Сенбі, 18 Мамыр 2024
1854 1 пікір 23 Ақпан, 2023 сағат 14:36

Қазақстандықтардың қарызы – 1,1 трлн теңге

Биыл 3 наурызда Қазақстанда банкронттыққа өтінім қабылдау басталады. Бұл турады Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде 1 млн 180 мың қазақстандықтың 1 трлн 100 млрд теңгесі бар.

3 наурызда алғашқы өтінімдерді қабылдауды бастаймыз. Қызметкерлеріміз өңірлерге жіберіледі. Бұған дейін біз халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Банкроттықты рәсімдеу қарызды кешіру әрі рақымшылық емес. Оның салдары болады, - деді Ержан Біржанов Сенаттың жалпы отырысында.

ске салайық, биыл 3 наурыздан бастап Қазақстанда банкроттыққа өтініш қабылдау басталады. Қарызын (несиесін) төлей алмай жүрген қазақстандықтар 3 түрлі рәсім бойынша кредитінен құтыла алады:

Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

Екінші рәсім – сот банкроттығы. Сот банкроттығының мақсаты – банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру.

Үшінші рәсім, бұл – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, онда сот арқылы борышты бөліп-бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігі.

Банкрот деп танылған адам 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп танылу мүмкіндігінен айырылады. Олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653