Сенбі, 18 Мамыр 2024
2180 6 пікір 23 Ақпан, 2023 сағат 14:44

«Украинадағы соғысты жіті назарда ұстап отырмыз»

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Қазақстанның Украинадағы соғысты бақылап отырғанын, ол бойынша тиісті қорытынды жасалатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni.

«Әрине, барлық мемлекеттің қарулы күштері (Украинадағы соғысқа, – автор) талдау жасап, әскери қимылдардың қалай жүріп жатқанын бақылайды. Тиісті қорытынды шығарылады. Бір-біріне ұқсас қарулы қақтығыс болмайды, әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Сондықтан біз (Украинадағы соғысты, – автор) талдап, тиісті қорытынды шығарамыз. (Қазақстан Қарулы күштерінің, – автор) жауынгерлік дайындық бағдарламасына түзету енгіземіз», - деді вице-министр Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Сұлтан Қамалетдинов Украинадағы соғыстан кейін Қазақстан әскері дайындығына қандай өзгерістер енгізілгеніне де тоқталды.

«Біріншіден, біз ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондар) операторларымен жиын өткізіп, мұқият дайындықты бастадық. Себебі бұл әскери конфликтіде ұшқышсыз ұшу аппараттары барлауда және шабуыл жасауда қолданылып жатыр. Екіншіден, артиллерия. Зымыран әскерлерінің жиі қолданылатын жауынгерлік дайындығына да басымдық берілетін болды», - деді министрдің орынбасары.

 

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2315
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651