Сенбі, 18 Мамыр 2024
1684 1 пікір 24 Ақпан, 2023 сағат 16:27

СҚО-да ІІМ жоғары лауазымды қызметкері ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Берік Біләлов ұсталды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Біләловтың қамауға алынғанын растап, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы болғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлерінің қатарында болмағаны хабарланды.

Дереккөздердің мәліметінше, Біләлов 40 млн теңге пара алғаны үшін ұсталған. Алайда, бұл әлі расталған ақпарат емес.

Біләлов 2022 жылдың қараша айынан бастап СҚО ҚАЖД бастығының міндетін атқарды, оған дейін 2019 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін Ақмола облысының полиция департаментін (ПД) басқарды, одан ертерек – 2014 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың сәуіріне дейін СҚО ПД бастығы болды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653