Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2898 0 пікір 2 Сәуір, 2013 сағат 04:26

Рахат Ахмет. Кім қалай азат етті?

Ұлттық бірыңғай Тестілеудің (Қазақстан тарихы бойынша) сұрақтарын шолып отырғынмын. Сөйтіп отырғанымды «Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданның 5-армиясының  жетекшісі» деген сұрақ шықты. Жауабын 11-ші сынып оқушыларының барлығы бірауыздан айта алады: М. Тухачевский. («Елімізді азат еткен батыр Тухачевский!»)

«Елімізді азат еткен батыр Тухачевский!» Бұл сөйлемнен сөзсіз Кеңес Империясының иісі аңқып тұр. Кеңес билігі келмеске кеткенмен, біздің тарихшылардың сірә, одан хабары жоқ сияқты. Мәселенің мәні мынада: Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстанды «ақ жауынгерлерден» «тазалап», бұл істі аса бір қанішерлікпен (!) тамаша атқарған кісі - шынымен де маршал Михаил Тухачевский. Алайда, Тәуелсіздігін жариялаған елімізге қатысты қазіргі таңда оны «азат еткен» Тухачевский деп абитуриенттер мен оқушылардың санасына құюдың қажеті қанша?! Өзіміздің батырларымыз бен қолбасшыларымыздың даңқын шығарудың орнына Сталиннің кезінде-ақ сатқындықпен айыпталып, өлім жазасына кесілген Тухачевский «ерлігінің» бізге не керегі бар?!

Оның үстіне, Тухачевский  "азат еткен" еліміздің солтүстігі мен шығысын бір кездері пана тұтқан   «ақтардың» атаманы адмирал Колчакты Ресейде «большевиктер террорының құрбаны» ретінде ақтау (реабилитациялау) жұмысы жүріп жатыр. Ал біз болсақ "ақ" пен "қараның" арасында әлікүнге адасып жүрміз. Аталған сұрақ ҰБТ емтихандарында да, оқулықтарда да кездесетіні жасырын емес. Осы ретте «балам, оқулықта солай жазылған, бірақ шынтуайтында олай емес...» деген екі ойлы, екі ұшты мағұламаттардан бізді кім «азат етер» екен? Тарихшыларымыз қайда?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624