

Аягөз ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Қайрат Жаңатаев, Жанат Отаев, Мереке Еркешұлы

Қатонқарағай ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Арман Сарбасов, Әзілхан Ерқасымов, Абзал Балтабаев

Курчатов қаласындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Е. Мырзахметов, Т. Тілеуұлы, Е. Мұхтариман

Бородулиха ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Дамир Байғұлов, Серік Нұрбергенов,Бауыржан Зайкенов, Мұсылманбек Қажымұқанов

Зырянов ауданындағы іріктеу сынының жеңімпаздары:

Сәтиев, Қалымханов және Жансақов

 

Аталған балуандардың барлығы да облыстық бәсекеде бақ сынайды. Облыстық іріктеу турнирі сәуірдің аяғында бастау алып, ақтық сынға қатысатын үздіктер есімі мамыр айында белгілі болады. Қазақ күресінен Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» жобасына іріктеу турнирін ұйымдастыру «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп өткізілуде.

«Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2111
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2524
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1626