Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3948 0 пікір 1 Сәуір, 2013 сағат 10:46

Мақсат Нұрыпбаев. «Барым осы, бауырлар!»

«Діни экстремизммен күрес дінмен күреске айналмасын...»  http://old.abai.kz/content/maksat-nyrypbaev-dini-ekstremizmmen-k-res-dinmen-k-reske-ainalmasyn,  «Діни экстремизммен қалай күресіп жатырмыз?» (жалғасы) http://old.abai.kz/content/maksat-nyrypbaev-dini-ekstremizmmen-kalai-k-resip-zhatyrmyz-zhalgasy атты мақала шыққаннан кейін телефон шалып «Мақсат, сен салафитсің бе?», «Вахабистерді қолдап жатырсың ба?» деген сұрақтар қойылып, Facebookта «Мақсат салафит екен», «Автордың салафизмге бүйрегi бұратыны аңғарылып қалды»  деген сияқты коменттер жазылып жатыр. Сол бауырларыма айтарым мынау. Бұл бірақ менің ақталуым емес!

Құрметті бауырлар, Әлхамдулиллах, мен - мұсылманмын. Исламды салафит, вахабит, суфис тағы басқа деп бөлуге мүлде қарсымын. Кез-келген мұсылманның міндеті Құранды ұстану, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) жолымен жүру деп түсінемін. Әрине, кез келген тіл сол тілді ұлттың мәдениетін, рухани құндылықтарын тасымалдаушы құрал. Сондықтан араб тілінде Құран оқып, араб тілінде білім алған азаматтар араб мәдениетінің, ұлттық идеологиясының бір бөлшегін алып келеді. Жалпы қазақ тіліне енген араб сөздері де аз емес.

Десек те Исламның өзін қазақ ұлтының мүддесіне, ұлттық ерекшелігіне, менталитетіне, тарихына, тіліне, өмір сүру дәстүріне сай қабылдау керек деген ойдамын. Себебі Алланың өзі адамдарды ұлтттарға, руларға бөліп жараттым деген. Әл-Хужурат сүресі (араб.: سورة الحجرات‎ ) (Бөлмелер) Қасиетті Құран Кәрімнің 49-ші сүресі, 18 аяттан тұрады.

"Әй адам баласы! Шүбәсыз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы. (49:13)"

Мақаланы оқи отырып ең алдымен бүгінгі әлемдік геосаясаттың бағыт-бағдары мен оның біздің елге, қазақ баласына тигізер әсеріне мән берсеңіздер дегім келеді. Өйткені бүгін елеусіз сияқты көрінген нәрселер ертең үлкен жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қазір діни, ислами  білім алушылар араб мәдениетін, АҚШ-та, Батыста білім алып келгендер батыстық  мәдениетті, олардың идеологиясын, көзқарасын, менталитетін әкелуде. Мемлекет ағылшын тілі мен орыс тілінің үстемдігін қолдап, алпауыт елдермен интеграция жасаймыз деп ұлттық құндылықтарды  тәрк етіп жатыр. Орыс тілінен қашып, латын әріпіне көшеміз дедік. Солай-ақ болсын... (бір державаның тілдік бодауынан шығып, екіншісіне кіргенде не ұтарымызды білмеймін) Ал ағылшын тілін бала бақшадан, бірінші сыныптан бастап оқытайық деп жатырмыз. Бұл барып тұрған мемлекеттік тілге, қазақ ұлтының мүддесіне, болашағына жасалған қиянат. Тілі орысша немесе ағылшынша шыққан баладан ұлтшыл, мемлекетшіл, өз отанын сүйетін азамат шығады дегенге сене алмаймын... Мен бұған да үзілді кесілді қарсымын.

Жалпы біздегі қазіргі білім беру жүйесі батыстық үлгіде болса, оны оқытатын оқулық кеңестік-ресейлік жүйеде жасалған. Бір жағынан білім беруге Болон жүйесін енгізіп жатсақ, екінші жағынан ресейлік оқулықтар мен әдістемелерді көп пайдаланамыз. Бір біріне қайшы осы екі жүйе еліміздегі білім берудің сапасын жоюмен қатар ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлау жүйемізді одан әрі бұзуда.   Қазір бүкіл қазақстандық ақпараттық кеңістікті Ресейдің саясаты жаулап алды. Интернет пен әлеуметтік желілер Батыс пен орыстың тілін, саясатын насихаттауда. Бұл түсіне білген адамға ең қауіпті экспансия.

Тегеурінді мемлекеттік ұлттық саясаттың, ұлттық идеологияның жоқтығы қазақтың ұлттық мүддесінің әлсіреуімен бірге қоғамдағы түрлі қайшылықтарды туғызуда. Алпауыт мемлекеттер Қазақстанның сыртқы ғана емес, ішкі саясатына, ақпараттық кеңістігіне, билік жүйесіне, қоғамдық институттарына мейлінше ықпал етуге тырысып бағуда және оның нәтижесі орасан зор.

Қазақ терең  тарихы, бай мәдениеті, көркем тілі, озық өнері бар ұлт. Мен ұлтшылмын. Ұлтымның, қазағымның мүддесі үшін еңбек етемін, тер төгемін.

Жалпы біз, қазақ баласы кімнің жау, кімнің дос екенін ажырата білуіміз керек. Қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды, қазаққа тек қазақ бауыр, дос, жанашыр деген ойды мықтап санаға сіңірген ләзім. Менің мақсатым - елге ой салу, шамам келгенше түсіндіріп бағу. Бұл менің ақылым тасып, елден артық болып кеттім деген сөз емес.  Әйтеуір «бақа сисе көлге сеп» деп, өзімше ұлтыма қызмет еткім келген түрім.    Менің өзім түсіне бермейтін мәселелер де аз емес, әсіресе мемлекетіміздің ұлт болашағы бағытында жүргізіп отырған саясаты. Сондықтан кемшіліктер кетіп жатса, бауырлық таза ниетпен сын тезіне саларсыздар деп ойлаймын.

Қалай десек те қазақ баласы басыңды көтер, сергек бол, бүгін өзің үшін, ертеңгі ұрпағың үшін есеңді жіберме. Өз жеріңде, өз мемлекетіңде құл болма. Әлемнің тоғызыншы көлемдегі жерін нәсіп еткен, ұшан теңіз байлығын берген Алла бізді сол тоғызыншы орындағы іргелі ел болсын деген шығар. Олай болса біз ұлт болып ұйып, бірімізді біріміз дінге, жерге, руға бөліп алаламай, жұмған жұдырықтай болып неге бірікпейміз?

Менің шыным да, барым да, болмысым да осы, бауырларым!

Мақсат Нұрыпбаев, заңгер, «Құқықтық Қазақстан үшін» ҚБ мүшесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 425
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 227
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 254
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 240